Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ашық теңіз туралы шарт ресми түрде күшіне енеді

Ашық теңіз туралы шарт ресми түрде күшіне енеді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Келер жылы 17 қаңтарда Халықаралық "Ашық теңіз" туралы шарт ресми түрде күшіне енеді.

Бұл Біріккен ұлттар ұйымының бастамасымен бекітілген қарар. Мақсат – теңіз түбіндегі биоалуандықты қорғау. Яғни балықты бей-берекет аулау, ластау және климат өзгерісі сияқты қатерлерге қарсы тұрудың алғышарты болмақ. Әлемдік мұхит бетінің шамамен үштен екісін қамтитын бұл су айдындары көмірқышқыл газын сіңіру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де маңызды.

Ашық теңізге кім иелік етеді?

Ашық теңіз әлемдік мұхиттың үштен екісінен астамын алып жатыр. Осы уақытқа дейін оны түрлі реттеуші органдар басқарып келді. Бірі теңіз түбі мен континенттік шельфті, енді бірі кеме қатынасын қадағалады. Ал Ашық теңіз туралы шарт халықаралық суларда теңіз қорық аймақтарын құруға, әлі ашылмаған теңіз ресурстарынан түсетін пайдаларды әділ бөлуге мүмкіндік береді. Әрі дамушы елдердің әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Өйткені климат өзгерісі, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұхиттың қышқылдануы, рекордтық температуралар және заңсыз балық аулау белең алған сайын адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдік бұзылып барады.  

ЦИТАТА

- Мұхит біз тыныстайтын оттегінің жартысын береді. Ол 3 миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, 600 миллион адамның күнкөрісіне тірек болып отыр. Мұхит — ең маңызды ортақ ресурс. Бірақ біз оны қорғауда дәрменсіздік танытып келеміз.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: 

Мұхиттарды қорғау жағы ақсап тұр 

Мұхитты қорғауға бағытталған жобаларды қаржыландыру жағы ақсап тұр. 2015–2019 жылдар аралығында небәрі 10 миллиард доллар бөлінген, бұл жаһандық тұрақты даму қаржысының 0,01%-інен да аз. БҰҰ бағалауы бойынша, теңіз ортасын қорғау үшін жылына кемінде 175 миллиард доллар қажет. Биыл көктемде АҚШ Тұрақты даму мақсаттарын қолдаудан бас тартты. Кей сарапшылар, қаражат мұхитты қорғауға емес пайда табуға жұмсалып жатыр дегенді алға тартады. Мәселен, балық аулауға жылына 35,4 миллиард доллар субсидия бөлінеді. Ал балық аулау кемелерінің отынына тікелей бөлінетін субсидиялар  жылына 7,2 миллиард доллар. Бұл тым көп. Балық аулау флоты тұрақты деңгейден 2,5 есе артық өнімділікпен жұмыс істейді. Әрине ірі өнеркәсіптік компаниялар қыруар пайдаға кеңелгенімен, ұсақ балықшыларға зардабын тигізеді. Әрі теңіздің экожүйесін сақтауға зиян келтіреді.

ЦИТАТА

- Мәселе қорғауда емес, артық аулауда. Балық шаруашылығы саласының ең үлкен жауы – оны басқарып отырған адамдар.

Энрик Сала, теңіз ғалымы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 09:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары