Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Елу жолаушы мінген автобус жол апатына түсті

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Анна Данилина Аделаида жарысының ширек финалына шықты

Шымкентте жас қыз кісі қолынан қаза тапты полиция оның танысын іздеп жатыр

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

Қазақстанмен шекаралас аймақта тағы да жер сілкінді

Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады

Көлік ғылымдары мен технологияларының институты құрылады

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

Иранда Starlink бұғатталды

Алтай, Тарбағатай және Іле күй өнері ескі сарынды сақтаған көне мектеп

Ақауы бар жолдар: Қазақстандықтар жаңа учаскелерде төлемнен босатылады

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

БҚО да жоғары лауазымды шенеунік ұсталды: видео

Абай облысында учаскелік полицей камераның көмегімен жоғалған баланы іздеп тапты

Алматыда ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар саны азайды

Ердоған демография мәселесі бойынша мәлімдеме жасады: Кем дегенде үш балалы болуы тиіс

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

Су инфрақұрылымын дамыту стратегиясы

Су инфрақұрылымын дамыту стратегиясы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов­тің төрағалығымен өткен Үкімет отыры­сында халықты сумен қамта­масыз ету, жабдықтау әрі су бұру жүйе­лерін жаңғырту, саланы цифр­лан­­дыру, сондай-ақ үнемдеу тех­но­ло­­гияларын енгізу мәселелері тал­қыланды.

Басты міндеттің бірі орындалды

Отырыста Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов атап өткендей, Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін елді мекендерді сумен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды. Бұл – кейінгі жылдардағы инфра­құрылымдық жобалар ауқымының артқанын көрсететін маңызды нәтиже.

Вице-министрдің дерегінше, осы кезеңде республикалық бюджеттен шамамен 835 млрд теңге бөлініп, 1,6 мыңнан астам жоба жүзеге асырылған. Қаражат есебінен 34 қала мен 756 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Бұған қоса жергілікті бюджет арқылы 699 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. «2021 жылы ауыл халқының 90%-ы, қала халқының 97,5%-ы сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізген болса, қазір еліміздегі 90 қала мен 7,5 млн тұрғыны бар 6 087 ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп отыр», деді Қ.Қажкенов.

Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін өңірлерде ауқымды инженерлік құрылыс жұмыстары жүргізілді. Су құбырларының тозығы жеткен учаскелері жаңартылып, жаңа су көздері ашылды, жергілікті қауіпсіздік талаптарына сай тазарту стансалары салынды. Бұған қоса жерасты су қорларын барлау, ұңғымаларды бұрғылау мен су сапасын бақылау жүйелері күшейтілді. Себебі бұған дейінгі кезеңде көптеген ауылдар тасымалданатын немесе маусымдық суға тәуелді болып келген еді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, қазір рес­публикалық меншіктегі 26 топтық су құбыры 1,33 млн тұрғынды қамтамасыз етіп тұр. Бұл жүйелердің басым бөлігі 1980–1990 жылдары салынғандықтан, жаңғырту мен басқаруды оңтайландыру өзекті мәселе болып келген. Сондықтан 2024 жылдан бастап «Қазсушар» нысандарын жергілікті атқарушы органдарға кезең-кезеңімен беру басталды. Бұл жергілікті деңгейде жауапкершілікті арттырып, судың көзінен тұтынушыға дейінгі бақылауды күшейтуге жол ашады.

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Былтыр 9 өңірде жалпы құны 103,2 млрд тең­гені құрайтын 30 жоба жүзеге асырылды. Жоспарланған 9 жобаның орнына 15-і мер­зімінен бұрын аяқталды. Нәтижесінде, 1 599 шақырым су желілері салынды, 7 су құбыры кешені пайдалануға берілді. Бұл жұмыстың нәтижесінде 514 мың тұрғыны бар 277 елді мекенде су беру сапасы жақсарды, ал бұрын орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған 73 ауыл алғаш рет ауызсуға қол жеткізді.

Менеджмент тиімділігін арттыру жолы

Үкімет отырысында су секторын цифр­ландыру мәселесі де талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатқанын хабарлады. Жүйе электрондық үкімет стандарттарына сай жасалып, 11 мемлекеттік ақпараттық жүйені біріктіру арқылы суды басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастырады. Бұл – су ресурстарын нақты есепке алу, пайдалану мөлшерін болжау, шығынды азайту мен су айналымын онлайн бақылау мүмкіндігін береді.

Қазір платформаның базалық функциялары іске қосылған. Аналитика, болжау, тариф модуляциясы, пайдаланушы интерфейстері мен электрондық шарттар интеграциясы енгізіліп жатыр. Су тұтынуды болжау жүйесі пилоттық режімде іске қосылған. Жыл соңына дейін оны толық коммерциялық енгізу жос­парланып отыр. Сондай-ақ Egov mobile және банк қосымшаларымен интеграциялау жұ­мыс­тары да басталған. Бұл су тарифтерін төлеу­ді жеңілдетіп, ашықтықты күшейтеді.

Биыл 103 суару каналы автоматтандырылады. Қызылорда, Жамбыл мен Түркістан облыстарында бекітпелер қашықтан басқару жүйесіне ауыстырылады. Ислам даму банкінің қолдауымен қосымша 264 суару каналы цифрландырылмақ. Бұл тәулігіне 24 сағат су таралуын автоматты бақылауға, суды жоғалту мөлшерін азайтуға әрі егін суару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сарап­шылардың айтуынша, тек суды тиімді бөлу есебінен кей өңірлерде су үнемдеу 15–25%-ға дейін жетуі мүмкін.

Су тапшылығы мен ауыл шаруашылығы

Еліміз климаттық өзгерістерге ұшыраған өңірлердің қатарында. Ғылыми болжам­дар­ға сай, алдағы онжылдықта су тапшылығы мәселесі айқын сезілуі мүмкін. Әсіресе ауыл шаруашылығы – су тұтыну көлемі бойынша бірінші орында тұрған сала. Бүгінде елдегі су пайдаланудың 65–70 пайызы егін суаруға тиесілі. Кей аймақтарда судың 40%-ға дейінгі мөлшері инфрақұрылымның ескіруі салдарынан далада немесе канал бойында жоғалады.

Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарла­масында Үкіметтің алдына 5 жылда елді мекен­дер­дің барлығын ауызсумен қамтамасыз ету міндетін қойды. Премьер-министр су ша­­руа­шылығы инфрақұрылымын одан әрі дамы­туға жүйелі түрде қарау маңызды екенін айтты.

«Халық санының және жалпы эконо­ми­ка­ның өсуімен бірге елімізде су тұтыну көлемі де ұлғая береді. Сондықтан таза ауызсу мәсе­ле­сі­нің өзектілігі де күн өткен сайын арта түсе­ді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бо­­йын­ша қалалар мен ауылдарды сумен жаб­дық­тау жобаларын жүзеге асыру аяқталды. Дегенмен ауызсумен қамтамасыз ету – үздіксіз жүретін процесс. Сондықтан барлық жауапты мемлекеттік органдар бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауы қажет», деді О.Бектенов.

Сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсету мен ауызсу сапасы туралы мәселе­лер­ге тоқталған Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың назарын өңір тұрғындарынан келіп түскен ауызсудың сапасы мен жиі беріл­мей қалуына, сумен жабдықтау желі­лерінің тозуына, сондай-ақ жөндеу жұмыстары мен іске қосу мерзімдерінің созылып кетуіне қатысты шағымдарына аударды.

«Жақында ғана Орал мен Теміртау қала­ларының тұрғындары судың сапасына қатысты мәселе көтерді. Жалпы, өткен жылы су­мен жабдықтау мәселелері бойынша мем­ле­кет­тік органдарға 70 мыңға жуық арыз-шағым түсті. Бұл өңір әкімдіктеріне мер­дігер, не қыз­мет көр­сетуші ұйымдармен қажетті дең­гейде жұ­мыс жүргізбей отырғанын көрсетеді. Жаңа­дан қо­сылған сумен жабдықтау және су бұру желі­­лерін тиісті дәрежеде күтіп-ұстау шара­лары қа­был­данбайды, сондай-ақ ауыз су сапа­сы­­ның нормалары сақталмайды», деді Премьер-министр. 

Осыған байланысты әкімдіктерге әрбір шағым бойынша тексеру жүргізіп, міндетін адал атқармаған ұйымдарға қатаң шара қол­дануды тапсырды. «Ескірген желілер, тұрғын­дар тарапынан сұраныстың өсуі, жаңа аудан­дардың салынуы қолданыстағы жүйелер­ді жаңғыртуды талап етеді. Сондықтан қызмет көр­сету сапасын сақтай отырып, қамту ауқы­мын да кеңейту қажет. Жергілікті атқарушы ор­гандар Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы маңызды. Оның оң нәтижесі – желілердің тозу деңгейі азайып келе жатқаны қазірдің өзінде байқалып отыр. Осы бағытта жұмысты жалғастыру керек», деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр биылғы вегетация­лық кезеңде су тапшылығы 1 млрд текше метр­ге жетуі мүмкін екенін айтты. Сондықтан фермерлерді суды үнемдейтін технология­ларға көшіру, тамшылатып суару жүйе­лерін кеңейту, суды көп қажет ететін дақылдар құры­лымын қайта қарау, суару лимиттерін өңірлерге әділ бөлу мәселелері күн тәртібінде тұрғанына тоқталды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Цифрлан­дыру және жасанды интеллект жылы аясында мемлекеттік органдарға су саласын цифрландыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

«Бірінші кезекте осы жылдың соңына дейін жерүсті, жерасты су көздері туралы деректерді бірік­тіретін су ресурстарының бірыңғай цифр­лық платформасын құру керек. Аталған жоба­ны іске асыру Ұлттық су балансының картасын қалыптастырып, гидрогеологиялық мони­торингті жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса суару каналдарын цифрландыру жұмысын жалғастырған жөн. Сондай-ақ әлемдік озық тәжірибелерді қолдана отырып, қалалық су канал­дарының өндірістік үдеріс­терін толық авто­маттандыру мен цифрлан­дыру міндеті бар. Бастапқы су көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін суды толық бақылау­ды қамтамасыз ету қажет. Барлық жұмыс сапалы әрі уақтылы жүргізілуге тиіс», деді О.Бектенов.

Үнемдей біліп, сапаға да мән берсек

Үкімет отырысын қорытындылаған Премьер-министр тиісті органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әкімдіктермен бірге жал­пы сипаттағы трансферттердің бөлінген со­ма­­лары мен Энергетикалық және коммунал­дық секторларды жаңғырту жөніндегі  ұлттық жоба шеңберінде сумен жабдықтау мен су бұру жобаларының іске асырылуына жүйе­лі түрде бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.

Су ресурстары министрлігі жыл соңына дейін 142 ауылдық елді мекенді ауызсумен қам­тамасыз ету деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретін 12 жобаны жүзеге асыру шараларын қабылдауы керек. Ал Қаржы министрлігі республикалық бюджет шеңберінде көздел­ген сумен жабдықтау жобаларын уақтылы қар­жы­ландыруды қамтамасыз етеді. Ауыл ша­руашылығы, Су ресурстары министрліктері, сондай-ақ Қызылорда, Түркістан мен Жамбыл облыс­тарының әкімдіктері суды көп қажет ететін дақылдар бойынша егіс алқаптарының құры­лымын суды пайдалану лимиттеріне қатаң сәйкест­ендіреді. Ал Су ресурстары министрлігі фер­мерлерге су беруге қатысты барлық шарт­тардың егіс алқаптарының құрылымын әрта­раптандыру жөніндегі жол картасының индикаторларына сәйкес жасалуын қамтамасыз етеді.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі министрліктермен және әкімдіктермен бірлесіп, су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмысты жалғастырады. Суға ұқыпты қарау мәдениетін жастайынан қалыптастыру үшін аталған жұмысқа Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерін де тартуы керек. Мемлекет басшысы халыққа Жол­дауында атап өткендей, суға және тұтастай алған­да, қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен әрі шынайы қамқор­лықпен қарау ұлттық идеологияның өзегіне айналуға тиіс», деді Премьер-министр.  

Соңғы жаңалықтар

14 қаңтар күні оқушылар онлайн оқиды

Ауа райы • Бүгін, 00:30

Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады

Әлем • Кеше

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райы • Кеше

Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған

Қылмыс • Кеше

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бары анықталды

Қылмыс • Кеше

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық

Қоғам • Кеше

Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр

Жемқорлық • Кеше

Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті

Жастар • Кеше

Көлік қозғалысын жеңілдеткен оң жақ өткел

Инфрақұрылым • Кеше

Депутат Алматы облысының кәсіпкерлерімен импортты алмастыру мәселесін талқылады

Бизнес • Кеше

Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады

Алматы • Кеше

Алматыда айналасы бір аптада «әдемі» нөмір алғысы келетіндерден 19 мыңдай өтініш түсті

Қоғам • Кеше

Шымкенттегі кәсіпорын жылына 50 млн жұп шұлық шығарады

Шымкент • Кеше

Халықаралық көрмеде үздік туындыларымыз таныстырылды

Руханият • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:43
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 07:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Елу жолаушы мінген автобус жол апатына түсті

12 Қаңтар 2026 11:06see112

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

13 Қаңтар 2026 22:38see111

Анна Данилина Аделаида жарысының ширек финалына шықты

12 Қаңтар 2026 13:21see111

Шымкентте жас қыз кісі қолынан қаза тапты полиция оның танысын іздеп жатыр

12 Қаңтар 2026 10:51see110

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

14 Қаңтар 2026 00:03see110

Қазақстанмен шекаралас аймақта тағы да жер сілкінді

12 Қаңтар 2026 16:48see110

Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады

12 Қаңтар 2026 11:58see110

Көлік ғылымдары мен технологияларының институты құрылады

12 Қаңтар 2026 16:40see109

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

13 Қаңтар 2026 12:00see109

Иранда Starlink бұғатталды

12 Қаңтар 2026 18:02see109

Алтай, Тарбағатай және Іле күй өнері ескі сарынды сақтаған көне мектеп

12 Қаңтар 2026 11:58see107

Ақауы бар жолдар: Қазақстандықтар жаңа учаскелерде төлемнен босатылады

12 Қаңтар 2026 14:58see107

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

12 Қаңтар 2026 12:26see106

Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек

12 Қаңтар 2026 12:22see106

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

13 Қаңтар 2026 19:31see106

БҚО да жоғары лауазымды шенеунік ұсталды: видео

12 Қаңтар 2026 11:42see106

Абай облысында учаскелік полицей камераның көмегімен жоғалған баланы іздеп тапты

12 Қаңтар 2026 16:43see105

Алматыда ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар саны азайды

12 Қаңтар 2026 12:58see105

Ердоған демография мәселесі бойынша мәлімдеме жасады: Кем дегенде үш балалы болуы тиіс

12 Қаңтар 2026 12:17see105

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

13 Қаңтар 2026 12:45see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары