Ақша үшін орманды отаған: Семей орманы басшылары тергеліп жатыр
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды тұлғалар күдікке ілінді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
ҰҚК мен Бас прокуратура "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды адамдарды тергеп жатыр.
"Іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деп күдікке ілінді. Олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелерін кедергісіз қолжетімді еткен", - дейді комитет.
Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 12:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















