Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Яна Легкодимова ісі: сотта айыпталушылардан жауап алынды

Яна Легкодимова ісі: сотта айыпталушылардан жауап алынды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Судья Зарема Хамидуллина төрағалық ететін сотта атышулы қылмыстық іс – Яна Легкодимованың өлімі бойынша тыңдалымдар жалғасуда. Отырыста айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовтан жауап алынды.

Хайржанов кінәсін мойындап, Янаның анасы мен елден кешірім сұрады.

– Кінәмді толық мойындаймын. Галина Юрьевнадан және Қазақстан халқының алдында кешірім сұраймын. Не істегенімді білемін, – деді ол.

Айыпталушы марқұмның телефонын ұрламағанын, оны жойғанын айтты. Тергеу деректері бойынша, ол айғақтар мен хат алмасуды жасыру үшін осылай істеген.

Сот залында Янаның анасы айыпталушыдан қызының не үшін өлтірілгенін сұрады. 

– Мен кешірім сұрадым, бірақ оны айтуға да ұяламын. Басқа қызбен қарым-қатынасымды аяқтағым келген, бірақ Яна өзіне қол салуы мүмкін деп қорықтым, – деп жауап берді бұған Хайржанов.

Ол өз әрекетін ештеңе ақтай алмайтынын мойындады.

Хайржанов тергеу кезінде берген айғақтарынан бас тартқандықтан, судья оның бұрынғы жауабын жария етті. Хаттамаға сәйкес, ол Атырау-Махамбет трассасында жанжал кезінде Янаны тұншықтырып өлтіргенін және денесін Талдыкөл өзеніне апарып, суға тастағанын айтқан. Хайржанов өз әрекетін аффект күйінде жасағанын, қорқып, жауапкершіліктен қашқанын түсіндірген.

Екінші айыпталушы Алтынбек Катимов та сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Сот оның тергеу кезіндегі айғақтарын да жариялады. Онда ол досының айтқанымен жүргенін және бәрін әзіл деп ойлағанын жеткізген. Катимов оқиғаның трагедиямен аяқталатынын күтпегенін, бірақ Янаның денесін өзенге апаруға көмектескенін мойындады.

Тергеу материалдарында Катимовтың телефонынан «Сергек» камераларының жазбалары қанша уақыт сақталатыны және кісі өлтіру үшін қандай жаза қарастырылғаны туралы іздеу сұраулары табылғаны көрсетілген. Бұл айғақтар да іске тіркелген.

Сондай-ақ тергеу Яна мен Хайржанов арасындағы хат-хабарларды айыпталушының өзі өшіргенін анықтаған.

Сот барысында жәбірленуші тарап істі ұйымдасқан топ құрамында жасалған, алдын ала келісілген, адам ұрлау және жасыру белгілерімен қайта саралауды талап етті. Прокурор істі қазіргі айыптау шеңберінде қарауды ұсынғанымен, сот өтініштерді кейін қарауға қалдырды.

Қазіргі уақытта айыпталушыларға алдын ала сөз байласу арқылы адам өлтіру, қылмысты жасыру, қылмысты хабарламау және мүлікті ұрлау баптары бойынша айып тағылған.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Абдил бұл қылмыс кездейсоқ жанжал емес, жүйелі сипаттағы әрекет екенін айтты.

– Біз прокуратураға наразылық жолдадық, себебі бұл істі ұйымдасқан топ құрамында жасалған адам өлтіру ретінде қайта саралау қажет деп есептейміз. Бұл Қылмыстық кодекстің 262-бабын — «ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу» бабын қосуды білдіреді, – деді ол.

Адвокаттың айтуынша, айыпты қайта саралау айыпталушылардың жағдайын ауырлатқанымен, оларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

– Біз дәл осындай жазаны талап етеміз, өйткені бұл қылмыс мағынасыз әрі ерекше қатыгездікпен жасалды, – деді Абдил.

Оның айтуынша, істі ашуда Янаның жеке күнделігі маңызды рөл атқарған.

– Тергеу бағытты дәл осы күнделік арқылы анықтады. Айыпталушылар еш жерде көзге түспеген, ал жазбалар камера жазбалары мен хат-хабар алмасулармен қатар басты дәлелдердің бірі болды, – деп түсіндірді ол.

Адвокат сонымен қатар моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап арыз берілетінін растады.

– Бұл заңмен көзделген. Сомасы қазір нақтылануда, талап сот процесі аяқталған соң ұсынылады, – деді Абдил.

Сот отырыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылдың қазан айында болған. 18 қазанда Яна Легкодимова Ризуан Хайржановпен кездесуге кеткеннен кейін жоғалып кетті. Тергеу мәліметінше, жанжал кезінде ол Алтынбек Катимовпен бірге қызды өлтіріп, денесін Талдыкөл өзеніне тастаған.

Янаның анасы іздеу жұмыстарын өз бетімен бастап, полицияға жүгінген. Екі күдікті ұсталғанымен, қыздың денесі тек сегіз ай өткен соң — 2025 жылдың маусымында Атырау маңынан табылды.

Бұл істі сот қарауына 2025 жылдың жазында жіберген. Бірінші тыңдалым 17 қыркүйекте өтті. 22 қазанда сотта айыпталушылар мен марқұм арасындағы хат-хабарлар, 23 қазанда Янаның күнделігі мен жасырын тергеу деректері оқылды. Прокурор биллинг пен байланыс мұнараларының деректерін де ұсынды.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 21:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары