Ақмола облысында жол жөндеуге бөлінген 78 миллион теңге жоқ болып шықты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ақмола облысында бір ауылдың жолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі тергеліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына бөлінген 167,8 миллион теңгенің 78 миллионы басқа мақсаттарға жұмсалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
5,4 шақырым жолды жөндеуге 167 миллион теңге бөлінген
Прокуратура мәліметінше, 2023 жылы Бұланды ауданының ТҮКШ бөлімі мердігер ұйыммен Никольское ауылындағы ішкі жолдарды орташа жөндеуге келісімшарт жасаған. Учаскелердің ұзындығы 5,4 шақырым, ал жұмыс құны 167,8 миллион теңге болған.
Келісімшартты орындау мерзімі 2024 жылы желтоқсанда аяқталды. Осы уақытқа дейін мердігер 103 миллион теңге бюджет қаражатын игерген.
Тексеріс барысында іс жүзінде 78 миллион теңгенің жұмысы атқарылмағаны анықталған. Бұл қаражат жол жөндеуге қатысы жоқ мақсаттарға жұмсалғаны белгілі болған.
Іс арнайы прокурорларға берілдіАса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша Бұланды ауданы ТҮКШ бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым басшыларына қатысты соталды тергеу басталды.
Қылмыстық іс Ақмола облысының арнайы прокурорларына берілді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 16:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















