Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Астанада ортопедияға арналған отандық медициналық бұйымдар шығарылып жатыр

Астанада ортопедияға арналған отандық медициналық бұйымдар шығарылып жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Енді травматология және ортопедияға арналған медициналық бұйымдарды өзімізде өндірудің мүмкіндігі туды. Бірлескен өндірістік алаң жоғары технологиялық медициналық өндірісті дамыту мақсатында «Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-мен әріптестік негізінде құрылып отыр.

Халықаралық травмотология және ортапедия ғылыми өндірістік орталығының бас директоры Ерсін Тұрсынханұлы Құрылыс-техникалық колледждің базасында ашылған ғылыми орталықтың өндірісі көп мүмкіндікке жол ашып отырғанын сөз етті.

– Бүгінде біз Қазақстан ғана емес, Орталық Азия бойынша тұңғыш рет травматология және ортапедия бағыты бойынша арнайы медициналық техника, медициналық өнімдерді шығара бастадық. Бұл – өндірістің ең күрделі деңгейі. Нақтырақ атап айтсақ, ауруханалардағы  ота жасау кезінде қажетті үстелге қоятын ортапедиялық тіркеме (приставка) адам жансақтау бөліміне түскенге дейінгі аралықта сынған сүйекті бекітуге көмектеседі. Яғни, адамның өмірін сақтап қалуға, тез сауығуына қажет құрал. Мәселен, пациенттің қол-аяғы не болмаса жамбасы сынған кезде арнайы құрылғы салынады. Біз соны соны да жасаймыз. Титаннан, арнайы медициналық стальдан шығарылады. Өте сапалы. сүйектің үстінен қойылатын анатомиялық пластиналар, сынған сүйекті бекітетін бұрандалар (винт), қосымша тартатын стерженьдік механизм, – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерсін Жүнісов.

Оның айтуынша, өндіріс алаңының жұмыс істеп жатқанына 6 айдың жүзі болған. Сол аралықта 30 ортапедиялық тіркеме құрылғысы, екіншісі – сырттан құрсаудың 524-і шығарылған. Одан бөлек медициналық өнімдер Еуропа мен Ресейдегі арнайы сынақтан өтіп, өздерінің жарамдылығы мен сапалығын растайтын сертификатты иеленген. Тіпті, алғашқы өнімдерін аудандық ауруханаға жібере бастаған.

 – Бастысы – біз денсаулық саласына, яки медицинаға аса қажетті өнімді өзімізде шығара бастадық. Әйтпесе медициналық техниканың барлығы дерлік шетелден алынады. Мысалы, жоғарыда атап өткен ортапедиялық тіркеме құрылғысының құны 8 миллион теңгеден басталады. Ал өзімізден шығарғандағы бағасы – 3 миллион теңге. Бұл – біріншіден экономикамызға үнем. Екіншіден, отандық өндірісті дамыта отырып, өз дәрігер-ғалымдардың ойлап шығарған құрылғыларын өндірісте шығаруға жол аштық. Үшіншіден, Құрылыс колледжбен меморандум арқылы өндірісіміз тәжірибелі мамандармен толысады.  Себебі біз медициналық заттарды жасау үшін өндіріс орны заманауи әрі цифрлы технологияда жұмыс істейтін құрал-жабдықпен қамтылды, – дейді Халықаралық травмотология және ортапедия ғылыми өндірістік орталығының бас директоры Ерсін Тұрсынханұлы.

Кішкентай ғана өндіріс алаңы келешекте 5 мың шаршы аумақты қамтитын, бір ауысымда 200 адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек. Бүгіннің өзінде травматология бағыты бойынша 25 адам жұмыс істеп жатыр.

– Қуаныштысы, өз қолымыз өз аузымызға жетті. Міне, өзіміздің өнімді шығарып отырмыз. Осыдан асқан бақыт бар ма?! Екіжақты меморандум ең алдымен колледжге білім беру саласындағы дуалдық жүйені одан әрі дамыуына ықпал етеді. Оның үстіне, өндіріс алаңы колледж ішінде жасақталуы бізге оңтайлы болып тұр. Осының арқасында оқушыларымыз арнайы бағдарламарымен орнатылып, жабдықталған заманауи құрылғылармен жұмыс істеп жатыр. Бұйымды да шығарады, балаларды да оқытамыз. Біздің жеңісіміз – осы. Бізде дәнекерлеуші бар, енді метал жонушы (токарь) мамандығын ашып жатырмыз. Балаларымыз тәжірибеден өтіп қана қоймай, білікті маманға айналып, осы мекемеде жұмыс істеуге мүмкіндік алуы да мүмкін. Тіпті, осында жүріп табысын да тауып жатыр. Олардың жалақысы тапсырушының ақысынан төленеді, – ұйымдастыруымен «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК директоры Серік Малгельдинов.

Оның айтуынша, қазір колледжде 648 студент білім алуда. Ал әзірге өндіріс орында 50 баладан жинақталған екі топ тәжірибеден өтіп жатыр.

Шара аясында Құрылыс-техникалық колледжі мен «Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл дегеніміз – колледж студенттеріне бірегей мүмкіндік беретін дуальды оқыту бағдарламасын іске асыруға, инновациялық технологияларды практикаға енгізуге, ғылыми жобаларды дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Осындай жаңа бастамаға қолждау білдіріп, ақжарма тілегін Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Серғазиев білдірді.

– Бүгінгі екіжақты меморандумның елімізге берері көп. Жастарымыздың білім ғана алып қоймай, тәжірибе жинап, білікті маман даярлаудың алды екенін көрсетті. Осындай бастамаларды көп болғаны дұрыс. Бұл – колледж ұжымының кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамытуға және елімізде жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудағы ұмтылыс. Өйткені студенттердің медициналық құрылғыларды жасауды сызбасынан бастап, жұмыстық толық процесіне араласатыны қуантты. Оған қоса, ертеңгі күні завод салынса, колледждің студенттері осында жұмыс істейтіні көңіл көншітеді. Жаңа бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.  Мәселен, жаңа мамандық ашу, оқу бағдарламасы қайта қаралып, халықаралық стандарттарға сай толықтырылу қажеттігі туындады, – деді Білім басқармасының басшысы Қасымхан Серғазиев.

Бүгінгі жиынға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, Астана қаласының білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Таlар» КеАҚ өкілдері, елорданың ТжКББ ұйымдары мен медициналық колледждерінің басшылары да қатысты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 18:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары