Астанада 1,5 млн теңгенің ұрлығы ашылды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Астана қаласында полицейлер ірі көлемдегі ұрлық дерегін әшкереледі. Күдікті — 20 жастағы қала тұрғыны, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға түнгі уақытта елорданың дәмханаларының бірінде болған. Күдікті келушінің үстел үстінде жатқан Samsung телефонын жасырын түрде алып кеткен. Кейін жәбірленушінің банктік қосымшаларына заңсыз кіріп, Kaspi банк картасынан 680 мың теңге, Halyk банк картасынан 725 мың теңге шешіп алған.
Жалпы материалдық шығын 1,5 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бүгін, 15:20
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 19:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















