Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?

Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Биыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Әне-міне, бұның да екінші айы құм сағаттай сырғып барады. Осы атаулы жылда алдағы кемі бір-екі онжылдыққа азық болатын жүйелі өзгертулермен есте қалатын қандай іс атқарған дұрыс? Сондай-ақ Мемлекет басшысының науқаншылдықтан ада болуды шегелеп тапсырғаны тағы бар. Осыған орай, біз сала сарапшыларын тартып, атаулы кезеңде кезек күттірмей шешуді қажет ететін түйткілдер мен түйінін тарқату жолын байыптап көрдік.

Не күтеміз?

Негізінен Үкіметте цифрландыру ісі, жасанды интеллектіні дамыту жұмыстары біраздан бері қолға алынды. Нақты міндеттер межеленген құжаты да бар. Бұған 2024–2029 жылдарға арналған «Жасанды интеллектіні дамыту» тұжырымдамасы тұздық бола алады. Осыған қоса «Жасанды интеллект туралы» Заң мен Цифрлық кодекс қабылданды. Яғни заңнамалық база жасалған. Енді арнайы қаулымен бекітілген атаулы жылдың жүгі қандай, міндеті нендей?

Жыл басында өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осы атаулы кезеңдегі басты мақсат экономи­каның барлық саласына серпінді технология­ларды енгізу екенін айтты. «Жаңа цифрлық өнімдердің оң нәтижесін әр азамат сезінуге тиіс. Президент Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды. Озық технологиялар саласында біз цифрлық шешімдер мен қызметтерді сәтті жасап, сата білетін жетекші елдердің қатарына кіруге ұмтылуымыз керек», деді Үкімет басшысы.

Зейнеткер Айнагүл Еркінбекқызы интернеті нашар шалғай елді мекенде тұрады. Оның айтуынша, туысын үйіне уақытша тіркеу үшін не ауыл шетіндегі төбеге, не ауданға бару керек. Ауылдастарына ортақ мәселе шешілер деп атаулы жылдан үміт етіп отыр. «Өткен жазда үйімді жөндеуге екі балам мен немерелерім 1,5 айға келді. Учаскелік полиция 1 айдан аса уақыт тұратын болса, уақытша болсын тіркеуге тұру керек екенін айтты. Заңға бағынып, қосымшамен үйден шықпай тіркете қояйық десек, бетті сканерлеуден өткізуге келгенде айналып тұрып алды. Үкімет басшысының әр азамат цифрлық өнімдердің игілігін көруі керек дегенін теледидардан тыңдадық та. Енді соған осы жылы еліміздегі барлық ауылға жақсы, сапалы интернет жеткізіп, Еgov-ты еркін қолданатындай жағдай жасаса жөн еді», дейді зейнеткер.

Бұл негізі кейіпкеріміздің ауылдас­та­рына ғана ортақ мәселе болмай тұр. Үкі­меттің өткен аптада таратқан ақпаратында айтылғандай, елімізде 2606 ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Биыл тағы 1900-ін қосу жоспарланған. Елімізде 6 мыңнан аса ауыл бар, демек әлі 1500 ауыл кезегін күтпек, бұл жылдың атқаратын салмақты жүгінің бірі осы секілді. Себебі жыл­дам интернет болмаса, цифрландырудың игілігін көру мүмкін емес. 

Сан емес, сапа маңызды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті жасанды интеллект кафедрасының зерттеушісі, PhD Нұрзада Амангелді бұл бастаманы баға­лау кезінде субъективті әсерге емес, 2024–2029 жылдарға арналған «Жасан­ды интеллектіні дамыту» тұжырым­дамасында бекітілген нақты нысаналы индикаторларға сүйенуіміз қажет екенін айтады. Оның ойынша, аталған тұжырымдамаға сай 2026 жылы жасанды интеллект саласында кемі 100 ғылыми жарияланым мен 5 патентке қол жеткізу жоспарланған. Бірақ мұнда сан ғана емес, сапа маңызды. Халықаралық деңгейдегі беделді журналдардағы жарияланымдар мен коммерцияландыруға бағытталған зерттеулер басым болуға тиіс. Сонымен қатар кемінде 10 жасанды интеллект (AI) стартаптың пайда болуы ғылыми нәтижелердің нарыққа шығуының көрсеткіші болады. Егер зерттеу нәтижелері нақты секторда енгізіліп, экономикалық әсер бере бастаса, онда бұл бағытты сәтті деп бағалауға болады.

«Менің ғылыми көзқарасым бойын­ша елімізде жасанды интел­лек­тіні кеңі­нен енгізуге қажетті база­лық инфра­құрылым да, кадрлық әлеует те жет­кілікті деңгейде қалыптасып келеді. Біріншіден, есептеу инфрақұрылымы бағытында нақты қадамдар жасалды: суперкомпьютер іске қосылды, дерек­терді өңдеу орталықтары құрылып, ұлттық платформа қалыптасып жатыр. Мемлекеттік деңгейде ведомстволық бағдарламалар қабылданып, страте­гия­лық құжаттар бекітілді. Бұл – техно­логиялық негіздің бар екенін көрсетеді. Екіншіден, кадрлық әлеует жағы: ЖОО-да AI пәндері енгізілді, халықаралық сер­тификаттау бағдарламалары іске асырылды, жас зерттеушілер мен стар­таперлер белсенді. Отандық команда­лардың халықаралық олимпиадалар мен «Kaggle» платформасындағы жетіс­тіктері адам капиталының сапасын көрсетеді. Мұндағы әлсіз тұс – техника, технологияда емес, институционалды һәм мәдени деңгейде, жауапкершілікте. Кей жағдайда мемлекеттік бастамаларға сенімсіздік, ортақ мақсатқа бірлесе жұмыс істеу жетіспейді. Яғни мәселе – инфрақұрылымның жоқтығында емес, оны бір бағытта жұмылдыруда. Егер әр зерттеуші, оқытушы, кәсіпкер, азамат осы стратегиялық құжаттарды формальды емес, ұлттық даму құралы ретінде қабылдап, өз үлесін қосса, әр ұйым қара­жатты мақсатты, тиімді жұмсаса, міндетті түрде нәтиже болады. Мемлекет қаржысын ысырап етпеу – бәріміздің азаматтық міндетіміз», дейді ғалым Н.Амангелді.

Оның пікірінше, атаулы кезең ғы­лым­ға бір жылдық қана акция болмауға тиіс. Осынша AI агент іске қосылды, бұдан осынша мемлекеттік қызметті автоматтандырды, жұмысқа жұмсала­тын уақыт осынша қысқарды, өнімділік мынанша артты, пәлен стартап құрылды, бұлар арқылы осынша қаражат тап­тық, осынша ғылыми жоба нарыққа шы­ғып, өнімге айналды дегендей нәтиже көзге көрінгені керек. Әр ведомство жоспар емес, дәл көрсеткіш көрсетуге тиіс. Ең ­бастысы, жыл соңында көп іс-шара өткенін тізген есеп емес, дерек–инфрақұры­лым – кадр – өнім тізбегі жұмыс істеп тұр­ғаны жөн. Яғни зерттеу­ден бастап нақты енгізуге дейінгі жүйе тұрақты жұмыс істеуі қажет. Сон­да ғана бұл бастама бір реттік науқан емес, ұзақмерзімді саясат­тың нақты бастамасы болады. 

Стартап жайбасарлықты «жаратпайды»

Стартап деген ұғым бар. Бұл – нарықта, кез келген салада бұрын болма­ған шешімді тудыратын, қысқа уақытта ауқымды дамуды көздейтін жоба. Осын­дай стартаптардың нәтижесінде көп салада қарқынды дамудың барына көз жеткізіп отырмыз. «New York University»-де магис­тратура тәмамдаған ІТ университеті­нің түлегі стартапер Айнұр Нұрәділ Цифр­ландыру және жасанды интеллект жылын­да АІ негізінде жобаларды бас­тау қиын емесін, мұнда бастысы тарату еке­нін айтады. Оның сөзіне қарағанда, еліміз­де, әсіресе Астанада, AI негізіндегі стартапты бастау салыстырмалы түрде оңай. Бұған «Astana Hub», «Nazarbayev University» сияқты экожүйе элементтері үлес қосып отыр. Инфрақұрылым, акселерация бағдарламалары, бастапқы менторлық қолдау бар. Яғни идеядан «MVP» кезеңіне дейін жету мүмкіндігі жеткілікті. Алайда ең үлкен кедергі – масштабтау кезеңі.

«Стартап бастапқы фазадан өткен соң, өсімге, нарықты кеңейтуге, үлкен деректерге, институционалдық серіктестікке мұқтаж болады. Дәл осы кезеңде жүйелі, ұзақмерзімді қолдау бағдарламалары жеткіліксіз. Масштабтау – капитал, серіктестік пен мемлекеттік деңгейдегі интеграцияны талап ететін ең күрделі фаза. Мысалы, біздің «AR Sana» деп аталатын стартапымыз – балалардың сөйлеуін дамытуға арналған AI-жоба. Модельді үйрету үшін балалардың дауыс деректерін жинау керек. Бұл – өте нәзік әрі этикалық жағынан қиындау іс. Қазір деректерді қолмен, жеке жұмыс арқылы жинап отырмыз. Бұл уақытты да, ре­сурсты да көп талап етеді, масштабтауға кедергі келтіреді. Сонымен қатар мемлекеттік құрылымдармен байланыс орнатуға, қанатқақты жоба ретінде мектептер арқылы деректер жинауға тырыстық. Бірақ мемлекеттік ұйыммен байланыс та ұзақ уақыт алады. Ал стартап экожүйесінде уақыт шешуші фактор саналады. Стартаптар баяу әрекетті «кешірмейді». Егер шешім қабылдау ұзаққа созылса, бұл жобаның даму қар­қынына тікелей әсер етеді. Сондықтан не­гізгі мәселе – бастау емес, тарату, деректерге қолжетімділік пен институцио­налды серіктестік», дейді А.Нұрәділ. 

Соңғы жаңалықтар

Қопа мектебіне қолдау көрсетілді

Мектеп • Кеше

Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді

Ата заң • Кеше

Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды

Олимпиада • Кеше

Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр

Шахмат • Кеше

«Қазақфильм» киностудиясына 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Оқиға • Кеше

Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Ата заң • Кеше

Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті

Аймақтар • Кеше

Жалын Тілеуберген: Конституциялық құндылықтар ұлттық болмысты сақтап, әділетте қоғам құруға жол ашады

Ата заң • Кеше

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды

Футбол • Кеше

Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды

Оқиға • Кеше

Астанада жүк көлігі өртке оранды

Оқиға • Кеше

119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты

Аймақтар • Кеше

Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады

Референдум • Кеше

Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары