Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі: Дәрігерге қарсы жасалған қылмыс тұтас қоғамға қауіп төндіреді

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі: Дәрігерге қарсы жасалған қылмыс тұтас қоғамға қауіп төндіреді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Дәрігер мен жедел жәрдем қызметкері – ең қиын сәтте адам жанынан табылатын, уақытпен санаспайтын мамандар. Алайда сол жауапты міндетті атқарып жүрген азаматтардың өзі көбіне қорғансыз халде. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ұсынылған жаңа заңнамалық өзгерістер қоғамда қызу пікірталас туғызды. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов «бұл құжаттың басты мақсаты – жазаны күшейту емес, әділ құқықтық теңгерім орнату, кәсіби борыш пен қауіпсіздік арасындағы алшақтықты жою» дейді. 

– Асхат мырза, медицина қыз­мет­керлеріне қарсы зорлық-зомбы­лықты жеке қылмыстық құрам ретінде қарастыру қажеттілігі неден туындады? Бұл мәселе неліктен дәл қазір күн тәртібіне шығып отыр?

– Кейінгі кезде медицина қыз­меткерлеріне қатысты жағымсыз жағдайға жиі куә болып жүрміз. Қоғамдағы ашу-ыза мен агрессия­ның нысанына айналатын ең осал топтың бірі қолында қорғанар құралы да жоқ медицина қызмет­кер­лері болып отыр. Адам ауыр­ғанда, шарасыз қалғанда, ең әуелі дәрігер мен жедел жәрдем қызмет­керінінің көмегіне жүгінеді. Бірақ парадокс мынада: сол қиын сәтте көмекке келетін маманның өзі қа­зір қорған­сыз. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев медицина қызметкерлерін осындай зорлық-зомбылықтан қор­ғау үшін заңнамалық өзгеріс­терді енгізу туралы тапсырма берді. Бұл, шын мәнінде, өте маңызды шешім және әлемнің ең дамыған мемлекет­терінде қабылданып жат­қан дәл осындай заңдар бар екенін айта кеткеніміз жөн. Америка мен Еу­ропада да дәрігерлерді қорғау бо­йынша заңдар қабылданды. 

Бүгінге дейін дәрігерге жасал­ған шабуылдар «тұрмыстық бұза­қылық» секілді жалпы баптармен ғана қаралып келді. Бұл құқықтық тұрғыда дәрігердің кәсіби мәрте­бесін ескермейді. Ал, шын мәнінде, медицина қызметкеріне қарсы жасалған қылмыс жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға қарсы бағыт­талады. Мысалы, бір дәрігерді соққыға жығып, ол төрт ай емделді. Бір қарағанда, жалғыз адам зардап шеккендей көрінеді. Бұл маман осы 4 айда 960 адамды емдер еді. Ойланып қарасақ: мыңға жуық қарапайым азамат осының кесірі­нен дер кезінде білікті көмек ала алмады.  Біреуінің ауруы асқынса, біреуіне уақытылы ота жасалмады.

Яғни, дәрігердің уақытша не­месе тұрақты еңбекке жарамсыз болуы жүздеген, тіпті мыңдаған адам­ның дер кезінде ем ала ал­мауына әкеледі.

Бұл проблема дәл қазір көте­рілуінің тағы бір себебі – әділет­сіздік. Бір жағынан, заң дәрігерге пациентті емдеуді міндеттейді: ол қауіпке қарамай баруға тиіс, көмек көрсетуден бас тарта алмайды, кәсіби қателігі үшін қылмыстық жауапкершілік арқалайды. Екінші жағынан, ұзақ уақыт бойы мемле­кет тарапынан сол дәрігердің қа­уіп­сіздігіне нақты кепілдік беретін норма болмады. Бұл теңгерімсіздік уақыт өте келе жүйелік проблемаға айналды.

Оған қоса, ресми статистикада тіркелген 280 деген шабуыл саны да ахуалды толық сипаттауға мүмкіндік бермейді. Көптеген медицина  қызметкері арыз жаз­байды, себебі ұзақ тергеуге уақыт жоқ, нәтиже боларына да сенім аз. Бұл – қауіпті үрдіс. Ал зорлық жауапсыз қалса, болашақта қайта­ланатыны бесенеден белгілі. Сон­дықтан медицина қызметкерлеріне қарсы күш қолдануды жеке қыл­мыс­тық құрам ретінде бекіту – эмоциялық шешім емес, уақыт талабы дер едім. 

– Жаңа жобада «қорқыту» мен нақты зорлық-зомбылықты ажыра­тып қарастырудың мәні неде? Бұл өзгеріс заңның әділеттілігін қалай қамтамасыз етеді?

– Заңның күші – оның әділ­дігінде. Ал әділдік дегеніміз – әрбір теріс әрекеттің келтірген залалына сай жауапкершілік белгілеу. Осы тұрғыдан алғанда, «қорқыту» мен нақты күш қолдануды ажырату – заң жобасындағы маңызды шешім­дердің бірі.

Қоғамда әртүрлі жағдай бола­ды. Кейде эмоцияға берілген адам сөзбен қоқан-лоқы көрсетуі мүм­кін, ал кей жағдайда ол, шын мә­нінде, физикалық зорлыққа бара­ды. Бұлардың салдары бірдей емес. Сондықтан оларды бір таразыға салу – құқықтық тұрғыдан да, адам­гершілік тұрғысынан да қате бо­лар еді. Заң жобасын талқылау барысында осы мәселе терең зерде­леніп, жазаны саралау қағидаты негізге алынды.

«Қорқыту» бойынша жаза бар, бірақ ол нақты зомбылыққа қара­ғанда жеңілірек. Мұнда заңның басты мақсаты – жазалау емес, алдын алу, тәртіпке шақыру. Негізі, қорқыту туралы жаза қазір де бар, әр эмоцияға берілген адамды жауап­­кершілікке тартып жатқан жоқ қой. 

Ал нақты күш қолдануға кел­генде, ұстаным мүлде басқа. Себебі бұл – дәрігердің денсаулығына тікелей зиян келтіруден бөлек, өзге де пациенттердің медициналық көмек алуына кедергі келтіретін әрекет. Кейбір скептиктер кез келген эмоциялық сөз үшін қатаң жаза беріледі деп қауіптенді. Ол заңды бұрмалау, жай ғана эмоцияны ешкім жазаламайды, қорқыту деген рас болуға тиіс, мысалы, пышақты немесе мылтықты қолына ұстап, «мен сені өлтіремін» десе; яғни бұл қорқыту шынайы әрі мүмкін болса, ол сонда қорқыту болады.  бұл қоғамға да, медицина қызмет­керлеріне де, құқық қорғау орган­дарына да түсінікті, теңгерімді шешім деп есептеймін.

– Медицина қызметкеріне жа­салған шабуылды «екіжақты қол­сұғушылық» деп бағалауды қалай түсінеміз? Заң тұрғысынан алғанда, оның салдары қандай?

– Құқық теориясында «екі­жақты қолсұғушылық» деген ұғым бекер қолданылмайды. Бұл қыл­мыстың бір мезетте екі түрлі құн­ды­лыққа зиян келтіретінін біл­діреді. Медицина қызметкеріне қарсы жа­салған шабуыл дәл осындай си­патқа ие. Біріншіден, бұл нақты бір адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Екіншіден, қоғам­ның денсаулық сақтау жүйесіне, яғни ұлт саулығын қамтамасыз ете­тін қоғамдық қаты­настарға соққы болады. Мәселен, қарапайым жағ­дайда біреудің қо­лын сындыру жеке адамға қарсы қылмыс ретінде сана­лады. Ал егер сол қол хирургтың, нейрохирургтың немесе реанима­тологтың қолы болса, мәселенің ауқымы күрт өз­гереді. Бұл тек бір адамның жара­қатын емес, жүздеген ота мен мың­­даған науқастың тағдырын білдіреді. Демек, мұндай әрекеттің қо­ғамдық қаупі әлдеқайда жоғары.

Дәл осы логика жедел жәрдем қызметіне де қатысты. Бір бригада­ның істен шығуы ондаған шақыр­тудың кешігуіне тең, ал кей жағдай­да салдары да қайтарымсыз болуы мүмкін. Инсульт пен инфаркт ке­зінде минуттар шешуші рөл атқара­ды. Сондықтан жедел жәрдемге шабуыл жасау уақытқа, өмірге қар­сы қылмыс дейміз.

Заң тұрғысынан алғанда, бұл ұғым жазаның қатаңдығын негіз­деу­ге мүмкіндік береді. Себебі мұн­да тек жеке мүдде емес, қоғам­дық қауіпсіздік, ұлттық денсаулық мәселесі қозғалып отыр. Осы себепті арнайы баптың енгізілуі құқықтық қисынға толық сай келеді. Бұл тәсіл бұрыннан бар. Мем­лекет полицейлерді, судья­ларды, құтқарушыларды ерекше қорғайды, себебі олардың қызметі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке тікелей байланысты. Тіпті адво­каттар, журналистер бойынша осы­ған ұқсас қорқыту бойынша да нормалармен ол үшін қатаң жауап­­кер­шілік  бүгінде Қылмыс­тық кодексте бар. Сонда ондаған ма­ман­дық иесі қорғала тұра, неге біз ең көп соққыға жығылатын­дардың санатындағы нағыз қол­дауды қажет ететін дәрігерді қор­ғамауымыз керек? Ал дәл сондай, тіпті одан да нәзік миссия атқара­тын дәрігердің бұған дейін жеткі­лікті қорғалмауы үлкен олқылық еді. Жаңа норма осы олқылықтың орнын толты­рады.

– Бұл заң жобасының ұзақмер­зімді әлеуметтік әсері қандай болады деп ойлайсыз?

– Бұл заңның мәнін тек меди­цина қызметкерлерінің құқығын қорғаумен шектеу оның ауқымын тарылтып көрсету болар еді. Шын­дығында, бұл норма әрбір азамат­тың дер кезінде медициналық кө­мек алу құқығын қорғауға ба­ғыт­талған. Яғни, заңның түпкі ад­ресаты – қо­ғамның өзі.

Дәрігердің қауіпсіздігі қамтама­сыз етілген жерде ғана медицина жүйесі тұрақты жұмыс істей алады. Егер маман күн сайын өз өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін ойлап жұмыс істесе, бұл кәсіби күйзеліс­ке, кадр тапш­ылығына, сапаның төмендеуіне алып келеді. Ал кері­сін­ше, мем­лекет тарапынан нақты қорғаныс барын сезінген медицина қызметкері міндетін сенімді атқарады. Бұл заңның профилак­тикалық рөлі де бар. Қатаң әрі нақты жауапкершілік белгіленсе, агрессияға бейім адамдар әрекетіне бір сәт ойланып қарайды. Яғни, мұны жазалау ғана емес, алдын алу механизмі деуге де болатын шығар. Қоғамда дәрігерге тиісуге бол­майды деген айқын ұстаным қалып­тасады.

Ұзақмерзімді перспективада азамат пен мемлекет арасындағы сенім, пациент пен дәрігер арасын­дағы өзара құрмет күшейеді. Ден­сау­лық сақтау жүйесіне деген көз­қарас өзгереді. «Дәрігер – қызмет көрсетуші» емес, «қоғамдық мис­сия атқарушы» ретінде қабыл­дана­ды.

Ең бастысы, бұл заң қоғамның өзін «өзінен» қорғайды. Педиатрды күтіп отырған бала, инфарктпен жедел жәрдем шақырған қария, шұғыл операцияға мұқтаж науқас – барлығы да осы норманың нақты бенефициары. Себебі дәрігердің қорғалуы олардың өміріне тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл заңды жай ғана салалық құжат емес, әлеу­меттік тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды қадам деп бағалау қажет. Бұл – адам өмірін бірінші орынға қоятын мемлекеттің ұс­танымы.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Кәмила ДҮЙСЕН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 07:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары