Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Асқар Хорошаш: Медицина инфрақұрылымын дамытуда жүйелі жоспарға көштік

Асқар Хорошаш: Медицина инфрақұрылымын дамытуда жүйелі жоспарға көштік

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

– Асқар мырза, ауыл мен қала арасындағы алшақтықты қысқарту мәселесі қоғамда бұрыннан айтылып келеді. Алайда кейінгі жылдары бұл мәселе денсаулық сақтау саласында айрықша назарға алынып, өңірлерде медициналық ұйымдарды салу мен жаңғырту жұмысы қарқын алғанын байқаймыз. Мұны қандай қажеттілікпен байланыстырар едіңіз?

– Дұрыс айтасыз, ауыл мен қала арасындағы алшақтық мәселесін сөз еткенде, медицина саласындағы өзгерістерге тоқталмай өту мүмкін емес. Елімізде халық санының өсуіне қарай денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеме де артып келеді. Соған сәйкес меди­ци­налық көмектің сапасы мен қол­жетімділігіне қойылатын талаптар күшейді.

Жалпы, тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдегі медицинаны бүгінгі жүйемен салыстыруға келмейді. Технология да, емдеу тәсілдері де, пациенттерге қызмет көрсету тәртібі мен медициналық ұйымдардағы қызмет көрсету мәдениеті де түбегейлі өзгерді. Қазір пациент үшін дәрігер мен төсектік орынның болуы ғана жеткіліксіз. Заманауи диагностикадан бастап, цифрлық сервис­терге дейінгі қызметтердің толық спектрі қолжетімді болуы қажет. Оған қоса қазіргі заман талабына сай жабдықталған операциялық бөлмелер, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және пациент­ке жайлы жағдай жасайтын медици­налық орта да маңызды.

Сондықтан бүгінде ден­саулық сақтау инфра­құры­лымын дамыту дегеніміз – жай ғана жаңа ғимарат салу немесе ескісін жөндеу емес. Бұл – ме­ди­циналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арт­тыруға бағытталған кешенді жұмыс. Оның ішінде нысандардың орналасуы, олардың қуаты, қандай қызмет көрсететіні, заманауи технологиялармен жарақ­тандырылуы және сол жерде жұмыс істейтін кадр­лар­дың әлеуеті өзара сабақтас қарас­тырылуға тиіс.

– Демографиялық ахуал тұтас елдегі медицинаның дамуына әсер ететінін айтып отырсыз. Халық санының өсуін табиғи үдеріс десек, медициналық инфрақұрылымның дамуына қандай өзге факторлар әсер етті?

– Бұл жерде демография ұғымына кеңірек қараған жөн. Иә, елімізде халық саны өсіп келеді. Бірақ бұл өсім барлық өңірде бірдей емес. Мәселен, Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларда халық санының жылдам өсуі медициналық ұйымдарға түсетін жүктеменің артуына алып келді. Салдарынан кейбір меди­циналық ұйымдарда кезек көбейіп, қолданыстағы инфра­құрылымға түсетін салмақ күшей­ді.

Ал кейбір өңірлерде, керісінше, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасымен қатар, бейінді мамандардың тапшылығы өзекті болып тұр. Ұлытау облысы сияқты өңірлерде бірқатар медициналық қызмет түрлерінің қолжетімділігі әлі де шектеулі. Мұның бәрі денсаулық сақтау жүйесіндегі өңірлік теңгерім мәселесін алға шығарды.

Бұған қоса COVID-19 пандемиясы елдегі меди­циналық инфрақұрылымның нақты жағ­дайын айқын көрсетіп берді. Пандемия кезінде оттегі стан­саларының, жансақтау бөлім­деріндегі төсектік орындардың тап­шылығы сияқты мәселелермен қатар, медицина қызметкерлерінің дайындығына қатысты әлсіз тұстар да байқалды. Бұл бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Кейбір өңірлерде жүйе күрт артқан жүктемеге толықтай төтеп бере алмады.

Демек, пандемия денсаулық сақтау инфрақұры­лымына деген көзқарасты қайта қараудың қажеттігін көрсетті. Бізге тек бүгінгі сұранысты қамтамасыз ететін емес, болашақтағы демографиялық және эпидемиологиялық өзгерістерге де дайын болатын жүйе қажет екені анық байқалды.

– Пандемиядан кейін салада түбегейлі өзгерістер бас­талды деуге бола ма? Осы ке­зеңде Денсаулық сақтау инфра­­құрылымын дамыту­дың 2024–2030 жыл­дарға арналған тұжы­рымдамасы қабыл­дан­ғанын білеміз. Бұл құжаттың негізгі мақсаты қандай?

– Пандемиядан кейін денсаулық сақтау инфрақұры­лымын басқа­руға қатысты жаңа көзқарас қалыптасқаны рас. Біздегі мәселе тек ресурстың жеткіліксіздігінде емес еді. Ең бастысы, инфрақұры­лымды жоспарлау мен басқарудың бірыңғай әрі жүйелі тетігі қажет болды. Пандемия кезінде жинақ­талған тәжірибе дәл осы бағытта түбегейлі өзгерістер жасауға негіз болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы­мен денсаулық сақтау инфра­­­құры­лымын басқарудың бүкіл жүйесін қайта қарау жұмысы басталды. Осы ретте денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор – «Turar Healthcare» КеАҚ құрылды.

Денсаулық сақтау министр­лігімен бірлесіп, Денсау­лық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледік. Құжаттың негізгі мәні – денсаулық сақтау инфрақұрылымын жеке-жеке нысандар жиынтығы ретінде емес, өзара байланысты біртұтас жүйе ретінде басқаруға көшу.

Жаңа модель Денсаулық сақтау министрлігінің басқаруымен іске асырылып келеді. Министрлік саланы дамытудың басым бағыттарын айқындайды. Ал инфрақұрылым мәселесі клиникалық қызметпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен, медициналық кадр­ларды даяр­лаумен және денсаулық сақтау саласының басқа да маңызды бағыт­та­рымен қатар, мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.

Бұл жерде ең маңыздысы – инфрақұрылымдық шешімдерді нақты қажеттілікке негіздеу. Яғни белгілі бір өңірде халық саны қанша, оның динамикасы қандай, қандай аурулар жиі кездеседі, медициналық көмектің қай түріне сұраныс жоғары, қандай нысандарды салу немесе жаңғырту қажет деген сұрақтардың барлығы алдын ала талдануға тиіс.

– Өңірлердегі медициналық инфрақұрылым тапшылығын анықтау және оны жою үшін нақты қандай жоспарлар әзірленіп жатыр? Бұл жұмыстың нәтижесі қалай бағаланады?

– Бүгінде 15 өңірде ден­саулық сақтау инфра­құры­лы­мын дамыту жоспары әзірленді. Ал 1 қыркүйекке дейін еліміздің барлық 17 облысы мен 3 ірі қа­ласына қатысты тиісті жоспарлар толық дайында­лады.

Бұл – Қазақстанның ден­сау­лық сақтау инфрақұры­лымын дамы­тудың тұңғыш кешенді картасы қалыптасады деген сөз. Аталған картада қандай меди­циналық нысанның қай жер­де орналасатыны, оны қашан салу немесе жаңғырту қа­жеттігі, сондай-ақ жобаның қан­дай қаржы көздері есебінен жүзеге асырылатыны нақты көрсетіледі.

Мұндай тәсіл бізге инфра­құры­лымды жоспарлау кезінде жүйе­лілік пен ашықтықты қамта­масыз етуге мүмкіндік береді. Бұған дейін кей жағдайда нысандардың қажеттілігі мен олардың нақты жүктемесі толық ескерілмей қалуы мүмкін еді. Енді әрбір жоба ха­лық­тың сұранысы мен өңірдің медициналық қажеттілігіне қарай бағаланады.

Ең бастысы, 15 өңірде жүргізілген жұмыс барысында 400 миллиард теңгеден астам тиімсіз инвестицияның алдын алуға мүмкіндік туды. Бұл қаражатты үнемдеу ғана емес, ең бастысы – оны халыққа меди­ци­налық тұрғыдан анағұрлым қажет бағыттарға қайта бағыттау деген сөз.

Сонымен қатар халықтың нақты сұранысына сәйкес 1 516 төсектік орын қайта бейінделді. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе артық деп танылған 2 811 төсектік орын қысқартылды. Осы­лай­ша, босатылған ресурстар меди­циналық көмектің халыққа аса қажет бағыттарын дамытуға бағыт­талып жатыр.

Мұның барлығы инфрақұры­лымды тиімді басқарудың нәтижесі деп есептеймін. Өйткені кейде мәселе жаңа нысан салуда емес, қолда бар ресурсты дұрыс пайдалана білуде болуы мүмкін. Сондықтан біздің мақсатымыз – әрбір теңгенің тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және әрбір инфрақұрылымдық шешімнің түпкі нәтижесінде ха­лыққа сапалы әрі қолжетімді меди­циналық көмек көрсетуге қызмет етуі.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Сәндібек АСАНӘЛІ,

«Egemen Qazaqstan» 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 19:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары