Ақжарқын Тұрлыбайды қайтару үшін Нигерия азаматын экстрадициялауға күш салынып жатыр
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 30 қазан. – Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысы бар Нигерия азаматын экстрадициялауға мүдделі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осыдан 11 жыл бұрын студент Ақжарқын Тұрлыбай Алматыдан Қытайға ұшып барған. Оның айтуынша, Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортун Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін апарып, табыс табуды ұсынған. Ақжарқын Қытайдан ұшып бара жатқанда ұсталды. Сөмкесінен есірткі табылған болатын. Сол үшін өмір бойына бас бостандығынан айрылды.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, Нигерия азаматын тергеуге алу үшін Қазақстанға экстрадициялау қажет.
"Біз бұл мәселені бақылаудан шығармаймыз, оның экстрадициясын жасауға тырысамыз. Оның өзіндік тәртібі бар. Интерпол іздеуде жүрген адамның қай жерде жүргенін анықтайды. Осыдан кейін экстрадиция механизмі іске қосылады. Қазір біз оның жүргенін жерін анықтағанын күтіп отырмыз. Анықталған бойда экстрадиция мәселесімен айналысатын боламыз", – деді Қойнелдиев сенаттағы брифингте.
Айта кетері, бұған дейін Алматының полициясы Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортунға қатысты есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық іс қозғаған болатын. Соның негізінде оған Интерпол арқылы іздеу жарияланды.
Қазіргі кезде Қазақстан мен Нигерия арасында экстрадиция туралы келісім жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:97
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 14:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















