Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ақтөбеде Жұбанов көктемі музыкалық апталығы қорытындыланды

Ақтөбеде Жұбанов көктемі музыкалық апталығы қорытындыланды

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мерекелік кешті ашқан облыс әкімі Асхат Шахаров Ахмет Жұбанов тұлғасының ұлт мәдениетіндегі айырықша рөлін атап өтті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен өнерді дамыту елдің рухани жаңғыруының негізі екенін үнемі атап өтеді. Бұл ретте ұлттық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің мұрасын сақтау ерекше мәнге ие. Ахмет Жұбанов — ХХ ғасырдың аса көрнекті тұлғасы, Қазақстандағы кәсіби музыкалық өнердің негізін қалаушы, ғылым мен шығармашылықты ұштастыра білген ұлы ғалым, композитор әрі дирижер. Оның мұрасы — халқымыздың рухани байлығының алтын қоры, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәңгілік құндылық. „Жұбанов көктемі“ апталығы аясында оның шығармашылығы мен ғылыми мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шаралар кең қолдау тапты. Мұндай жобалар жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраны сақтауға ықпал етеді, — деді өңір басшысы.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Музыкалық апталық барысында облыста еліміздің жетекші ұжымдарының қатысуымен концерттер, фестивальдер және шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды. Олардың қатарында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы, сондай-ақ Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты бар.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Сонымен қатар халықаралық хор фестивалі мен домбырашылар фестивалі өтті. Іс-шараларға еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Түркия, Оңтүстік Корея және Өзбекстаннан келген қонақтар мен шығармашылық ұжымдар қатысып, апталықтың халықаралық деңгейін арттырды.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Айырықша мәнге ие тарихи сәттердің бірі — Ахмет Қуанұлы Жұбановтың ұрпақтарының іс-шараға қатысуы болды. Бұл ұлттық музыкалық өнердің сабақтастығы мен терең тамырын айқындайтын басты нышанға айналды.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Гала-концертте кәсіби оркестрлер, хор ұжымдары мен жеке орындаушылар бас қосты. Бағдарламада Ахмет Жұбановтың шығармаларымен қатар қазақстандық композиторлардың туындылары фольклорлық ансамбльдердің орындауында шырқалды.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Кеш аясында Ахмет Жұбанов атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің әртістерін марапаттау рәсімі өтті. Бірқатар музыкант Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапаттарына, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды.

Кеш көпшілік қатысқан ортақ өнермен қорытындыланып, сахнада аға буын мен жас толқын, әр түрлі бағыттағы өнерпаздар бір арнаға тоғысты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 11:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары