Астанада ұлттық ат спорты түрлері клубы ашылды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Астанада човган және ат поло бағыттарын біріктіретін «Astana Polo & Chovken club» ұлттық ат спорты клубы өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Клуб 2024 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде халықаралық турнирлерге қатысып, Қазақстанды халықаралық спорт аренасында таныстырып келеді.
Клубтың жетекшісі – ат-спорттық бағыттардың еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Хасенов. Клубтың қызметі ат спортын дамытуға және кеңінен насихаттауға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ елорда тұрғындарының ұлттық ат спорты түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Клуб аясында жаттығулар мен спорттық іс-шаралар өткізіліп, шабандоздардың шеберлігін жетілдіруге және спортшыларды жарыстарға дайындауға жағдай жасалып жатыр.
Клубтың ашылуы елордадағы ат спорты мәдениетін одан әрі дамытуға және ұлттық ат спорты түрлерін кеңінен танымал етуге мүмкіндік береді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 19:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















