Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ақмола облысында емделуші емханадан 1,6 млн теңге өндіріп алды

Ақмола облысында емделуші емханадан 1,6 млн теңге өндіріп алды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақмола облысының тұрғыны аудандық емхана дәрігерлері қауіпті асқынуды уақытылы анықтай алмаған соң өтемақы өндіріп алды. Соның салдарынан ер адам ұзақ уақыт бойы жұмыс істей алмаған, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Шұғыл ауруханаға жатқызу және 1,5 литр ірің: не болды?

Сот мәліметінше, 2025 жылдың шілдесінде бір компанияда механизатор болып жұмыс істейтін Ақмола облысының Р. есімді тұрғыны бас ауруы, жөтел, мұрын бітелуі, дене қызуының көтерілуі және иығының сыздауына шағымданып, Целиноград аудандық емханасына жүгінген.

Бастапқыда дәрігерлер оған мынадай диагноздар қойған:

ЖРВИ, өткір назофарингит асқыну сатысындағы созылмалы бронхит, және полисегментарлы пневмония (өкпе тінінің бірнеше сегментін бірдей зақымдайтын қабыну).

Бірнеше күннен кейін ер адам емханаға қайта барған. Бұл жолы ол қолы мен иық буынының ауырғанына және ісінгеніне шағымданды.

Басқа дәрігер оған "ревматоидты артрит" диагнозын қойып, травматологқа баруды ұсынған.

Анықтама: Ревматоидты артрит - бұл иммундық жүйе буын тіндеріне зақым келтіретін созылмалы қабыну ауруы.

Травматолог С. иық буыны сіңірлерінің созылуы мен шамадан тыс күш түсуі деген диагноз қойған.

Алайда бір аптадан кейін ер адам Астанадағы ауруханалардың біріне шұғыл жатқызылды. Дәрігерлер оған сол жақ жоғарғы аяқ-қолының, жауырын үсті және асты аймақтарының флегмонасы диагнозын қойды.

Анықтама: Флегмона - бұл жұмсақ тіндердің жедел іріңді қабынуы, ол айналасындағы тіндерге тез таралуы мүмкін.

Пациентке шұғыл операция жасалып, шамамен 1,5 литр ірің сорып алынған.

Сарапшылар дәрігерлерден қандай қателік тапты?

Сарапшылар комиссиясының қорытындысына сәйкес, аудандық емхана дәрігерлері пациентті тексеру және емдеу кезінде қателіктерге жол берген.

"Сарапшылар диагноз уақтылы қойылмағанын, талдаулар мен зерттеулердің нәтижелері еленбегенін анықтады. Бұл гематоманың пайда болып, флегманың дамуына әкеліп, нәтижесінде хирургиялық араласуды қажет еткен және иық буынының қызметі бұзылған", - деп атап өтті Ақмола сотының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар комиссия медицина қызметкерлерінің әрекеті мен пациенттің денсаулығына келтірілген зиян арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтады:

"Пациенттің шағымдарына тиісті көңіл бөлінбеген, анамнезі үстірт жиналған, қойылған диагноз толық болмаған", - деп көрсетті мамандар.

Сот мәліметін бойынша, қате қойылған диагноз бен дұрыс емес емнің салдарынан ер адам ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыз болған.

Емханадан қанша өтемақы өндірілді?

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот пациенттің талап арызын ішінара қанағаттандырған. Целиноград аудандық емханасынан оның пайдасына моральдық зиян өтемі ретінде 700 мың теңге өндірілді.

Бұл ретте бірінші сатыдағы сот айырылып қалған жалақыны өтеу және емделу шығындарын қайтару туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

Ақмола облыстық сотының алқасы бұл шешімді қайта қарап, емханадан тағы 914 мың теңге айырылып қалған табысты өндірді. Сот ер адам ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық парағында болғанын ескерді. Жалпы сома шамамен 1,6 миллион теңге болды.

Пациентке дәрі-дәрмек шығындарын өтеуден бас тартылды, өйткені іс материалдарына сәйкес бұл шығындарды сақтандыру компаниясы өтейді.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

науқастар

Сот

Денсаулық

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:53
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 16:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары