Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Хасан Қасымбаевтың соты: айыпталушылар жауап беріп жатыр

Хасан Қасымбаевтың соты: айыпталушылар жауап беріп жатыр

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. "Хутор" тобына қатысы бар деген күдікпен ұсталған Хасан Қасымбаевтың сотында айыпталушылардан жауап алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Талғар аудандық сотында "Хуторға" қатысы бар деген күдікпен ұсталған Хасан Қасымбаевтың соты әлі де жалғасып жатыр. Бұл қылмыстық істе Қасымбаевпен қоса бес сотталушының ісі қаралып жатыр. Олар: Сайлау Ақтанов, Данияр Асқаров, Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков. Олар адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бопсалау баптары бойынша айыпталған. Сотқа шағымданған - Арман Әлімов.

Хасан Қасымбаевқа қандай айып тағылды

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2021 жылы маусымда сотталушылар аралас жекпе-жекпен айналысатын Арман Әлімовке қоқан-лоқы көрсеткен. Оны ұрып-соғып, ұрлап әкеткен. Прокурордың сөзінше, жанжалға Әлиевтің "Хасан Қасымбаев мен үшін авторитет емес" деген сөзі себеп болған.

Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Руслан Әлиевтен жауап алынды. Ол жәбірленуші Әлімовпен арадағы кикілжің тіпті дау тудыруға келмейтін, ер шекіспей бекіспейдінің кейпінде болғанын айтады.

"Адам ұрлау фактісі болған жоқ. Бетін маскамен жасырды дегеннің бәрі жалған. Ер жігіттер арасындағы болмашы кикілжің. Әлімовтің телефоны қолында болды. Звоноктар келіп, жайбарақат сөйлесіп отырды. Менің адам ұрлау фактісіне еш қатысым жоқ. Арман Әлімов Талғар қаласында атышулы есірткі сатқыш болған. Оны ұрып-соғып, бейнекамераға түсірді дегенге де келіспеймін. Қаншама куәгер келіп түсініктеме берді, бірде-біреуі Әлімовті ұрып-соққанымыз туралы айтқан жоқ", - деді сотталушы Руслан Әлиев.

Әлиевтің айтуынша, жәбірленуші Арман Әлімов көліктен өз аяғымен түсіп, сап-сау кеткен. Тіпті діттеген жеріне жеткізіп салу туралы ұсынысты да қабылдамаған.

"Мен Хасанды мүлдем танымаймын"

Ал екінші сотталушы Сайлау Ақтанов Хасан Қасымбаевты мүлдем танымайтынын айтты.

"Жазамды өтеп жүргенде маған Қасымбаевты танимын деп айт деп қысым көрсетілді. Тіпті Қарағандыдағы қатаң тәртіптегі түрмеге ауыстырып жіберді", - дейді Сайлау Ақтанов.

Ол Заречный ауылындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеген.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевпен бірге жауап алынып жатқан бес айыпталушының бесеуі де сотталып, түрмеде жазасын өтеп жүргендер.

"Шерзаттың оқиғасынан кейін прокуратура, ұйымдасқан қылмыспен күрес полициясының қызметкерлері менің қорғауымдағы айыпталушыларға, яғни жазасын өтеп жүрген сотталғандарға барып қысым көрсеткен. Қасымбаевқа қарсы айғақ берсеңдер, осы қылмысқа қатысы бар десеңдер жазаларыңды жеңілдетеміз деген. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды", - дейді бес сотталушының адвокаты Айдынғали Табылдиев.

Жәбірленуші Арман Әлімов бірнеше рет сотталған. Оған қатысты зорлық-зомбылық, есірткі және тонау бойынша үш рет қылмыстық іс қозғалған.

Арман Әлімов пен Қаржаубай Нұрымов таныс адамдар - адвокат

Ал жәбірленуші Арман Әлімов Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың жақын танысы болған дейді Хасанның адвокаты Ерлан Меңдешев.

"Мұның барлығы ұйымдасып, келісілген дүние. Өйткені Қаржаубай Нұрымов сұхбат берген ғимаратта Арман Әлімовтің анасы да сұхбат беріп отыр. Бір-біріне қандай таныстығы барын білмеймін, бірақ бұл ұйымдасқан дүние", - дейді Ерлан Меңдешев.

Арман Әлімов сот отырыстарына қатысып жүрген жоқ.

Хасан Қасымбаевтың қорғаушылары сот процесі басталғалы бері судьяны ауыстыру туралы 9 рет ұсыныс жасаған.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевқа қатысты сот 20 тамызда басталды. Айыпталушылар қатарында алты адам бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 16:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары