Ақтауда кәсіпкер ісін дөңгелету үшін мемлекеттен алған 117 млн теңге субсидияны депозитте сақтаған
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Тергеу барысында жеке кәсіпкер "А" өкілі орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі негізсіз ұлғайтылған жалған жобалық-сметалық құжаттаманы пайдалану арқылы Маңғыстаудағы демалыс базасының құрылысына жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу мақсатында 117,2 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияны заңсыз алғаны анықталды.
"Сонымен қатар, нысанның мемлекеттік қолдау шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін салынғаны және көрсетілген құрылыс жұмыстарының бір бөлігі іс жүзінде орындалмағаны белгілі болды. Бұдан бөлек, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру мақсатында жымқырылған бюджет қаражаты банк депозитіне орналастырылып, нәтижесінде 5,6 млн теңге көлемінде қосымша кіріс алынған. Ақтау қалалық сотының үкімімен жеке кәсіпкер "А" өкілі аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді". Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Прокуратура мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын заңсыз алғаны үшін заңда белгіленген жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Сиыр сатып алдым : кәсіпкер 20 млн теңге субсидияны жымқырған
13 Наурыз 2026 15:24
Түркістан облысында 20 млн теңге субсидияны заңсыз алған кооператив басшысы сотталды
13 Наурыз 2026 10:36
Фермерлер малды етке өткізсе, мемлекеттен бөлінген субсидияны қайтарады
06 Ақпан 2026 12:56
Жас кәсіпкер тың бастамасына мемлекеттен қолдау күтеді
20 Қазан 2025 12:07
Абай облысында шенеуніктер 24 млн теңге субсидияны заңсыз бөлген
24 Қазан 2025 12:54
Көрілімдер:23
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 23:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















