Ақмола облысында полиция 600 ден астам көлікке жол бастап жүрді
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
16 ақпанда өңірде жаңбыр мен көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар автожолдың бірінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ауа райының күрт өзгеруі жол қозғалысын қиындатқан.
Бүгін патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Астана – Павлодар бағытындағы тасжолда 620 көліктен құралған колоннаны ұйымдастырып, қауіпсіз өткізді. Оның 220-сы жүк көлігі, 400-і жеңіл автокөлік.
Колонна қозғалысы басталар алдында жүргізушілерге жолда жүру тәртібі түсіндірілді.
16-17 ақпанда облыс жолдарында 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылып, жолдар тазартылып, көктайғаққа қарсы материалдар себілді.
Полицейлер жүргізушілерді сақ болуға шақырады. Температура ауытқығанда жол беті тез мұзға айналуы мүмкін. Осыған байланысты жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстану қажет.
Айта кетейік,Ақтөбе облысында ауа райына байланысты жол жабылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:77
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 14:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















