Астанада көпқабатты үйдің кірпіштерді құлап жатыр: әкімдік не дейді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде кірпіштер құлады. Қалалық әкімдік Sputnik Қазақстан тілшісіне мән-жайды түсіндірді.
Құлаған кірпіштердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Байқоңыр ауданында болған. Әкімдік аудандық төтенше жағдайлар мамандарымен бірлесіп тұрғын үйдің қасбетіне тексеру жүргізіп, құлайын деп тұрған кірпіштерді тауып алған.
"2, 9 және 10 қабаттарда құлауы мүмкін кірпіш қаптамалары табылды. Оқиға орнына ТЖД құтқарушыларынан 10 адам және 2 техника, полиция, жедел жәрдем және "Нурмпус" мүлік иелерінің бірлестігі өкілдері келді. Мамандар апатты-құтқару жұмыстарын жүргізді", - дейді Астана қалалық әкімдігі.
Көпқабатты үйдің қауіпті деген қаптамалары бөлшектелген.
"Нысанның қауіпті деген қаптамалары алынып, құлау қаупі толығымен жойылды. Аумақ қауіпсіз күйге келтірілді, нысан одан әрі бақылау және қалпына келтіру үшін қызмет көрсету ұйымына берілді", - дейді ведомстводағылар.
Әкімдіктің мәліметінше, жағдай тұрақты, тұрғындарға еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 16:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















