Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

АҚШ тағы Нетаньяхуға қатысты жанжал: Нью Йорк мэрі қамауға алуды талап етті, Трамп қорғауға уәде берді

АҚШ тағы Нетаньяхуға қатысты жанжал: Нью Йорк мэрі қамауға алуды талап етті, Трамп қорғауға уәде берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АҚШ-та Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Нью-Йоркке баруы мүмкін екеніне байланысты дау туындады. Қала мэрі Зохран Мамдани оны қамауға алуды талап етсе, АҚШ президенті Дональд Трамп, керісінше, Израиль премьері ел аумағында ұсталмайтынына сендірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы өтеді. Нетаньяху бұл шараға қатысу үшін Нью-Йоркке баруы мүмкін деп күтіледі.

Нью-Йорк мэрі не деді?

Зохран Мамдани сайлауалды науқан кезінде, егер Нетаньяху Нью-Йоркке келсе, оны ұстауға күш салатынын мәлімдеген болатын. Халықаралық қылмыстық сот ордері бұған негіз болуы тиіс еді.

Шілдеде мэр қала әкімшілігі мен заңгерлер ықтимал нұсқаларды қарастырып жатқанын хабарлады. Мамдани Нетаньяхуды әскери қылмыскер деп атап, оның Гаагадағы сот алдында жауап беруі тиіс екенін айтты, деп жазады Reuters.

Кейін Мамдани бейнеүндеу жариялап, заңгерлік тексеру нәтижесін мәлімдеді. Оның айтуынша, Нью-Йорк билігі Халықаралық қылмыстық сот ордерін өз бетінше орындай алмайтыны анықталған.

"Бұл ордерді орындау үшін бізде дербес заңды өкілеттіктер жоқ екені белгілі болды", – деді мэр.

Бұл ретте Мамдани Нетаньяхуды Нью-Йорктегі "күтпеген қонақ" деп атап, АҚШ федералды үкіметін Халықаралық қылмыстық сотқа қосылып, ордерін орындауға шақырды, деп хабарлайды Associated Press.

Неге Мамдани Нетаньяхуға қарсы шығып отыр?

Нью-Йорк мэрі бұрыннан палестинашыл ұстанымда және Израиль үкіметінің Газа секторындағы әрекеттерін қатаң сынайды.

Оның талаптарына 2024 жылғы қарашада Нетаньяхуға қатысты шығарылған Халықаралық қылмыстық сот ордері басты заңды негіз болды.

2024 жылғы 21 қарашада Халықаралық қылмыстық сот Биньямин Нетаньяху мен сол кездегі Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алуға ордер берді.

Халықаралық қылмыстық сот ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Нетаньяху соғыс жүргізу әдісі ретінде ашаршылықты пайдалану, сондай-ақ бейбіт тұрғындарға қасақана шабуыл жасау сияқты әскери қылмыстар бойынша күдікке ілінген.

Бұдан бөлек, мәселе кісі өлтіру, қуғын-сүргін және басқа да адамгершілікке жатпайтын әрекеттерді қамтитын адамзатқа қарсы ықтимал қылмыстарға қатысты болып отыр. Айыптаулар Израильдің 2023 жылдың қазанынан бері Газа секторындағы әрекеттерімен байланысты.

Израиль бұл айыптауларды теріске шығарып, Халықаралық қылмыстық сот юрисдикциясын мойындамайды және соғысты бейбіт тұрғындарға емес, ХАМАС-қа қарсы жүргізіп жатқанын мәлімдейді. Нетаньяху да әскери қылмыстар жасағанын жоққа шығарады, деп атап өтті Reuters.

Трамп не деп жауап берді?

АҚШ президенті қарама-қайшы ұстаным білдіріп, Нетаньяхуға ықтимал сапары кезінде қауіпсіздікке көпшілік алдында кепілдік берді.

"Биньямин Нетаньяху Америка Құрама Штаттарында болған кезде ешқандай түрде, ешқандай формада және ешқандай жағдайда қамауға алынбайды", – деп жазды Дональд Трамп Truth Social желісінде.

Ол Израиль премьерінің "Иран Ислам Республикасына қарсы күресіп жатқанын" айтты. Оның пікірінше, Нетаньяхуды емес, Иранды "өлім мен қиратудың теңдессіз иіріміне" әкелгендерді тұтқындау керек.

АҚШ президенті өз жазбасында Мамданидің аты-жөнін атаған жоқ, алайда бұл мәлімдеме Нью-Йоркте Израиль премьерінің ұсталуы мүмкін екені туралы пікірталас аясында пайда болды, деп атап өтті Reuters.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 12:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары