Ақтөбеде өндіріс алаңында бірінші тоқсанда 25 жазатайым оқиға болды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасы жылдың бірінші тоқсанын қорытындылады. Облыста қазір 900-ден астам өндірістік кеңес жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге 1500-ден астам техникалық инспектор бар. Соған қармастан өндірісте жарақат алған адам саны артқан.
— Биыл бірінші тоқсанда өндірісте 25 жазатайым оқиға тіркелді. Онда 26 адам зардап шекті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 18,2% құрап отыр. Өндірісте өлім-жітім тіркелмеді. Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі — қауіпсіздік талаптары сақталмайды, тәуекелді дұрыс бағаламайды және бақылау жеткіліксіз, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасы.
Айта кетейік, Қазақстанда былтыр өндірістік жазатайым оқиғалар саны 1380-ге жетті. Өндірістік жарақаттану деңгейінің төмендеуі тіркелді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:58
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 00:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















