Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Жылу желілері жаңарады

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Кәсіптің кілті гаражда

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Астанада шетелдік инвесторлар не туралы сөйлесті?

Астанада шетелдік инвесторлар не туралы сөйлесті?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

1998 жылдан бері Қазақстанда заң қабылдамайтын, бюджет бөлмейтін және өзі шешім шығармайтын бір орган бар. Бірақ соған қарамастан, оның құрамында миллиардтаған долларды басқаратын адамдар отырады. Ол Шетелдік инвесторлар кеңесі деп аталады.  Кеңес жылына бір рет Президент төрағалығымен жиналады. 2 шілдеде ол отыз сегізінші рет жиналды. Tengrinews.kz тілшісі оған қатысып қайтты. 

Шетелдік инвесторлар кеңесі немен айналысады?

Жиын Дипломатиялық қызмет күнімен тұспа-тұс келді. Дегенмен бұл сәйкестік заңды да сияқты. Қазақстандағы инвестициялармен дипломаттар айналысады: кеңестің жұмыс органы - Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитеті, төрағасы - Президент.

Kazakh Invest басшысы Сұлтанғали Кенжеқұлов та бұрынғы дипломат. Дипломаттарда бұрынғы деген ұғым болса. Жиын мәнін ол қарапайым түрде түсіндірді: инвесторлар үкімет басшылығымен және Мемлекет басшысымен тікелей кездесіп, не кедергі болып тұрғанын айтады.

"Біз инвесторларды нақты тыңдаймыз", - деп атап өтті ол.

Сұлтанғали Кенжеқұлов. Фото: © Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Биыл талқылау негізінен цифрландыру, жасанды интеллект және деректер орталығы  тақырыптарына арналса, былтыр логистика мәселелері қаралған. Екі күн ішінде ондаған кездесу өткізіліп, келісімдерге қол қою жоспарланған.

Қазақстан ұсынатын шарттар өте тартымды: 5–10 жылға дейін салықтан босату, жабдықтарды бажсыз әкелу, шетелдік мамандарды квотасыз тарту - құрылыс кезеңінде және іске қосылғаннан кейін бір жыл бойы. Ал инвесторлар кері міндеттемелер алады: тек ірі құрастырумен шектелмей, жергілікті өндірісті барынша дамыту, сондай-ақ жергілікті мамандарды оқытып, уақыт өте келе олардың шетелдік мамандарды алмастыруына жағдай жасау.

Залда Қазақстан нарығына әлі кірмеген қандай компаниялар бар деген сұраққа Кенжеқұлов: "Айтпай-ақ қояйын", - деп жауап берді. Дипломатиялық жауап.

Неміс Томас Эрвин Ernst & Young компаниясында деректер мен талдау бағытын басқарады. Ол Қазақстанның инвестициялық климатын "өте ашық" деп бағалады, ал болашаққа қатысты елге цифрлық бейтараптық ұстанып, әлемдегі айқын күштер  арасында "цифрлық дәуірдің тыныш айлағы" болуды ұсынды. Ол нақты қандай күштер екенін түсіндірмеді.

Томас Эрвин. Фото: © Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Кеңес туралы ол былай деді:

"Мұнда талқылап қана қоймайды, бұл менің туған жерімде жиі болатындай емес. Мұнда талқылайды, шешім қабылдайды, кейін ол шынымен орындалады".

Осылайша "Эрвин формуласы" пайда болды. Оның туған жері - Германия.

Фото: © Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Залдағы қонақтар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды: планшеттері мен портфельдері бар жапон делегациясы, ақ киім киген араб мұнайшылары, Батыстан келген ақ шашты банкирлер. Оларды дипломаттар мен министрлер қарсы алды. Ал инвестициялар, шамасы, күлімсіреуден басталады.

Фото: © Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Олардың бәрін шағын алаңдай болатын дөңгелек үстел басына отырғызды.

Президент не деді?

Жиынды Президент бір күн бұрын болған жаңалықпен ашты. 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енді, ал Тоқаев қонақтарға оның символдық мәнін бағалауды ұсынды: ол жаңартылған Конституция инвесторлар құқығын барынша жоғары деңгейде қорғайтынын айтты.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Президент атап өткендей, сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. ЖІӨ 300 миллиард долларлық межеден асты. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді. Тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі 150 миллиард доллардан асып, аймаққа құйылған барлық қаржының шамамен 70 пайызын құрады.

БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) болжамына сүйене отырып, Президент 2033 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект экономикасының көлемі 5 триллион долларға жуықтайтынын айтты. Яғни, он жыл ішінде 25 есе ұлғаяды. Қазақстанда осы бағытта қазірдің өзінде Жасанды интеллект министрлігі құрылған, сондай-ақ ЖИ дамыту жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Ал инвестициялық саясатта "ақылды сүзгі" енгізілмек. Ол инвесторларды қайталанбалы үдерістерден арылтады. 

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Мұның бәрі үшін "темір" қажет және ол қазірдің өзінде салынып жатыр: Қазақстан Орталық Азияда алғаш болып екі суперкомпьютерді іске қосты. Тағы бір ауқымды жоба — Data Center Valley, яғни әлемдік капитал мен технологиялық компанияларды тартуы тиіс деректерді өңдеу орталықтарының алқабы. Сала көшбасшылары Amazon, G42 және басқалар қатысу мүмкіндігін қарастыра бастаған.

Инвестиция "темірге" ғана салынбайды. Жуырдағы жарлық бойынша жасанды интеллект мектептерді жаңғыртудың орталық элементіне айналды. Президент бөлек атап өткен бір жайт бар: бұл құрал мұғалімдердің мүмкіндігін кеңейтеді, бірақ оларды алмастырмайды. Пилоттық жоба ауыл мектептерін қала мектептерінің деңгейіне жақындатуы тиіс.

Ересектер де назардан тыс қалған жоқ: әлемге танымал сарапшы Ли Кай Фу Астанада мемлекеттік органдардың жоғары басшылығына арналған ЖИ бойынша семинар өткізді, ал болашақ мамандар үшін аймақтағы алғашқы жасанды интеллект университеті салынып жатыр.

Логистикада Smart Cargo платформасы іске қосылды, ал мұнай-газ нысандарында цифрлық көшірмелер енгізіліп жатыр: машина жабдықтардың ақауын алдын ала болжай алуды үйренетін кен орындарының виртуалды көшірмелері.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Тоқаев Қазақстанда алгоритмдерден бөлек, аса маңызды минералдар, сирек металдар және география бар екенін айтты. Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол жүк тасымалының 85 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.

— Дәлме-дәл жоспарлау және болжамды сараптама үшін цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміз екінші жыл қатарынан 27 миллион тонна астық жинады. Бұл – рекордтық көрсеткіш, — деді Президент.

Цифрлық жетістіктер тізбегін қала түйіндеді. Алатау Қазақстандағы алғашқы толық цифрлық орталық ретінде жобаланып жатыр. Президент инвесторларды ол жаққа да шақырды.

— Мұндағы аса маңызды инфрақұрылым, мемлекеттік қызметтер мен қала экономикасы үлкен дерекқор, озық технология және заманауи басқару моделі негізінде жұмыс істейтін біртұтас цифрлық экожүйеге біріктіріледі.

Ислам Даму банкінің президенті Мұхаммад Сулейман Әл-Джассер. Фото: © Tengrinews.kz /Айсұлтан Құлшыманов

Сөз сөйлеуден кейін қонақтар екіжақты кездесулерге тарасты: оларды келіссөздер мен қол қою рәсімдері күтіп тұрды. Ал Президент инвесторлармен бірқатар кездесу өткізді.

Заң қабылдамайтын және өзі шешім шығармайтын орган өз мүмкіндігі шеңберінде тыңдады. Шешімдерді тыңдағандар қабылдайды. Бұдан кейін бәрі Эрвин формуласы бойынша жүруі тиіс. 

Мұны бір жылдан кейін, отыз тоғызыншы отырыста тексеруге болады.

Авторы: Айсұлтан Құлшыманов

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 21:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see124

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see117

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see116

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see115

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see115

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see113

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see113

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see112

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see111

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see110

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see107

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see107

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see106

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see105

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see105

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see102

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see100

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see99

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see99

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары