Астанада Қонаев көшесі бойындағы көлік қозғалысы қайта жанданады
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астана әкімдігінің хабарлауынша, 28 қазаннан бастап Д.Қонаев көшесімен көлік қозғалысы қайта ашылды. Қозғалыс Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы учаскеде қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жолдың жерүсті бөлігіне жүргізілген негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңа жол жамылғысы төселді, жол таңбалары сызылып және барлық қажетті белгілер орнатылды. Қазіргі таңда көпір өткелінің үстіңгі бөлігі мен оған іргелес аумақта әрлеу және абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.
«Осы учаскеде қозғалыстың қайта ашылуы елорданың орталық аудандары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартып, көршілес магистральдарға түсетін жүктемені азайтуға және қала тұрғындары мен қонақтарының жолға кететін уақытын қысқартуға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 14:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















