Ақтауда алғаш рет республикалық Кітап керуені жәрмеңкесі өтеді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ақтау қаласында тұңғыш рет 15-16 мамыр күндері «Кітап керуен – Ақтау» кітап жәрмеңкесі болады. Жәрмеңке Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, ұйымдастыруымен облыстық Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
15-16 мамыр күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтетін кітап жәрмеңкесіне республикамыздың түпкір-түкпірінен келген баспалар қатысады.
Баспаларымен қатар кітапсүйер қауым үшін жәрмеңкеге ақын-жазушылар: Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Светқали Нұржан, Зира Наурызбай, Бақытгүл Сармекова және т.б қаламгерлер, қоғам қайраткерлері мен кітап авторлары да келеді. Авторлармен суретке түсіп, қолтаңбасымен кітабын алуға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек, жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері, түрлі тақырыптарда секциялық отырыстар өтеді.
Жәрмеңкеде түрлі ойындар, оқырмандарға арналған іс-шаралар да болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 14:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















