Астанада прокуратура білім беру ұйымындағы заң бұзуды анықтады
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Астана қаласының «Алматы» ауданы прокуратурасы білім беру ұйымдарының бірінде қызметкерлердің құқығы бұзылғанын анықтады.
Талдау барысында төрт қызметкерге ұзақ уақыт бойы әлеуметтік аударымдар жүргізілмегені белгілі болды.
Бұған олардың қателесіп жасына байланысты зейнеткерлер қатарына жатқызылуы себеп болған.
Алайда аталған қызметкерлер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
Нәтижесінде 2023–2025 жылдар аралығында көрсетілген қызметкерлер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасалмаған.
Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзу жойылды: қызметкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, 909 936 теңге көлемінде әлеуметтік аударымдар төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетелік ШҚО-да радиациялық аймақ үшін үстемеақы төленбей келген 317 көмекшінің жалақысы қайта қаралғаны туралы жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 21:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















