Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ақмола түрмесіндегі азаптау ісі: 12 қызметкер сотта жауап беріп жатыр

Ақмола түрмесіндегі азаптау ісі: 12 қызметкер сотта жауап беріп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Еске салайық, қылмыстық қудалау органының мәліметінше, ҚАЖК қызметкерлері Атбасар қаласындағы № 1 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты ҚК 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы «азаптау» бабы бойынша айыпталып отыр.

Келесі сот отырысы прокурордың бір сотталушыға қатысты «тыйым салынған тергеу әдістерін қолдану» жөніндегі жүргізілген тексеріс нәтижелерін жариялауынан басталды. Сотталушының айтуынша, оны қорғаушысыз куә ретінде сұрау кезінде Ақмола облысы прокуратурасының қызметкері тергеуге «жол бермегені» үшін «жабамын» деп қорқытқан. Осыған байланысты ол кейін өзін күдікті ретінде сұрау барысында да қысым болады деп қауіптенген. Алайда арнайы прокурор ер адамнан алынған жауап бейнетіркеумен және заң талаптарына толық сәйкес жүргізілгенін айтты. Прокуратураның мәлімдеуінше, тексеріс барысында қысым көрсету фактісі расталмаған.

Содан кейін сотталушылардан жауап алуға көшті. Солардың бірі 2023 жылдың тамыз айында № 1 мекеменің жедел уәкілі қызметін атқарған, бүгінде жұмыстан босатылған. Айыпты мойындамады. Сотталушының айтуынша, 2023 жылғы 21-нен 22 тамызға қараған түні мекемеге көпсанды сотталғандар легі жеткізілген. Ол сол уақытта постта тұрған. Оның сөзінше, автозак есігі ашылған сәттен бастап жаңадан келгендерге барлық тәртіп түсіндірілген, кейін олар рентгенге жеткізілген. Одан соң бәрін саппен асханаға алып барып, жеке-жеке тексеріп, карантин бөліміне орналастырған. Сонымен қатар ол кезде сотталғандарға заңсыз әрекет жасалмаған. Этап келмей тұрып, нақты кімдердің жеткізілетіні немесе оларға күш көрсету қажеттігі жөнінде ешқандай нұсқау болмаған. Сол уақытта сотталғандардың тарапынан да қандай да бір шағым түспеген.

22 тамыз күні де шағым болмаған. Сол күні прокурормен бірге мекемені аралау жүргізілген. Ал 23 тамызда тінту болып, сотталғандардың бөлмелері мен кереуеттері тексерілген. Сотталушы өз сөзінде карантин ғимаратына кірмегенін, бірақ алдыңғы күні келген сотталғандардың шағымданып жатқаны туралы естігенін айтты. Оның сөзінше, сотталғандар тәртіпке бағынбай, агрессивті әрекет көрсеткен. Оқиға болған сәтте де ол карантин бөлімінің ішінде емес, дәлізде тұрған. Арнайы құрал қолдану фактісін өз көзімен көрмегенін, тек кейін естігенін жеткізді.

Сот барысында сотталушыға бірқатар нақты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, «коридорда сотталғандарды айқайлап доклад жасауға мәжбүрлеу, біреуінің бетінен ұру, қолды оның киіміне сүрту, сондай-ақ басынан соққы беру фактілері жөнінде не айта аласыз?» деген сауал қойылды. Сондай-ақ оған «мекеме қызметкерлерінің сотталғандарға қол жұмсағанын көрдіңіз бе?» деп те сұралды.

— Ондай әрекеттер жасаған жоқпын, көрген жоқпын, — деп жауап берді айыпталушы.

Іс материалдары бойынша, оған бірнеше эпизод тағылған. Адвокаттың айтуынша, «шайхана» бөлмесінде екі сотталғанды ұрып-соғу, карантин бөлімінің бастығының кабинетінде «ынтымақтастық туралы» қолхат алуға мәжбүрлеу, бас тартқаны үшін басынан ұру, санитарлық торапта унитаз ішін жудыру секілді айыптар бар. Алайда сотталушы бұлардың ешқайсысын мойындамай, карантинге кірмегенін, сотталғандармен жанжалы болмағанын, неге өзін көрсеткендерін түсінбейтінін айтты.

Камералардың қағазбен жабылғанын да байқамаған.

Оқиғадан кейін аудан прокуроры арнайы құралдарды қолдану «заңды болды» деген қорытынды шығарған. Алайда бұл шешімді кейін облыстық прокуратура жойған.

— Тазалық жүргізуден бас тарту — арнайы құрал қолдануға негіз бола ма? — деп сұралды.

Сотталушы өз кезегінде бұл әкімшіліктің заңды талаптарына бағынбау, 60-бап… нақты тармағын есіне түсіре алмай тұрғанын айтты. 

Сонымен қатар айғақтарды қарау кезінде жедел-тергеу тобы қызметкерінде бейнежазбалар мен жүйелік дисктердің болмағаны анықталғандықтан, оны жауапқа шақырмаған — бұл бөлек тергеуді талап етеді.

Сондай-ақ әлеуметтік желіге тараған видеоны анықтаған Ақмола облысы прокуратурасының өкілі де жауап берді. Дегенмен оқиға өткеніне көп уақыт болғандықтан, егжей-тегжейлі мән-жайды есіне түсіре алмады. Видеоның 3 қыркүйек, жексенбі күні тіркелгені де сұрақ тудырды.

Бұған дейін, Ақмола Қылмыстық-атқару жүйесінің 12 қызметкерінің соты бойынша куәгерлерден жауап алынып жатқанын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 11:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары