Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ақтөбедегі жеке үйдің ауласында жұмбақ жағдайда ыстық бастау пайда болды

Ақтөбедегі жеке үйдің ауласында жұмбақ жағдайда ыстық бастау пайда болды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ақтөбедегі Жүргенов көшесінде орналасқан жеке үйлердің бірінде бірнеше айдан бері кәдімгі салқын судың орнына ыстық су ағып тұр. Үйде орталық су құбыры жоқ, сондықтан үй иесі сонау 98-ші жылы ұңғыма бұрғылаған. Ол жерден ыстық су шыға бастағанда, үй иесі оны емдік су деп топшылаған, деп хабарлайды Tengri Life "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Зейнеткер Ляззат Рахманованың үйіне күн сайын айналадағы ауылдардан, тіпті өзге қалалардан "ғажайып суды" толтырып алу үшін адамдар ағылып келеді. Оның айтуынша, судың ыстықтығы сондай, тіпті күйіп қалуға болады.

Ішуге немесе жуынуға қажетті суды алдын ала ыдыстарға құйып алып, суытып қояды. Фото: Сәуле Мұрат/"Диапазон"

"Мен оны сатпаймын, ешкімге де бетін қайтарған емеспін. Кейбіреулер балаларға балмұздақ пен тәтті-дәмдіге деп ақша тастап кетеді, рақмет. Ұңғымадан ыстық су шыққанда, мұны жоғарыдан келген сый деп шештім. Бірақ ішуге жарамды ма, жоқ па, соны білу үшін сараптамаға өткіздім. Зертханада суды зерттеп, оның құрамында зиянды қоспалар жоқ, ішуге болады деген қорытынды берді. Ал емдік қасиеті туралы ол жерде ештеңе айта алмады", - дейді үй иесі.

Суды ішу үшін үй иесі оны алдымен суытып алады. Оның айтуынша, көршілес екі үйдегі ұңғымалардан да осындай ыстық су шығып жатыр екен. Ляззаттың туыстары үйдің астында термальды бұлақ бар және судың емдік қасиеті болуы мүмкін деп ұйғарған. Олар суға келе бастаған, кейін басқалар да ести бастапты.

"Басында судың бұл күйі уақытша шығар, қайта суып кетер деп ойладық. Бірақ бір жылға жуықтады, су тек ысып барады. Оның бойында емдік қасиет бар деп ойлаймын. Аулаға бір-екі себезгі кабинасын орнатқым келеді, сонда емделгісі келетіндер шомыла алар еді", - дейді зейнеткер.

Ляззат Рахманова Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының филиалы берген құжаттарды көрсетті. Онда судың сапасы ішуге жарамды екені жазылған. Фото: Сәуле Мұрат/"Диапазон"

Дегенмен, мамандар тіршілік нәрінің емдік қасиетіне күмәнмен қарайды және үйдің астында термальды бұлақтың болуы мүмкін емес дейді.

"Біздің өңірде термальды сулар кемінде 1000 метр тереңдікте орналасқан. Шалқарда 800 метрлік ұңғыма бұрғылағанбыз, соның өзінде судың температурасы 32 градус болды. Суы емдік саналатын және адамдар әлі күнге дейін емделуге баратын Құланды түбегінде (Қызылорда облысы) ұңғымалар кеңес заманында бұрғыланған, ол жақта да су өте тереңде жатыр. Ал қалада... Егер бұл ыстық су құбырынан немесе жылу трассасынан кеткен ақау болмаса, басқасын білмеймін. Ол жақтан аққан су жер қабатына өтуі мүмкін. ЖЭО-дан келетін ыстық су бізде де ауыз су болып саналады", - деді 54 жылдық тәжірибесі бар гидрогеолог, ҚР Минералды ресурстар академиясының академигі, "Ақпан" ЖШС басшысы Азамат Дүйшекенов.

Оның айтуынша, Ақтөбеде шамамен 300-400 ұңғыма бұрғыланған, олардың тереңдігі 10 метрден 80 метрге дейін барады және еш жерде термальды су жақын орналаспаған.

"10 метр тереңдікте оның болуы тіпті мүмкін емес. Біздің ұңғымалардан шығатын судың температурасы максимум 9-дан 12 градусқа дейін болады. 700-800 метр тереңдікте жылы су болуы мүмкін, бірақ оның өзі 30 градус шамасында", - деп түсіндірді маман.

"Aqtobe su-energy group" АҚ-да Жүргенов және Алтынсарин көшелерінің қиылысында сыртқы жылу желілері өтетінін хабарлады. Бұл учаскеде жылу желілері мен су құбыры желілерінің қиылысуы (параллель төселуі) жоқ. Сонымен қатар жылу желілері темірбетон каналдардың (науалардың) ішіне төселген, бұл олардың су құбыры желілерімен тікелей жанасуын толықтай жоққа шығарады. Сыртқы жылу желілерінің әсерінен салқын судың ысуы мүмкін емес.

Зейнеткердің үйіндегі сорғы неліктен жер астынан салқын судың орнына ыстық су тартып жатқаны әзірге түсініксіз. Судың шынымен де емдік қасиеті бар-жоғын тек Курортология ғылыми-зерттеу институты анықтай алады, дейді сарапшылар. Бірақ әзірге ол жаққа ешкім сараптамаға тапсырыс бермеген.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 10:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары