Астанада жылыту маусымының басталу күні жарияланды
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Астанада жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана әкімдігінің қаулысына сәйкес, елордада жылу беру маусымы 2 қазанда басталады.
"Астана-Теплотранзит" АҚ жылу беру маусымының басталуына және елорда тұтынушыларына жылу энергиясын сенімді тасымалдау мен тарату бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуге толық дайын екенін хабарлады.
"2 қазаннан бастап елордада жылу кезең-кезеңімен беріледі. Барлық нысанды жылуға алдағы бірнеше күн ішінде толық қосу жоспарланып отыр", - делінген Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, жылу беру маусымына дайындық аясында жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізіліп, анықталған ақаулар жойылған, сондай-ақ жөндеу және жаңғырту жұмыстары толық аяқталған.
Бұған дейін Павлодар облысында жылу беру маусымы 14 қыркүйекте басталғаны хабарланған еді. Ал 1 қазанға дейін ауа райы жағдайына байланысты солтүстік және шығыс өңірлерде жылу берілуі тиіс болатын. Бұл туралы осыдан екі апта бұрын Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтқан.
Сол кезде премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар өңірде жылу маусымына дайындық әлі аяқталмағанын айтқан еді. Ол әкімдерге жөндеу жұмыстарын жеке бақылауға алуды тапсырып, Семей, Степногорск және Петропавлда жылуды уақтылы қосуға ерекше көңіл бөлуді жүктеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 17:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















