Астанада 9 мамырда жоғалған жасөспірім қала сыртынан табылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Астанада 9 мамырда жоғалған жасөспірім қала маңындағы ауылдардың бірінен табылды,- деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.
Ведомство хабарлауынша, 9 мамыр күні полицияға кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы арыз түскен. Ата-анасы жасөспірім бір күн бұрын қосымша сабаққа кетіп, үйіне оралмаған. Кейін ол ата-анасымен түсінісе алмағандықтан, өз еркімен үйден кетіп қалған екен.
"Іздестіру барысында кәмелетке толмаған баланың автобуспен соңғы аялдамаға дейін барып, кейін тасжол бойымен жаяу жүргені анықталды. Жасөспірім Ақжар ауылындағы мешітте түнеп шыққан. Полицейлер жергілікті тұрғындар мен жол бойындағы жүргізушілерден жауап алып, оның әрі қарай жүрген бағытын анықтады. Нәтижесінде полицейлер жасөспірімді қала сыртындағы тасжол бойынан тауып, аман-есен ата-анасына тапсырды", - делінген хабарламада.
Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:42
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Мамыр 2026 13:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















