Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Атаулы жыл қорытындыланды

Атаулы жыл қорытындыланды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ақтау биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы атанып, осының аясында көптеген іс-шара өткені белгілі. Кеше осы шаһардағы салтанатты жиында атаулы жыл қорытындыланды. Оған ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері мен тиісті сала өкілдері, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз алған еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдени астана мәртебесі өңір үшін құрмет қана емес, сонымен бірге түркі әлемінің бай мұра­сын кең аудиторияға та­ныс­­тыруға мүмкіндік бер­ге­нін атап өтті.

«Тарихи қала осы жауап­кершілікті абыроймен атқарып, өзіне жүктелген міндетті жо­ғары деңгейде орындады деп нық сеніммен айта аламыз. Жобаның табысты жүзеге асуына Прези­дентіміздің түркі мемле­кеттерінің бірлігін нығай­туға, гуманитарлық ын­тымақ­тастықты дамытуға бағыт­талған тұрақты мәдени саясаты айрықша рөл атқарды. Ел Президентінің мәдениет, ғылым мен білім, жастар алмасуы салаларындағы нақты бастамаларға негіз­дел­ген түр­кі интеграциясы жөніндегі маңызды ұстанымы бүкіл түркі әле­мінде кең қолдау тауып, жоғары бағаланды. Ақтауда жүзеге асқан ТҮРКСОЙ жобалары Мемлекет басшысы бастамаларының нақты нәтижеге айналып, бауырлас халықтарды бұрынғыдан да жақындастыра түскенін айқын көрсетті», деді министр.

Айтулы жыл аясында Ақтауда мыңдаған ғалым мен өнерпазды, қонақ­тарды біріктірген 30-дан астам ірі халықаралық іс-шара өтті. Олардың қатарын­да музыка, эпос, фольклор және би фестивальдары, шы­ғар­машылық симпозиумдар мен ғылыми конференциялар, сондай-ақ балалар мен жас­тарға арналған түрлі байқаулар бар.

Сонымен қатар жыл шең­берінде өткен маңызды іс-шаралардың бірі – 7 елден келген 9 театр қатысып, үш мыңнан астам көрермен тамашалаған III халықаралық театр фестивалі. Сондай-ақ 47 конкурстық фильм ұсынылып, түркі кине­матографистері үшін шығар­машылық алаңға айналған «Қорқыт ата» халық­аралық кинофестивалі де аншлагпен өтті. «Көшпенді қуыршағы» атты бірінші халықаралық Қуыршақ театр­лары фес­тивалі де көрер­мен­ге айрық­ша әсер қалдырды.

Өз кезегінде салтанатты іс-шараның арнайы қонағы, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым Маңғыстау жұртының қонақ­жайлығы мен Ақтау қала­сының бай мәдениетіне ерекше тоқталды.

«Қазақстан – Түркі әлемінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп тұрған тірек елдердің бірі ғана емес, оның қуатты орталығы. Түркі мемлекеттері ұйы­мын­­дағы сындарлы рөлі, экономикалық орнық­ты­лығы, бай мәдени мұрасы және тұрақты дамуы – Қазақ­станды Түркі елде­рінің арасында көшбасшы деңгейге көтеріп отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көрегендігі мен көшбасшылығы өңірлік бейбітшілікті нығайтуға, көпвекторлы дипломатияны дамытуға және Түркі әлемінің бірлігі идеясын ілгерілетуге орасан үлес қосып келеді. Бүгінгі салтанатты іс-шара – осы бірізді саясаттың және Қазақстанның инклюзивтілік дәстүрінің жарқын көрінісі», деді Б.Йылдырым.

Ақтауда жүзеге асырылған жұмыс халықаралық дең­гейде жоғары бағасын алды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев қала бүкіл түркі қауымдастығы үшін бауыр­­ластықтың және жаңа мүм­кіндіктердің рәмізіне айнал­­ғанын айтты.

«Бүгін біз Каспийдің көгілдір толқынына көз тас­тап тұрып, бір жылдың тарихын, бірліктің шежіресін ой елегінен өткізіп тұрмыз. Бұл жыл – жүректерді жақын­датқан, бауырластықты биік­теткен қасиетті жыл болды. Күн астында көк ту желбіреп, жер бетінде бауырлас жұрттың әуені шырқалды. Жыр мен күй, би мен сөз – бәрі де ортақ рухымыздың үнін жеткізді», деді С.Раев.

Салтанатты іс-шара гала-концертпен жалғасты. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан 300-ден аса әртіс қатысып, көрер­мен­дер­ге вокалдық және би қойылымдарын ұсынды. Концерт бағдарламасы түркі елдерінің сахналық өнерінің ғажайын сан алуандығын көрсетіп, мерекелік көңіл күй мен шығармашылық бірлік атмосферасын қалып­тас­тырды. Концерттен кейін Ақтау қаласының әкімі «Түркі әлемінің 2026 жылғы мәдени астанасы» атағын Өзбекстанның Әндіжан қала­сы­ның хокиміне тапсырды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары