Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Астанада Қаламгерлер аллеясы ерекше безендірілген

Астанада Қаламгерлер аллеясы ерекше безендірілген

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл Астана жылдағыдан ерекше безендірілген. Биік шыршалар мен жарық шамдар, сырғанақтар мен мұз айдындар көптің көңілінен шығып жатыр. Әсіресе «Қаламгерлер» аллеясы ерекше сәндік элементтермен көмкерілген. 

Елордадағы «Қаламгерлер» аллеясы жаңа жылға орай ерекше безендірілген. Онда қала тұрғындары мен қонақтар серуендеп, қысқы мерекелік көңіл-күйді сезіну үшін барлық жағдай жасалған. Әсіресе көздің жауын алатын түрлі түсті жарық шамдары мен сәндік элементтер алыстан менмұндалап тұрады.              

Эльмира Ахметова, қала тұрғыны:

- Жалпы қалай жаңа жылдық әсер сезіліп жатыр ма? Паркті жақсы безендіріп, ертегідей әдемі жасаған. Немеремді әкеле жатып горкаға көзім түсіп, бұрылдым осында. Өте жақсы. Осы ауданның тұрғынысыз ғой иә? Осы ауданда тұрамын. Осы бесжылдықтың көлемінде парк жұмыс істеп тұр. Кешкісін өте әдемі, сәнді, өте керемет.   

Балықбай Бекежанов, қала тұрғыны:

- Астанада тұрғаныма 27 жыл болыпты. Өзіміздің қаламыз бұрынғыдай емес жылдан жылға көркейіп келе жатыр. Бұл парктің ашылғанына 1-2 жыл болды. Енді қыс келгенде міне қалаған сырғанақ, елка орнатылып, уақыт өткізіп, таза ауада жүрміз.  

Шынында «Қаламгерлер» аллеясы жаңа жыл қарсаңында көпшіліктің жиі келетін демалыс орнына айналған. Ондағы сырғанақ алаңының ашылуы да балаларға үлкен қуаныш сыйлауда.

Расул Қадырхан, оқушы:

- Осы сырғанақ күшті. Ертең қысқы демалыс басталады. Енді күн сайын келетін боламыз. Достарымызбен келіп, сырғанаймыз. Былтыр да осындай сырғанақ болды. Қатты тайғанақ емес. Ыңғайлы, қауіпсіз.  

Азамат Мұқан, оқушы:

- Осы сырғанақта барлығы жақсы. Маған ұнайды. Кейбір кезде кішкентай заттар құлап қала береді ағаштан. Балалар осы сырғанаққа келеді. Күнде келеміз. 

Байқоңыр ауданына қарасты 10 аумақ толықтай безендірілген. Арасында «Қаламгерлер» аллеясынан бөлек «Жастар» сарайы мен Өндіріс, Кірпішті секілді тұрғын алаптары бар. Ауданда бас аяғы бес шырша орнатылған. 

Райхан Жиенқұл, қала тұрғыны:

- Осы сырғанақ ашылғалы бері келіп жүрміз. Шыршаларға ілінген шамдар барлығы ұнайды. Ертегі әлеміне түсіп кеткен сияқты боламыз. Күнде келеміз. Қыздарымды бақшадан қалай аламын. Солай келеміз. Балаларымның миының дамуына, денсаулығына барлығына күшті әсер етеді. Сатыдан өзіміз шығарамыз, өзіміз түсіреміз.     

Эльмира Ахметова, қала тұрғыны:

- Жаңа жыл берекелі болсын. Қазақстанның абыройы асқақтай берсін. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын. Барлық игі істеріміз, алға қойған мақсаттарымыз орындала берсін деп тілеймін. 

Балықбай Бекежанов, қала тұрғыны:

- Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Денсаулықтарың мықты болып, жұмыста табысты болып осылай қаламыз, Қазақстанымыз көркейе берсін. 

Айта кетейік, Астанада барлығы 60-қа жуық мұз айдын мен сырғанақ жасақталған. Олар түнгі 11-12 ге дейін жұмыс істейді. 

Авторлары: Мерей Қанапия, Досбол Байділдин

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 15:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары