Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ақылды мақта алқабы: Шыңжаңда мақта өсірудің жаңа технологиясы сынақтан өтіп жатыр

Ақылды мақта алқабы: Шыңжаңда мақта өсірудің жаңа технологиясы сынақтан өтіп жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мақта алқабын бақылау үшін енді агрономның тәжірибесіне ғана сүйену міндетті емес. Шыңжаңның Чанцзи агротехнологиялық аймағында мамандар топырақтың ылғалын датчиктер арқылы өлшеп, егістікті дронмен бақылап, ауа райы мен зиянкестердің қозғалысын озық технологиялар арқылы тұрақты қадағалап отыр. Жиналған мәлімет суару уақытын белгілеуге, тыңайтқыш мөлшерін есептеуге және өсімдіктің жағдайына қарай шешім қабылдау кезінде қолданылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Біз барған «Ақылды мақта алқабы» жоғары өнімділікті зерттеу базасында ауыл шаруашылығын цифрландырудың түрлі тәсілі егістікте сынақтан өтіп жатыр. Жобаның мақсаты – мақта өсіруді тек қалыптасқан тәжірибеге емес, нақты деректерге сүйене отырып басқару.

Жоба Қытайдың Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Батыс ауыл шаруашылығы зерттеу орталығы мен Чанцзи агротехнологиялық аймағының бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылуда.

73 гектарлық алқапта қандай тәжірибе жүріп жатыр?

Чанцзидегі Лаолунхэ тәжірибе базасының жалпы аумағы шамамен 73,3 гектарды құрайды.

Зерттеу жобасының жұмысы үш кезеңге бөлінеді. Алдымен 6,7 гектар зерттеу алаңында жаңа технологиялар сынақтан өтеді. Кейін бұл тәсілдер 66,7 гектар алқапта қолданыс барысында тексеріледі. Тиімділігі дәлелденген жағдайда озық технологияларды шамамен 667 гектар жерге дейін ұлғайту көзделген. Яғни мамандар жаңа тәсілді бірден үлкен алқапқа енгізбей, алдымен шағын аумақта сынап, нәтижесін тексеріп, содан кейін ауқымын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Зерттеу орталығының мәліметінше, жоба 2024 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алғашқы жылы мамандар егістіктің жағдайы туралы деректер жинап, мақтаның өсіп-жетілу барысын бақылаған. 2025 жылы жиналған мәліметтерді талдау арқылы суару, тыңайтқыш беру және басқа да агротехникалық жұмыстардың уақытын айқындауға арналған модельдер әзірленген. Ал 2026 жылы осы тәсілдердің тиімділігін нақты егістік жағдайында тексеріп, оларды кең көлемде қолдану мүмкіндігі бағаланып жатыр.

Егістіктегі әр өзгеріс есепке алынады

Алқаптың ерекшелігі – мұнда мақтаның жағдайын бақылауға арналған түрлі құрылғылардың бір жүйеге біріктірілуінде.

Топырақтағы ылғал мен температураны өлшейтін датчиктер, шағын метеостанциялар, зиянкестерді бақылау құрылғылары және өсімдіктің өсуін қадағалайтын жүйелер орнатылған. Олар топырақтың ылғалдылығы мен температурасын, ауа температурасы мен ылғалдылығын, желдің бағыты мен жылдамдығын, жауын-шашын мөлшерін, күн радиациясын және зиянкестердің таралуын тіркейді.

Жиналған мәліметтер бір жерге топтастырылып, мақтаның барлық өсу кезеңіндегі өзгерістерді бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық база қалыптастырады.

Дрондар да осы жүйенің бір бөлігі. Олар белгілі бір мерзім сайын алқапты жоғарыдан түсіріп, өсімдіктің бойын, жамылғысының тығыздығын және өсу ерекшеліктерін бақылауға көмектеседі.

Осылайша мамандар егістіктің жағдайын тек алқапқа барып, көзбен тексерумен шектелмейді. Жердегі датчиктер нақты көрсеткіштерді берсе, дрондар егістіктің жалпы аумағын толық бағалауға мүмкіндік береді.

Су мен тыңайтқышты өсімдіктің қажетіне қарай қолдану

Жобада ерекше назар аударылған бағыттың бірі – суару мен тыңайтқышты дәл мөлшерлеу.

Базада топырақтың ылғалын өлшейтін датчиктер тамшылатып суару жүйесімен және цифрлық басқару платформасымен байланыстырылған. Соның арқасында мамандар топырақтағы ылғал деңгейін тұрақты бақылап, суару уақытын соған қарай анықтай алады.

Аталған жүйе мақтаның өсу кезеңіндегі су мен қоректік заттарға деген қажеттілігін де ескереді. Яғни суару алдын ала белгіленген кесте бойынша ғана емес, өсімдіктің және топырақтың нақты жағдайына қарай жүргізіледі.

– Екі жылдық сынақ барысында су шығыны гектарына 300–450 текше метрге азайды. Ал тыңайтқышты пайдалану 10 пайызға кеміді. Бұл осы демонстрациялық базада жүргізілген сынақтың нәтижелері. Сондықтан көрсеткіштерді барлық мақта шаруашылығына бірдей нәтиже береді деп қабылдауға болмайды. Өнімділік пен ресурс үнемдеу топыраққа, ауа райына, мақта сұрпына және қолданылған агротехнологияға да байланысты, – дейді Қытай Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының өкілі, профессор Сум ханым.

Жасанды интеллект агрономға қалай көмектеседі?

Бұл алқапта жасанды интеллект те ауыл шаруашылығы шешімдеріне біртіндеп енгізіліп жатыр.

Мамандар ауа райы, топырақтың жағдайы, өсімдіктің өсу қарқыны және бұрынғы өндірістік көрсеткіштерді бір жүйеде талдайды. Осы деректер негізінде мақтаны егу мерзімін белгілеу, алғашқы суару уақытын жоспарлау, аптап ыстықтың ықпалын алдын ала бағалау, сондай-ақ зиянкестер мен аурулардың таралу қаупін бақылау бойынша модельдер әзірленуде.

Мысалы, ауа температурасы шамадан тыс көтерілген кезде жүйе алдын ала ескерту беріп, мамандарға қажетті агротехникалық шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Жоба мамандарының айтуынша, мұндай тәсіл жоғары температураның өсімдікке әсерін азайтып, қауашақтардың өсуі мен сақталуына ықпал етуі мүмкін.

Бұл жерде жасанды интеллектінің міндеті – әртүрлі деректі жинақтап, талдап, маманға шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты уақытында ұсыну.

Агротехникалық тәсілдер жетілдіріліп жатыр

Цифрландыру тек бақылаумен шектелмейді. Негізгі зерттеу алаңында жүргізушісіз ауыл шаруашылығы техникасын қолдану да сынақтан өтіп жатыр.

Дрондар егістікті бақылау, өсімдіктің жағдайын бағалау, зиянкестерді анықтау және өсімдікті қорғау жұмыстарында қолданылады. Ал автономды техника жер өңдеу, тұқым себу және алқапты күтіп-баптау сияқты жұмыстарды автоматтандыру мүмкіндігін тексеруге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстардың барлығын цифрлық аграрлық платформа бір жүйеге біріктіреді. Платформада жүргізілген агротехникалық жұмыстар, пайдаланылған материалдар, өндірістік көрсеткіштер мен басқа да мәліметтер тіркеледі. Мұндай жүйе шаруашылықтағы әр кезеңнің есебін жүргізіп, кейінірек жиналған ақпаратты талдауға мүмкіндік береді.

Алқапта қолданылатын датчик, дрон, суару жүйесі, цифрлық платформа, автономды техника және алгоритмдер бір-бірімен байланыстырылған. Осылайша ол тұтас жүйені құрайды.

Өнімділік гектарына 9,8 тоннадан асқан

Базаның 2025 жылғы мәліметіне сәйкес, цифрлық технологиялар мен жоғары өнім алуға бағытталған агротехникалық тәсілдер қатар қолданылған алқаптарда мақта өнімділігі гектарына 9,8 тоннадан асқан.

Жоба авторлары бұл көрсеткіш дәстүрлі тәсілімен салыстырғанда шамамен 8 пайыз жоғары болғанын айтады.

Алайда Сум ханымның айтуынша, алынған нәтижені тек жасанды интеллект немесе дрондармен байланыстыруға болмайды. Мақта өнімділігіне тұқымның сапасы, топырақ жағдайы, суару, тыңайтқыш, өсімдікті қорғау және агротехникалық жұмыстардың уақытында жүргізілуі сияқты көптеген фактор әсер етеді.

Сондықтан жобаның негізгі ерекшелігі – бір ғана технологияның қолданылуында емес, осы факторлардың барлығын деректер арқылы бақылап, бір жүйеден басқаруға ұмтылуында.

«Ақылды мақта алқабының» мақсаты – адамды технологиямен алмастыру емес

Чанцзидегі жоба әзірге тәжірибелік кезеңде. Ал келесі міндет – технологияларды жетілдіріп қана қоймай, оларды шаруашылықтарға қолжетімді ететін модель қалыптастыру.

Жоба авторлары 6,7 гектар негізгі зерттеу алаңында тәжірибелерді жалғастырып, 66,7 гектар аумақта технологиялардың тиімділігін кең көлемде тексеруді жоспарлап отыр. Кейін нәтижесі тұрақты болған шешімдерді одан да үлкен алқаптарға тарату көзделген.

Бұл ретте технологияның егістікте тиімді жұмыс істеуімен қатар, оны шаруашылықтарға енгізудің экономикалық және практикалық мүмкіндігі де маңызды. Өйткені тәжірибелік алқапта тиімділігін көрсеткен жүйені жүздеген, тіпті мыңдаған гектарға енгізу үшін техникалық қызмет көрсету, байланыс инфрақұрылымын қамтамасыз ету, мамандарды даярлау және фермерлердің жаңа технологияны пайдалану мүмкіндігі сияқты мәселелерді де ескеру қажет.

Чанцзидегі тәжірибенің негізгі мәні де осында. Мұнда мақта өсірудің қалыптасқан тәсілдері түбегейлі өзгеріп жатқан жоқ. Негізгі өзгеріс – егістікті басқару әдісінде. Датчиктер топырақтың жағдайы туралы мәлімет берсе, дрондар егістіктің жай-күйін бақылайды. Ал цифрлық жүйе осы деректерді жинақтап, оларды талдау арқылы агрономдарға суару, тыңайтқыш беру және басқа да жұмыстарды жоспарлауға көмектеседі.

«Ақылды мақта алқабының» мақсаты – адамды технологиямен алмастыру емес. Керісінше, агрономның тәжірибесін нақты деректермен ұштастырып, мақта өсіруді дәл жоспарлауға және ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жүйе қалыптастыру.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 01:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары