Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ақтөбе облысында ауылдың шаруа қожалықтарына мамандар керек

Ақтөбе облысында ауылдың шаруа қожалықтарына мамандар керек

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ақтөбе облысында шалғай елді мекендердің шаруа қожалықтары білікті маман таппай отыр, деп хабарлайды 24KZ. Малға қарайтын бақташы, техниканы тізгіндейтін механизатор секілді жұмысшы мамандар жетіспейді. Дүкен ауылының тұрғындары мен билік өкілдері көпбалалы отбасыларды көшіп келуге үгіттеп жүр. «Қоныс аударуға ниеттенген жандар болса, баспана мәселесін шешеміз», – дейді жауаптылар.   

Үй бар, жұмыс та бар, бірақ адам тапшы. Ақтөбе облысының Дүкен ауылында шаруашылыққа да, мектепке де маман жетіспейді. Шалғайдағы елді мекенде жиырмадан астам отбасы тұрады. Негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы. Тұрақты жалақы беретін жұмыс орындары ретінде ауыл мектебі және «Ырғыз–Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты ғана. Соған қарамастан ондаған шаруа қожалығы тіркелген. Жұмыс істеймін деген жан нәпақасыз қалмайды деуге болады. Бірақ бақташы, шөп шабатын механизатор тапшы.

Мамырбек Бектұрғанов, шаруа қожалығының басшысы:

- Жаз ортасында, шөптің маусымы кезінде совхоз орталығынан, аудан орталығынан тракторист іздеп, шөп шаптырамыз. Бақташы қазір келмейді. «300 мың айлық беремін» десең де келмейді. Ауылдың жастарының барлығы қалада ғой енді.

Ауылдағы шағын жинақты негізгі мектеп те бар-жоғы 22 бала оқиды. Бұл министрлік бекіткен нормативтен төмен көрсеткіш. Оқу ордасын сақтап қалу үшін жергілікті жұрт көпбалалы отбасыларын ауылға көшіп келуге үгіттеп жүр. Қажет болса, баспана да, мал да беруге дайын. Дегенмен туған жерін таңдаған жастар да бар. Солардың бірі – осы мектептің түлегі Айшолпан Ерболқызы. Ол Ақтөбедегі медициналық колледжді аяқтап, ауылға медбике болып қайта оралған. Себебі Дүкенде медициналық қызметкер мүлде болмаған.

Айшолпан Ерболқызы, Дүкен ауылдық негізгі мектебінің медбикесі:

- Егер жастар бірауыздан жұмылсақ, ауылды өркендетуге болады деп ойлаймын. Әрқайсысы өз мамандық иесі бойынша келіп, өзінің жұмысын атқарса, бұл ауыл әлі де көркейеді, әлі де дамиды.

Қазірдің өзінде мектеп пен ауылға бірнеше бос жұмыс орны керек. Ал баспана басты проблема емес. Тұрғындар қаңырап қалған үйлерді сүріп тастамай, жөндеп беруге әзір. Қарттар да жастарды ауылға тарту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту керектігін айтады. Сонымен бірге көгілдір отынның жоқтығы жаңа отбасыларды тартуға кедергі болып тұр.

Серімжан Жұбаназар, зейнеткер:

- Мына Нұраның орталығында үйді жылытуға газ келіп тұр. Жақын жерде болған соң осы газ мәселесі шешілсе, ол да жастарды тартуға жасалған жағдайдың бір түрі деп ойлаймын.

Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов: «Ауылдағы маман тапшылығын шешу үшін алдымен жұмысшы мамандықтардың мәртебесін заң жүзінде көтеру керек», – дейді. Шопан, бақташы, жылқышыларға әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылса, ауылға келемін деушілер көбейеді деген пікірде.

Нұрлан Қызбергенов, Ырғыз ауданының әкімі:

- Келісімшартқа отырып, 5 жыл мал бағады ма, 10 жыл мал бағады ма, соның бір шектеуін қойып, 15 жылдан кейін сол малшыға аудан орталығынан үй салып беру жөніндегі жеңілдіктер болса, осындай мәселелер шешілсе, ғана өзінің оң нәтижесін береді деп ойлаймын.

Бір ғасырдан астам тарихы бар Дүкен ауылы тұрғындары болса өркениет игілігіне ғана иек артып отыр. Елді мекенге табиғи газ тартылып жол салынса, мәселе шешімін табатынына сенімді.

Президенттің тапсырмасымен басталған «Орталық – Батыс» автожолы дәл осы Дүкен ауылының үстінен өтеді. Сондықтан жергілікті атқарушы билік өкілдері де, тұрғындар да: «Елді мекеннің болашағы бар», – дейді. Күрежол тапсырылған соң сексен көлдің ортасында отырған ауыл халқы туризмді дамытуды көздейді.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 12:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары