Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

АҚШ тағы салаттан болған екі өлім және мыңдаған науқас Қазақстанда өршу қаупі бағаланды

АҚШ тағы салаттан болған екі өлім және мыңдаған науқас Қазақстанда өршу қаупі бағаланды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АҚШ-та ел тарихындағы ең ірі циклоспориаз - ішек инфекциясының өршуіне байланысты екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Билік мәліметінше, шамамен 15 штатта 12 мыңнан астам адам ауырып қалған. Бұл инфекция қаншалықты қауіпті және Қазақстанда мұндай жағдайдың қайталануы мүмкін бе, мұны Tengri Health тілшісі анықтап көрді.

Циклоспориаздың өршуі туралы не белгілі?

Жаздың басынан бері Америка билігі бірнеше штатта бірден циклоспориаздың өршіп жатқанын айта бастады.

Анықтама: Циклоспориаз - Cyclospora cayetanensis микроскопиялық қарапайым организмінен туындайтын паразиттік ішек ауруы. Инфекция көбінесе климаты жылы және санитарлық жағдайы нашар елдерде кездеседі. Адам бұл дертті ластанған ауыз су, сондай-ақ термиялық өңдеуден өтпеген жаңа піскен көкөністер, жеміс-жидектер мен көк шөптер арқылы жұқтырады.

Мичиган штатының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер департаменті "циклоспориаз әдетте өмірге қауіп төндірмейді" деп хабарлағанына қарамастан, 3 тамызда билік екі адамның қаза тапқаны туралы ақпарат таратты:

"Медициналық жазбаларға сәйкес, екі науқаста да циклоспориаз бен ағзаның сусыздануы салдарынан асқынып кетуі мүмкін қатар жүретін ауыр аурулар болған", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Бұл - Америка Құрама Штаттарында жалғасып жатқан циклоспориаз өршуіне байланысты тіркелген алғашқы өлім жағдайлары.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, елде жалпы саны 12 218 ауру жағдайы тіркелген, оның ішінде 193 адам ауруханаға жатқызылды..

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының (FDA) хабарлауынша, Taylor Farms de Mexico компаниясы Cyclospora cayetanensis паразитімен ластануы мүмкін деген күдікке байланысты Мексиканың орталық бөлігінен жеткізілген барлық айсберг салатын ерікті түрде кері қайтарып алған.

CDC мәліметінше, бұл өнімдер 29 маусым мен 16 шілде аралығында кемінде 27 штатқа таратылған, ал індеттің өзі қазірдің өзінде кемінде 15 штатты шарпыған.

"Кері қайтарылған айсберг салатын сатып алған тұтынушылар оны дереу тастауы керек және тамаққа пайдаланбағаны жөн. Сондай-ақ сатып алынған жерде ақшаны толық қайтарып алуға болады", - делінген хабарламада.

Кәдімгі салат жапырағы шынымен де мыңдаған адамға ауру жұқтыруы мүмкін бе?

Біз ақпарат алу үшін хабарласқан Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі АҚШ-тағы жағдай сияқты өнімнің үлкен партиясы қауіпті болып шықса, көк шөптер инфекцияның өршуіне себеп болуы әбден мүмкін екенін атап өтті.

"Егер ластанған партия ірі сауда желілеріне немесе қоғамдық тамақтану орындарына түссе, бір өнім бір мезгілде әртүрлі қалалардағы, тіпті аймақтардағы мыңдаған тұтынушыға жетуі мүмкін. Сондықтан тағамдық инфекциялар кейде осындай ауқымды сипатқа ие болады", - деп түсіндірді Ұлттық орталықтағылар.

Мамандар жапырақты көкөністер мен салаттың өзі жоғары қауіпті тағамдар екенін атап өтті.

"Олар шикі күйінде, қоздырғышты жоятын термиялық өңдеусіз желінеді. Жапырақтары өте үлкен және қатпарлы құрылымды болғандықтан, паразит көк шөпті жуғаннан кейін де оның үстінде қалып қоюы мүмкін", - деп толықтырды сарапшылар.

Ластану тіпті өсіру кезінде - су, органикалық тыңайтқыштар арқылы немесе жинау, орау және тасымалдау кезінде санитарлық талаптардың бұзылуынан болуы мүмкін.

Қазақстандық мамандардың пікірінше, АҚШ-та ауырғандар санының артуына бірнеше себеп бар:

аурудың инкубациялық кезеңінің ұзақтығы; пациенттердің медициналық көмекке бірден жүгінбеуі; зертханалық растаудың уақыт алуы; эпидемиологиялық зерттеудің жалғасуы, сондықтан бұрын ауырғандар статистикаға біртіндеп қосылып жатыр.

Сонымен қатар Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі паразиттің тамақ өнімдерінде көбеймейтінін және сақтау кезінде қоздырғыш мөлшері артпайтынын баса айтты. Бірақ жапырақты көк шөптің бір ғана ластанған партиясы мыңдаған адамның ауыруына жеткілікті болуы мүмкін.

Қазақстанда мұндай жағдай болуы мүмкін бе?

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы циклоспориаз Қазақстанда кең таралған инфекцияларға жатпайтынын хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, ауру жағдайлары өте сирек тіркеледі. Олар жекелеген сипатта болады және әдетте инфекция басқа елдерден "келеді". Қазақстанда циклоспориаздың жаппай өршуі болған емес.

Дегенмен мамандар Америкадағыдай сценарийді толықтай жоққа шығаруға болмайтынын айтады, себебі елімізге өнімдер әлемнің әртүрлі елдерінен жеткізіледі. Бірақ импортталатын өнімдер мемлекеттік санэпидбақылаудан өтетіндіктен, ауқымды індеттің өршу ықтималдығы төмен.

Циклоспориаздың негізгі белгілері - ұзаққа созылған диарея, іштің ауыруы мен түйілуі, жүрек айнуы және ішек инфекцияларына тән басқа да симптомдар.

Бұл ретте кейбір адамдарда ауру ешқандай белгісіз өтуі мүмкін.

Ең қауіпті асқынуларға мыналар жатады: ағзаның сусыздануы, өмірлік маңызы бар минералдарды (натрий, калий, кальций, магний және т.б.) жоғалту, ауру ұзаққа созылған жағдайда ағзаның қажуы.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

АҚШ

Денсаулық

Адам өлімі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 15:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары