Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

АҚШ та тұрғындардың бір бөлігі азық түліктен тарығып отыр

АҚШ та тұрғындардың бір бөлігі азық түліктен тарығып отыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Әлемдегі ең ірі держава саналатын АҚШ-та тұрғындардың бір бөлігі азық-түліктен тарығып отыр. Шатдаун ұзай берсе кей отбасылар аш қалуы әбден мүмкін. Өйткені бір айдан бері бюджет бекіген жоқ. 

Штаттардың тең жартысы Трамп әкімшілігін сотқа берді. Басты себеп – федералдық азық-түлік көмегінің тоқтатылуы. Бұл шешімді Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдаған. Енді онсыз да жағдайы мәз емес 40 миллионға жуық аз қамтылған америкалықтың халі одан әрі нашарлай түспек. 

Қазіргі АҚШ-тың күйі – осы. Еріктілер көшенің қақ ортасында ас-су таратып жүр. Аз да болса азық-түлікке қол жеткізу үшін ұзын-сонар кезек. Вашингтон тұрғыны Тори Колинз көлік министрлігінің қызметкері. Үкімет жұмысын тоқтатқан соң, ақысыз демалысқа жіберілген. Азын-аулақ жинаған қаражаты ұзаққа жетпейтінін айтып алаңдаулы. 

Тори Коллинз, ақысыз демалысқа жіберілген қызметкер:

- Жұмыс та, айлық та жоқ. Жағдайымыз мүшкіл. Оның үстіне азық-түлік көмегі тоқтатылып жатыр. Мен бұған қарсымын. Конгресс тездетіп өзара келіссөз жүргізіп, мәселені біржақты қылуға тиіс. 

АҚШ-тың әр сегізінші тұрғыны әлеуметтік көмекке мұқтаж. Төрт адамнан тұратын бір отбасы айына 715 доллар көлемінде жәрдемақы алады. Бұл істі қаржыландыру негізінен федералды бюджеттің есебінен жүргізіледі. Алайда бұдан былай аз қамтылғандарға азық-түлік талондары берілмейді. Ал Штаттар коалициясы Трамп әкімшілігін резервтегі қордан қаражат бөлуге міндеттемек. Дегенмен Ауыл шаруашылығы министрлігі қор қаражатына қол салмайтынын мәлімдеді. Өйткені ондағы қаржы табиғи апаттар сынды төтенше жағдайлар үшін қажет. Сотқа жүгінген 25 штат коалициясы бұл шешімді заңсыз деп есептейді. 

Гэвин Ньюсом, Калифорния губернаторы:

- Дональд Трамп әлемді шарлап, өзінің біліксіздігінің нәтижесінде болған экономикалық шығынды өтеуге тырысып жүр. Миллиондаған америкалықты азық-түліктен айырып жатыр. Келесі айда тұрғындар аштыққа шалдығады. Бұл нағыз қатігездік, адамгершілікке жат қылық. Ол үшін ел тұрғындарының жағдайы маңызды емес.

Барған сайын ушығып жатқан жағдайды реттеп, бюджетті бекітудің орнына республикашылар мен демократтар үкімет жұмысының тоқтауына бірін-бірі айыптап, мін тағып әлек. Бір айдан бері ешқайсы тығырықтан шығар жол ұсынбады. Партиялықтардың текетерісін ескерсек, биылғы шатдаунның шеті де, шегі де әзірге көрінбейді. Қараша айында да жалғасуы мүмкін. 

Майк Джонсон, АҚШ конгрессінің өкілі, республикашы:

- Демократтар бар болғаны келесі жылы өтетін сайлауда өздерінің саяси ұстанымдарын жоғалтып алудан қорқады. Тіпті бір кездері демократтарға дауыс берген тұрғындардың өзі саяси ойынды тоқтатып, Үкіметтің жұмысын жалғастыруды сұрап жатыр. Федералды қызметкерлердің кәсіподағы демократтарды республикашыларға қосылып, бюджет туралы заң жобасын қабылдауға шақырды. 

Хаким Джеффрис, АҚШ конгрессінің өкілі, демократ:

- Демократтар республикашылармен кез келген жерде, кез келген уақытта келіссөз жүргізуге дайын. Алайда заң жобасы күллі халықтың қажеттіліктерін қамтып, денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді шешуге тиіс. 

АҚШ-та 1-қарашадан бастап азық-түлік талондарының берілуі де тоқтатылады. Бірнеше штат бұған қаржыны әзірге өзіміз бере тұрамыз деп уәде етті. Алайда Үкімет бұл шығынды өтемейтінін алдын ала ескертті. Айта кету керек, қазіргі шатдаун ұзақтығы бойынша АҚШ тарихында екінші орынға шықты. 2019 жылы Үкімет жұмысын ішінара 35 күнге тоқтатқан еді.

Авторы: Мөлдір Жақан

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары