Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Драматургиядағы дара даңғыл

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Ақтөбеде еріктілер ыстық шай таратты

Ақтөбеде еріктілер ыстық шай таратты

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақтөбеде еріктілер қар күреп жүрген коммуналдық қызмет жұмысшыларына ыстық шай таратты. Өңірде соңғы күндері саршұнақ аязға үскірік жел қосылып сынап бағанасы күрт төмендеген. 

Соған қарамастан жастар шаһарды қардан тазалап жүрген жандарға қайырымды қолдау көрсетті. 

Сақылдаған аяз өңірді өткен жексенбіден бері құрсап алды. Сынап бағанасы минус 17 градусты көрсеткенімен өңменнен өтетін өткір желмен бірге минус 30-35 градусқа дейін түседі. Жаяу жүргіншілер жолындағы қар сіресіп, көктайғаққа айналған. Техника жүрмейтін тар жолдағы мұздақты коммуналдық қызмет жұмысшылары ойып жүр. 

Бейбіт Қарақойшина, коммуналдық компания жұмысшысы:

- Таңғы 08:00-де басталады. Содан таңертеңнен беске дейін жұмыс істейміз. Өзіміздің көшелерде жүреміз. Есет батырда, Алақайда. Сондай көшелерде қар тазалаймыз. Жұмыс талғамаймыз. Түнде де шығамыз.

Ертелі-кеш үзіліссіз еңбек етіп жүрген жандарға еріктілер ыстық шай мен бауырсақ таратты. Көпшіл жастар игі істі аяздың беті қайтқанша үздіксіз өткізуді көздейді.

Оңдасын Бисенбі, ерікті:

- Негізі менің түйген ойым ,бұл қоғамның тазалығы – тек қана көше тазалаушыларға ғана емес бүкіл қоғамның жауапкершілігі болып табылады. Біз Ақтөбе жастары болып әр мезгіл сайын көше тазалаушыларға келіп қар аршысып, шай таратып, бауырсақ таратып, жазда «Жасыл Ел» қоғамдық бірлестігі болып Қазақстанның тазалығына үлкен атсалысамыз.

Ақтөбе қаласының тазалығына жауапты 21 мердігер мекеме бар. Арнаулы техникадан бөлек 600-ге жуық жұмысшы жаяу жүргіншілер жолын күтіп ұстайды. Олар 22 млн шаршы метр аумақтың қарын аршуы тиіс. 

Бибата Боқаева, коммуналдық компания шебері:

- Бізде жылы газель тұрады, екі жеңіл көлігіміз бар. Соның ішінде ауық-ауық қатты аяз болса, енді бүгін мен кеше ғой енді. Ал қалған күндері жылынуға тек түс кезінде ғана жинаймыз. Үйлеріне жаткізіп тастайтын машиналарымыз бар, таңертеңгілік жинайтын. Алайда енді жұмыстың реті осындай болғаннан кейін амал жоқ балаларды жұмысқа шығарамыз. 

Синоптиктер үскірік жел мен саршұнақ аяз алдағы аптаның соңына дейін болады деп болжап отыр. Сондықтан қайырымды жандардың қайырлы ісі жалғасын таба бермек. 

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:218
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 21:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see138

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see136

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see132

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see127

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see125

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see125

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see124

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see123

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see123

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see123

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see122

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see121

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see120

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see120

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see120

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see119

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see116

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see116

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

16 Қазан 2026 16:51see115

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары