Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

АҚШ тағы ұзаққа созылған шатдаун экономика мен жаһандық тұрақтылыққа қалай әсер етіп жатыр

АҚШ тағы ұзаққа созылған шатдаун экономика мен жаһандық тұрақтылыққа қалай әсер етіп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Саясат пен экономика 

Айта кетерлігі, бұған дейінгі ең ұзақ шатдаун Дональд Трамптың президенттік кезеңінде болған. Ол 2018 жылғы 22 желтоқсаннан 2019 жылғы 25 қаңтарға дейін – 36 күнге созылған еді. Қазір шатдаун қазан айының басынан бері жалғасып келеді және оның жақын арада аяқталатынына себеп жоқ. Демек, АҚШ үкіметінің қызметін тоқтату бойынша бұрынғы күмәнді рекордтан асуға аз ғана уақыт қалды, шамамен 7 қарашаға дейін.

Мұндай жағдайдың ұзақтығы АҚШ-тың саяси жүйедегі шиеленіс деңгейіне тікелей байланысты. Көп жағдайда тараптар тез келісімге келеді. 1976 жылдан бері мұндай жағдай 20 рет тіркелген, ал қазіргісі 21-ші. Кейбір шатдаун тәулікке ғана созылса, кейбірі ұзаққа созылған, бірақ саяси тепе-теңдік болатын.

Бүгінде белгілі бір ымыраға келу ықтималдығы бар, бірақ қаншалықты ұзаққа созылатыны белгісіз. Бұл маңызды, өйткені шатдаун тек мемлекеттік мекемелердің қызметіне ғана емес, жалпы АҚШ экономикасына да кері әсер етеді. Әсіресе Трамп әкімшілігінің жүргізіп отырған сауда соғыстары аясында әлемдік экономикада шиеленіс туындаған жағдайда. Шатдаун туғызған қосымша белгісіздік нарықтағы тұрақсыздықты күшейтіп отыр.

Бюджеттің бекітілуі АҚШ-та қарыз алу шегінің көтерілуімен тікелей байланысты. Бұл тапшылық жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің қажетті талабы. 30 қыркүйекте аяқталған қаржы жылы қорытындысы бойынша бюджет тапшылығы 1,8 трлн долларды құрады.

Баж, салық және әскери шығындар

Келесі жылы АҚШ-қа көбірек қаражат қажет болады. Бұл ең алдымен Трамп жариялаған One Big Beautiful Bill ( Үлкен әдемі бір заң») жоспарына байланысты.

Жоспарға сәйкес бюджет тапшылығы импорттық баж салығын көтеру арқылы қысқартылмақ. Бұл елге едәуір табыс әкеледі деп болжанып отыр. Мұндай идеяны ел ішіндегі изоляционистер қолдайды және ол Трампқа консервативтік электораттың қолдауын қамтамасыз еткен себептердің бірі болған.

2024 жылы АҚШ импорты 4,1 трлн доллар болса баж салығын 10%-ға арттыру теориялық тұрғыда 400 млрд доллар қосымша кіріс әкелуі мүмкін. Үндістанға қарсы тамыз айынан бастап 50% мөлшерінде баж енгізілген.

Алайда, баж салығын арттыру бағаның өсуіне және сауда көлемінің азаюына әкеледі, бұл жаһандық іскерлік белсенділіктің әлсіреуіне себеп болуы ықтимал.

Трамптың протекционистік саясаты – әлемнің көп бөлігімен күрделі қарым-қатынас орнатудың құралы болып отыр. Сонымен қатар, оның жоспары салықты төмендетуді және әскери шығындарды арттыруды көздейді. Бұл өз кезегінде бюджет тапшылығының өсуіне алып келеді. Жоспар өзара қайшы мақсаттарды біріктіріп отыр, бұл Демократиялық партия тарапынан сыналып келеді.

Конгресстегі текетірес

Қазір демократтар Сенатта басымдыққа ие емес, 100 сенатордың 47-і демократ. Мәселені шешу үшін 60 дауыс қажет, сондықтан республикалықтар өздерінің 52-53 дауысына қосымша кем дегенде 8 демократ сенатордың қолдауына мұқтаж.

Алайда, бұл оңай емес. Кейбір республикалықтар, мысалы, Рэнд Пол, бюджеттік шығындар шамадан тыс деп есептеп, қарсы дауыс беріп отыр.

Қазір небәрі 3 демократ сенатор үкіметтің жұмысын қалпына келтіруге дауыс беруге дайын, демек, тағы 5 дауыс жетіспейді.

Бұл демократтар үшін Трамппен «саяси айқасқа» шығудың мүмкіндігі. 18 қазанда ел бойынша өткен «No Kings» («Патшаларға жол жоқ») ұранымен ұйымдастырылған анти-Трамптық наразылықтарға 7 миллионға жуық адам қатысты. Бұл АҚШ қоғамындағы президент саясатына деген наразылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Бұл жағдай тек солшыл-либералды топтарды ғана емес, сонымен қатар Трампты бұрын қолдаған консерваторларды, әсіресе MAGA («Американы қайтадан ұлы етейік») қозғалысының өкілдерін де қамтып отыр. Көптеген оңшыл-консервативті қоғамдық пікір көшбасшылары бүгінде Трампты сынап жатыр. Олардың кейбірі келесі жылы республикалықтар Сенат пен Конгрестегі аралық сайлауда жеңілуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Бұл қазіргі әкімшілік саясатының салдары болуы ықтимал.

Сондықтан, демократтар мен республикалықтар арасындағы бюджет талқылауы барысындағы нақты қайшылықтарға қарамастан, тараптар ішкі саяси күрестің жалпы логикасын да ескеріп отыр. Күрестің маңызды кезеңі – келесі жылғы сайлау. Егер Трамп Конгресс пен Сенаттан көпшілікті жоғалтса, президенттік мерзімінің екінші жартысында оған қиын болады. Әсіресе оның саясатына деген наразылықтың артып келе жатқанын ескерсек.

Даудың мәні – әлеуметтік саясат

Қазіргі келіссөздердегі басты түйткіл – әлеуметтік саясат мәселесі. Демократтар әлеуметтік бағдарламаларды, соның ішінде Obamacare (Қолжетімді медициналық көмек туралы заң) жүйесін сақтап қана қоймай, кеңейтуді талап етеді. Республикалықтар болса, бағдарламаларды қазіргі деңгейде сақтап қалуға келіседі, бірақ кеңейтуге қарсы.

Мәселенің өткірлігі тек әлеуметтік-саяси сипатымен ғана емес, сонымен қатар Трамптың қазіргі экономикалық саясатымен де тікелей байланысты. Оның саясатының салдарынан АҚШ-та инфляция деңгейі жоғарылады. Оның себептерінің бірі – сауда соғыстары, соның ішінде Қытай мен басқа да азиялық елдерден әкелінетін импорт тауарлардың қымбаттауы. Бұл жағдай әлеуметтік тұрғыдан осал халық топтарының мүддесіне тікелей әсер етеді.

Сондай-ақ негізінен ірі бизнеске бағытталған салықтың төмендеуі мұндай жағдайда ішкі теңгерімнің бұзылуы ретінде қабылданып жатыр. Сондықтан, АҚШ Сенаты мен Конгресіндегі қазіргі талқылауда басты дау туғызған мәселе – «Қолжетімді медициналық көмек туралы заң» (Obamacare). Дәл осы заң төңірегіндегі келіспеушіліктер шатдаунның басталуына себеп болды. Дегенмен, екі партия да бұл мәселені ұзақ уақыт шешпей ұстап тұра алмайды, өйткені қоғам наразылығының өсуі олардың беделіне кері әсер етуі мүмкін.

Екіжақты текетірес немен аяқталады

Шатдаунның бас кезінде қоғамдық пікір негізінен республикашылдарға қарсы бағытталған болса, қазір мұндай көзқарас демократтарға да тең дәрежеде таралып отыр. Әсіресе АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің аз қамтылған азаматтарға арналған азық-түлік көмегі бағдарламасы (SNAP) әкімшілігі 1 қарашадан бастап азық-түлік талондарын беруді тоқтататынын мәлімдегеннен кейін. Бұл демократтардың саяси ұстанымына теріс әсер етуі мүмкін. Оның үстіне, министрліктің ресми хабарламасында Сенаттағы демократтардың «қарсы дауыс бергені» ерекше атап өтілген.

Сәйкесінше, тараптардың түбінде келісімге келу ықтималдығы жоғары. Өйткені олар өз беделін жоғалту қаупін тым арттыра алмайды. Демократтар үшін ең бастысы – әлеуметтік бағдарламаларды қорғауға дайын екендіктерін көрсету, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан осал халық топтарының наразылығын туғызбау. Ал республикашылдар үшін – әлеуметтік мәселелерге қатысты пікірталастан ең аз шығынмен шығу және мемлекеттік бағдарламалар мен қызметшілерге қатысты қалыптасқан қиын жағдайға демократтарды кінәлі етіп көрсету.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 22:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары