Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ашық полиция күні

Ашық полиция күні

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қарағанды облысының прокуратурасы мен Қарағанды қаласына қарасты Қазыбек би ауданы прокуратурасы ұйымдастырған іс-шараға  Ж.Букенов атындағы  Қарағанды банк колледжінің студенттері мен қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Олар Қарағанды қалалық Полиция бас­қармасының жұмысымен танысып, құқық қорғау жүйесінің күнделікті қызметін көзбен көрді.

– Жасөспірім шақ – адамның мінезі қалыптасып, қоршаған ортаға көзқарасы орнығатын кезең. Дәл осы уақытта құқық пен жауапкершілік, еркіндік пен тәртіп, таңдау мен салдар туралы ашық әңгіме жүргізу аса маңызды. Осы іс-шарамыздың да негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және полиция қызметіне деген сенімді нығайту. Бір қарағанда, полиция ғимаратын аралату, қызмет кабинеттерін көрсету, мамандармен кездестіру секілді қарапайым таныстыру болып көрінуі мүмкін. Дегенмен оның астарында әлдеқайда салмақты мақсат жатыр, – деді Қазыбек би ауданы прокуратура­сының бөлім прокуроры Гүлсара Керім­жанова. 

Гүлсара Серікқызының айтуынша, құқықтық мәдениет тек заң бап­тарын жаттаумен қалыптаспайды. Жас адам заңның қалай жұмыс істейтінін, поли­цияның қандай жағдайда әрекет ететінін, құқықбұзушылықтың қандай жауап­кершілікке әкелетінін нақты көр­генде ғана оның бойында ішкі тежем, аза­маттық жауапкершілік пайда болады.

«Ашық полицияға» келген жастар Қарағанды қаласының Полиция басқармасынын жұмысымен танысты. Қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік жұмыстарын үйлестіретін орталықта қатысушылар ішкі істер органдарының күнделікті қызметімен танысып, полиция жұмысының сырт көзге көріне бермейтін қырларын көрді.

Келгендер жедел басқару орталығын көрді. Мұнда 102 операторлары тұрғын­дардан түскен қоңырауларды қабылдайды. Хабарламалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тіркеледі. 

– Бір қарағанда, оператордың жұмысы тек телефон тұтқасын көтерумен шек­телетіндей көрінуі мүмкін. Бірақ шұғыл хабар түскен сәттен бастап бірнеше қызмет бір мезетте қозғалысқа келеді. Мысалы, тұрғын ұрлық немесе құқық­бұзушылық туралы хабар берсе, оператор ақпаратты тіркейді. Сол уақытта бейне­бақылау инспекторлары оқиға болған аумақтағы камераларды тексереді. Нави­гаторлар GPS арқылы сол маңда жүрген патрульдік экипаждарды анық­тайды. Ал күштік құрылымдарды басқару тобы жақын маңдағы нарядты оқиға орнына бағыттайды, – дейді жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы Асанәлі Әкімов. 

Жедел басқару орталығында қа­ла­дағы хал-ахуал үлкен экрандар арқылы қада­ғаланады. Бейне­бақылау инспекторлары көшелердегі, қоғамдық орындардағы, білім беру мекемелері маңындағы ахуалды ұдайы бақылап отырады. Мұның бәрі құқықбұзу­шы­лық­тың алдын алуға, оқиға болған жағдайда дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. 

Асанәлі Әкімов жастарға «Қорғау» бағдарламасының жұмысын да түсіндірді. Бұл жүйе іздеудегі немесе ұрланған көліктерді, сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзған автокөліктерді әп сәтте анықтауға көмектеседі. 

– Бұл жерде тағы бір маңызды мәселе бар. Полицияның әр әрекеті заң аясында жүзеге асады. Қызметкерлер азаматты біреудің ауызша сөзімен немесе негізсіз күдікпен ұстай алмайды. Кез келген іс-қимыл ресми тіркелген дерекке, ар­ыз­ға, нақты ақпаратқа және заң та­лап­тарына сүйенеді, – деді Асанәлі Әкімов. 

Жедел басқару орталығынан кейін қатысушылар криминалист мамандардың жұмысымен танысты. Бұл бөлім жастар үшін ерекше әсерлі болды деуге болады. Өйткені көпшілік қылмысты ашу жұмысын көбіне кинодағы көріністер арқылы елестетеді. Ал шынайы өмірде оның әр қадамы нақты айғаққа, мұқият рәсімге және заң талабына сүйенеді.

Жедел-криминалистика бөлім­шесінің бастығы, полиция подполковнигі Денис Сафонов қатысу­шы­ларға қылмыстық есепке алу кабине­тінің жұмысын түсін­дірді. Мұнда заңда белгіленген тәртіппен күдікті ретінде ұсталған тұл­ғалардың саусақ ізі алынып, фотодеректері рәсім­деледі, қажет болған жағдайда биология­лық үлгілер жиналады. Мұның бәрі бола­­шақта қылмысты жедел ашуға, оқиға орнында қалған із арқылы тұлғаны анықтауға және тергеудің сапалы жүргіз­і­луіне мүмкіндік береді.

Денис Сафонов жастарға дактилос­копиялық құралдардың қалай қолданы­латынын да көрсетті. Саусақ ізін алу, оны арнайы базаға енгізу, кейін сол із арқылы сәйкестендіру жүргізу – крими­налистік жұмыстың негізгі кезеңдерінің бірі. Соны­­мен қатар қатысушыларға фотодерек рәсімдеу, бейнебақылау жазбаларын талдау, қажет жағдайда ДНҚ үлгілерін жинау тәртібі туралы да ақпарат берілді.

Келесі нүкте – уақытша ұстау изо­ля­­торы мен қабылдау-бөлу пункті. Бұл нысандардың әрқайсысы құ­қық қорғау жүйесінде өзіндік орны бар режимдік мекемелер. Сондықтан мұндағы түсіндіру жұмыстары белгіленген тәртіп аясында жүргізілді.

– Бұл жерде ең маңыздысы – шараның қорқытуға емес, сақтандыруға құрылуы. Прокуратураның бастамасы да осыған саяды. Жасөспірім заңды бұзбай тұрып, оның салдарын білсін. Қателік жасамай тұрып, жауапкершілікті сезінсін. Құқық қорғау органдарын тек жазалаушы құры­лым емес, қоғам қауіпсіздігін қам­та­масыз ететін ашық жүйе ретінде танысын, – деді Гүлсара Серікқызы.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Мамыр 2026 07:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары