Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Арғымақ жылдың атаулы күндері

Арғымақ жылдың атаулы күндері

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ғалам қақпасын ашып Жылқы жылы кірді. Қайырлы, құтты болсын! Атам қазақ жылқыны төрт түліктің төресі санаған. Атақты Ақтайлақ бидің «қымыз – қаным, жылқы – жаным» деген аталы сөзі бар. Сол сияқты дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: «Жанына халқымыздың жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан, Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан» десе, қасиетті кітап Құранның «Ға­дият» сүресінде «Тұяғынан от шашып, алқына шапқан, дүбірлетіп дүркіреп жауды жарып кірген аттарға серт» деген аят бар.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Айтпағымыз, жылқы жылының қазақ танымындағы сипаты туралы. Ежелгі дала өркениетінің күнтізбелік ілімі мен мүшел есебін көне қытай, тибет, моңғол деректерімен салыс­тыра зерттеген этнограф ғалым Биқұмар Кәмалашұлы 2013 жылы жарық көрген «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты көлемді кітабында мынадай пайым айтыпты: «Қазақ халқы жылқы малын өзінің жан серігі санап, бұл жылды ілтипатпен қарсы алады. Жылқы жылы туған адамдар қағылез, сергек, кербез болады. Ешкімге тәуелсіз дара өмір сүруді қалайды. Бұл топтан өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері көп шығады. Ең бастысы, жылқы жылы туғандар достыққа адал, отбасылық өмірге ынталы келеді», депті.

Қазақ тарихында жылқы жылы туып, қайраткерлігімен ел есінде қалған тұлғалар баршылық. Атап айтсақ, атақты батыр, қолбасшы Бөгенбай Ақшаұлы (1678–1775), атақты батыр Жәнібек Бердәулетұлы (1714–1792), қазақтың бас батыры Баян Қасаболатұлы (1714–1772), дін қайраткері әрі батыр Бекет ата Мырзағұлұлы (1750–1813), көрнекті ойшыл, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931), қазақ жыршысы Жамбыл Жабаев (1846–1945), мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхан (1870–1937), қайраткер, ақын Сәкен Сейфуллин (1894–1938), көрнекті жазушы Бейімбет Майлин (1894–1938), мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов (1894–1938), дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров (1894–1938), қазақ музыкасының көрнекті зерттеушісі Ахмет Жұбанов (1906-1968), майталман сазгер Шәмші Қалдаяқов (1930–1992), әдебиетші, этнограф Ақселеу Сейдімбек (1942–2009), т.б. Сондай-ақ жылқы жылы туғандар қатарына қазір арамызда жүрген ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов пен академик, физика-матеметика ғылымдарының докторы Мұхтарбай Өтелбаевты қосуға болады.

* * *

Биыл атап өтетін тарихи оқиғаның бірі – 1916 жылы патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы басталған ұлт-азаттық қозғалысқа 110 жыл, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске – 190 жыл, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне – 40 жыл.

Ұлт тарихында ізі қалған дара тұлғалар­дың мерейтойлары да аз емес. Атақты жырау, күйші Қалнияз Шопықұлының туғанына биыл – 210 жыл толса, аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин атамыз бен халық композиторы, әнші-ақын Мұхит Мерәліұлының туғанына – 185 жыл.

Сондай-ақ басты датаның бірі – ХХ ғасырдың Гомері атанған ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы болса, Алаш қайраткері Әнияр Молдабаевтың туғанына 170 жыл толады. Алаш көсем­дері Әлихан Бөкейхан мен Барлыбек Сырттанұлының туғанына 160 жыл, атақты күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірге келгеніне 155 жыл, қазақтан шыққан тұңғыш құқықтанушы әрі алашшыл тұлға Жақып Ақбайұлының 150 жылдық мерейтойы (25 қазан) өз кезегін күтіп тұр.

Алаш қайрат­кері, заңгер Жаһанша Досмұхамедұлы, мемлекет қайраткері Әбдірахман Әйтиев, жетісулық ақын Қалқа Жапсарбаевтардың туғанына 140 жыл, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, қазақтан шыққан тұңғыш профессор Әлімхан Ермековтың туғанына 135 жыл екен.

Сонымен қатар Алаштың белді тұл­ғасы, дәрігер Ғазымбек Бірімжанұлы (28 ақ­пан), Алаш қайраткері, жазушы-журналист Қошмұхамбет (Қошке) Кемеңгерұлы (15 шілде), танымал әнші Қуан Лекеров, қоғам қайраткері Абдолла Асылбектердің туғанына 130 жыл толса, қазақ саз өнерінің көрнекті ғалымы Ахмет Жұбанов (29 сәуір), қоғам қайраткері, ғалым Кәрім Мыңбаев (15 тамыз), филология ғылымының док­торы, жаушы Сәйділ Талжанов (6 желтоқсан), жазушы Сәду Машақов (27 қараша), жазушы-журналист Сейітжан Омаров (22 маусым) қатарлы тұлғалардың 120 жылдық даталы тойы екен.

Келесі кезекте туғанына 110 жыл толып отырған тұлғалар: жалынды публицист Баубек Бұлқышев, абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедханұлы (5 қаңтар), мемлекет және қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешев (16 маусым), Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиев (14 қазан), елімізде бокс спортының негізін қалаған Шоқыр Бөлтекұлы (29 қазан), т.б.

Ал туғанына 100 жыл толғандар қатарында: жазушы, этнограф Ахмет Жүні­сов (20 маусым), дәстүрлі әнші Дәнеш Рақышев, музыкатанушы, педагог Хабидолла Тастанов (12 шілде), ғалым, филология ғылымының докторы Темірбек Қожакеев (17 желтоқсан) тұр.

Даталы 90 жылдық мерейтойы аталып өтетіндер сапында танымал жазушылар: Қабдеш Жұмаділов (26 сәуір), Бек Тоғысбаев (10 ақпан), Есләм Зікібаев (5 маусым), Қастек Баянбай (15 қараша), Медеу Сәрсеке (2 қаңтар), Сайын Мұратбеков (15 қазан), мемлекет қайраткері Ерік Асанбаев (10 нау­рыз), академик ғалым Өмірзақ Айт­баев (5 сәуір) т.б. бар. Ақын, қоғам қай­рат­кері Олжас Сүлейменов те 90 жасқа келеді.

Сондай-ақ тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, жазушы-публицист Алдан Смайыл (3 қазан), сыншы-ғалым Дандай Ысқақұлы, қолөнерші–педогог Дәркембай Шоқпарұлы (23 мамыр), ақын Серік Тұрғынбекұлы (1 наурыз), күйші, Қазақстаның халық әртісі Қаршыға Ахме­дияров (25 наурыз), ақын Күләш Ахметова (25 сәуір), жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтардың (21 мамыр) т.б. 80 жыл­дығы атап өтілмекші.

Тірі болса жазушы-драматург Ра­хым­жан Отарбаев та (19 қазан) 70-ті алқымдай-ды екен. Сонымен қатар осы жылы 70 жасқа жететіндер: мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов (9 желтоқсан), тарих ғылымдарының докторы, академик Ерлан Сыдықов (29 ақпан), танымал ақын Ертай Ашықбаев (24 сәуір), зерттеуші-журналистер Қайым–Мұнар Табей (5 мамыр), Абай Мауқараұлы (8 мау­сым), Әмірхан Меңдеке (1 қаңтар), жыршы Амандық Көмеков (20 қазан), т.б.

Жыл берекелі, табысты болсын деп тілейміз! 

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Президент • Бүгін, 00:03

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен

Ауа райы • Кеше

Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды

Әлем • Кеше

Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті

Денсаулық • Кеше

ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады

Қоғам • Кеше

1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады

Қоғам • Кеше

ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін

Спорт • Кеше

Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті

Қаржы • Кеше

Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

Қоғам • Кеше

Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады

Ауа райы • Кеше

Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы • Кеше

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • Кеше

Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді

Заң мен Тәртіп • Кеше

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қаңтар 2026 11:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары