Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Әсет Ерғалиев Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы даму негізгі басымдықтарын анықтады

Әсет Ерғалиев Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы даму негізгі басымдықтарын анықтады

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың өткен жылдың қорытындылары мен 2026 жылғы негізгі басымдықтары туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бюро басшысы ресми деректер сапасын, дәлдігін және жеделдігін арттыру, макроэкономикалық статистиканың әдістемелік базасын күшейту, сондай-ақ баламалы және әкімшілік дереккөздерді кеңінен пайдалану бойынша атқарылған жұмыстар нәтижелерін ұсынды. Соның арқасында өткен жылы респонденттерге түсетін жүктеме 30%-ға азайып, үлкен деректер статистикалық қызметке енгізілді.

Атап айтқанда, 2026 жылдың басынан бастап Бюро инфляцияны есептеудің жаңа тәсіліне көшті, оған фискалдық чектер мен маркетплейстердің деректері қолданылуда. Қазіргі уақытта бұл тәсіл 158 тауар мен қызметтің дәстүрлі бағасын есептеуді қосымша 120 млн құндық жазбаларға негізделген әдіспен алмастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) ұлттық статистикалық жүйеге шолу жұмыстары аяқталғаны хабарланды. Нәтижесінде Қазақстан ТМД елдері арасында ресми түрде ЭЫДҰ-ның статистикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі ұсынымдарына қосылған алғашқы мемлекет болды.

Сондай-ақ кездесу барысында Цифрлық кодекске сәйкес Агенттікке деректер экономикасын дамыту жөніндегі жаңа құзырет берілгені атап өтілді. Осы бағыт аясында цифрлық экономиканың дамуына және мемлекеттік пен жекеменшік секторлар арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететін ашық әрі қауіпсіз деректер нарығын қалыптастырудың негіздері әзірленуде.

Осы мақсатта Цифрлық кодекс нормаларын іске асыру шеңберінде деректердің цифрлық өнімдерін алмасу және олардың айналымы платформаларының жұмыс істеу қағидалары қабылданатын болады. 

Бұл деректерді экономикалық актив ретінде есепке алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Шанхай деректер биржасымен бірлесіп Қазақстанның деректер биржасын дамытуға арналған әдіснамалық және технологиялық базаны қалыптастыру жұмыстары аяқталу сатысында.

2026 жылға арналған басымдықтардың қатарында - статистиканың одан әрі цифрлық трансформациясы, жасанды интеллект құралдарын енгізу, әкімшілік және баламалы дереккөздерден алынған үлкен деректерді белсенді пайдалану, сондай-ақ халықаралық интеграцияны нығайту болып табылады.

Көрсеткіштерді есептеудің жаңа әдістерін дамыту жалғастырылады: туризм және миграция статистикасында ұялы байланыс операторларының деректерін пайдалану, ішкі сауда статистикасында фискалдық чектер мен электрондық шот-фактура деректерін қолдану, тоқсандық ЖІӨ-ні дискреттік есептеу енгізу, халықтың ақша табысын бағалау әдістемесін жаңарту және халықаралық ҰШЖ (Ұлттық шоттар жүйесі)-2025 стандартына көшу кезеңін бастау. Бұл шаралар ресми статистиканың аналитикалық тереңдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жылдың екінші жартысында «Taldau» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жаңартылуы аяқталып, пайдаланушылармен өзара әрекеттесу, деректерді іздеу және талдау, ақпаратты автоматты түрде классификациялау үшін ЖИ-ассистенттер негізінде интерактивті мүмкіндіктер кеңейтіледі. 

Сондай-ақ, респонденттерден статистикалық есептілік қабылдау үшін тоғыз сауалнама формасы бойынша мобильді қосымша іске қосылады.

Ұлттық статистика бюросындағы Мінез-құлық экономикасы және үлкен деректерді талдау орталығы базасында экономикалық белсенділіктің жедел трекерлер жүйесі қалыптасуда. Кәсіпорындарда жасанды интеллект қолдануды қадағалау бойынша жалпыұлттық статистикалық бақылау енгізілуде, бұл экономика цифрландыруын басқаруда жүйелі әрі өлшенетін тәсілді қамтамасыз етеді.
Бюро сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты күшейту үстінде. 

2026 жылы Қазақстанның статистика және статистикалық саясат бойынша ЭЫДҰ-ның профильдік комитетіне қосылуға дайындықты аяқтау, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының ұсыныстарын іске асыруды жалғастыру, сондай-ақ елдің Дүниежүзілік банктің статистикалық тиімділік көрсеткіштері (Statistical Performance Indicators) мен Open Data Watch ұйымының деректердің ашықтығы (Open Data Inventory) рейтингтерінде позициясын көтеру жоспарлануда. Астанада деректер саласындағы құзыреттілікті дамытуға арналған өңірлік орталық – Data Literacy Hub құру жұмыстары аяқталуда, ол заманауи цифрлық шешімдермен және визуализация жүйелерімен жабдықталған.

Кездесуді қорытындылай келе, Әсет Ерғалиев Бюроның ресми статистиканы қалыптастырудағы негізгі даму басымдықтарын атап өтіп, статистикалық қызметте жасанды интеллект қолдану мен үлкен деректер экожүйесін дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Аталған басымдықтарды жүйелі жүзеге асыру елдің стратегиялық басқару және тұрақты даму мүддесіне сәйкес заманауи әрі технологиялық ұлттық статистикалық жүйені одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 15:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары