Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Әскердегі әскери медициналық қамтамасыз ету ережелері өзгерді

Әскердегі әскери медициналық қамтамасыз ету ережелері өзгерді

Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Атап айтқанда, әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) әскери қызметшілерді әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді, медициналық қарап-тексеруді, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуді, әскери-дәрігерлік сараптама жүргізуді, оның ішінде өзге де денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады.

Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) амбулаторлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді өзге де денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алмай жүзеге асырады.

Әскери-медициналық мекемеде (медициналық бөлімшеде) амбулаторлық жағдайда медициналық көмек алу үшін тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде әскери қызметші тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.

Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз ету:

Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес парашютпен секіруге жарамдылықты айқындау үшін әскери қызметшілерді медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және жүргізуді;әскери қызметшілердің жерүсті даярлығы бойынша сабақ өткізуді бақылауды жүзеге асыруға қатысуды: снарядтың, тренажердың ақаусыздығын, ұшақ макеттерінің, аспалы жүйе үшін стапельдің, парашют трамплинінің жай-күйін, сабақ жетекшілерінің болуын, күрделі жаттығуларды орындағанда сақтандырудың дұрыс болуын;жерге қону алаңын бақылауды жүзеге асыруға қатысуды: терең ордың, шұңқырдың, ағаш түбірінің, қойтастың болмауын, құрылыстан, темір жолдан, электр тарату желісінен, ірі су тоғанынан және басқа да жерге қону үшін қауіпті кедергіден бос қауіпсіздік аймағының болуын;парашютпен секіру кезінде медициналық қамтамасыз ету үшін күштер мен құралдарды дайындауды, бөлуді;денсаулық жағдайы бойынша парашютпен секіруге рұқсатнаманы айқындап, әскери қызметшілерді медициналық қарап-тексеруді, секіру басталғанға дейін ішек пен қуықты босату қажет екенін түсіндіруді;жазатайым оқиға кезінде әскери қызметшілерді емдеу мекемесіне эвакуациялаумен оларға медициналық көмек көрсетуді қамтиды.

Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз ету үшін санитариялық автомобильде медициналық көмек көрсету үшін мүлік жиынтығымен құрамында дәрігер, фельдшер (медициналық мейіргер) бар медициналық бригада бөлінеді. Әрбір секіруден кейін жарақатты анықтау мақсатында сұрау мен сырттан қарап-тексеру жүргізіледі.

Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезінде кезекші дәрігер, фельдшер (медициналық мейіргер) мынадай шарттардың сақталуын:

тамақтанғаннан кейін 1 сағат өткен соң секіруді;секіру аяқталғаннан кейін демалыс беруді;киім-кешек пен аяқ киімнің климаттық және ауа райы жағдайына сәйкестігін тексереді.

Сондай-ақ, стационарлық жағдайда әскери-медициналық (медициналық) көмек "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметке лицензия болған кезде пациенттерді емдеу үшін штаттық кереуеттері бар медициналық бөлімшеде, сондай-ақ әскери-медициналық мекемелерде көрсетіледі.

Әскери қызметшілерді стационарлық емделуге жатқызу үшін медициналық көрсеткіштер әскери қызмет ерекшелігі, орналасу және тұрмыс жағдайы ескеріліп, сондай-ақ тиісті клиникалық хаттамалармен айқындалады.

Амбулаторлық жағдайда емделуге тиіс аурулары бар әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерге (медициналық бөлімшелерге) жатқызу осы мекеме (бөлімше) бастығының (бастығы орынбасарының) шешімі бойынша жүргізіледі.

Бейінді бөлімшелер жоқ өңірлік әскери-медициналық мекемелерде бейіні бойынша сәйкес келмейтін нозологиялық ауру түрлері бар, жарақаттанған, уланған және басқа да сыртқы фактор әсерінен болған аурулары бар әскери қызметшілер тиісті бейінді мамандардың консультациясынан кейін хирургия немесе терапия бөлімшелеріне стационарлық емделуге жатқызылады.

Пациенттерді медициналық бөлімшеге жатқызу олар жүгінген кезде дәрігер (фельдшер) қарап-тексергеннен және нысан бойынша әскери қызметшінің медициналық кітапшасына (әскери қызметшінің медициналық кітапшасы) жазумен жібергеннен кейін жүргізіледі.

Амбулаторлық жағдайда емделуге тиіс ауруымен, жарақатпен, уланумен және басқа да сыртқы фактордың әсерімен медициналық бөлімшеге жатқызылған әскери қызметші арнайы бөлінген орынға орналасады, медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша медициналық көмек алады, сондай-ақ Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларына сәйкес "Жалпыәскери азық үлесі" деген 1-норма бойынша тамақтанады.

Медицина қызметкерін тағайындаудың күнделікті орындалуын есепке алу дәрігерлік тағайындаулар парағында жүргізіледі.

Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) әскери қызметшілердің шығарылғаны туралы осы әскери қызметшілер келген әскери бөлімді және мекемені сол күні хабардар етеді. Шығарылғаннан кейін мерзімді қызмет әскери қызметшілері олардың өкілінің бірге жүруімен әскери бөлімге жіберіледі.

Әскери қызметшілер әскери-медициналық мекемелердің (медициналық бөлімшелердің) күн тәртібінде белгіленген күндері және сағатта шығарылады.

Әскери-медициналық мекемеден (медициналық бөлімшеден) шығарылған әскери қызметшінің медициналық құжаттары олардың қолына (бірге жүрушіге) беріледі.

Бұйрық 2026 жылғы 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Маусым 2026 10:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары