Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Астанадағы әлемдік AI кино: Astana AI Film Festival 2026 жеңімпаздары жарияланды

Астанадағы әлемдік AI кино: Astana AI Film Festival 2026 жеңімпаздары жарияланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

3 қазанда марапаттау рәсімі аясында әлемнің түкпір-түкпірінен авторлар мен режиссерлерді біріктірген халықаралық байқаудың жеңімпаздары жарияланды. Фестиваль 1-3 қазан аралығында жасанды интеллектке арналған іс-шаралар топтамасын біріктірген AI Month аясында өтті. AAIFF 2026 бағдарламасына байқау фильмдерінің көрсетілімдері, іскерлік бағдарлама және авторлар мен креативті индустрия өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталастар кірді.

Astana AI Film Festival-ке 125 елден 8 067 өтінім келіп түсті. Ресми комиссия іріктеген 25 жұмыс финалдық бағдарламаға енді. Финалистерді құрамына ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры және Францияның бұрынғы мәдениет министрі Одри Азуле, China Film Group жанындағы Жасанды интеллект зерттеулері институтының деканы Ма Пин, Бейжің киноакадемиясы Анимация факультеті деканының орынбасары Ван Хао, кәсіпкер әрі инвестор Баладжи Сринивасан, сондай-ақ Таяу Шығыс, Африка, Үндістан, Түркия және ТМД елдері бойынша BytePlus бас менеджері Ли Лонг кірген халықаралық қазылар алқасы бағалады.

«Бүгінде AI-кино саласындағы ең қызықты нәрсе – технологияның өзі емес, авторлардың оның көмегімен жасап жатқан дүниесі. Фестиваль аясында біз ерекше визуалды шешімдерден бастап, оқиға баяндаудың жаңа тәсілдеріне дейінгі өте мықты әрі бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды көрдік. Әсіресе әртүрлі елдердің режиссерлері мен авторларының AI-платформаларды өз идеяларын жүзеге асырудың жаңа құралы ретінде қалай пайдаланатынын бақылау қызықты. Нәтижесінде шын мәнінде халықаралық жоба қалыптасты. Жұмыстардың ауқымы мен сапасына қарап, AI-кино әлемдік киноиндустрияның дербес бағытына айналып келе жатқанын көріп отырмыз», – деді фестивальдің тең құрылтайшысы әрі AAIFF креативті директоры Айзат Кусаинов.

Халықаралық қазылар алқасының бағалауы қорытындысы бойынша бес арнайы номинацияда және The Future Worth Living In («Өмір сүруге лайықты болашақ») атты негізгі тақырыптық бағдарламада жеңімпаздар анықталды.

Арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар:

- Myrzakhan Zhumakhan – «IT WAS JUST A JOKE» (комедия, Қазақстан), Best Character номинациясы;

2xLabs – «The Last Span» (фэнтези, Қытай), Best Story номинациясы;

-  Jacopo Zanetti – «What's the Job?» (сюрреализм, Италия), Best Visual номинациясы;

- Jacopo Reale – «The Fracture» (триллер, Италия), Best Direction номинациясы;

- Zachary London – «Pomegranate» (ғылыми фантастика, шытырман оқиға, АҚШ), Best Concept номинациясы.

Аталған номинациялардың финалында Қазақстан, Оңтүстік Корея, Сенегал, Канада, Қытай, Германия, АҚШ, Италия, Аргентина және басқа да елдер авторларының жұмыстары ұсынылды. Олардың қатарында Myrzakhan Zhumakhan-ның «It Was Just a Joke», Kang Daehyeong-тың «Green Flag», Moustapha Sakho-ның «Ballast», Robert Gaudette-нің «A Face Only A Mother Could Love», 2xLabs-тың «The Last Span», Lu Junjie-нің «Delete», Mark Wachholz-тың «Five Minutes of Spring», Jonathan Perry мен Alex Naghavi-дің «Railbound», Zachary London-ның «Pomegranate», Jacopo Zanetti-нің «What's the Job?», Tim Zhang-ның «Gabriel», Gabriel Bosisio-ның «Charli Boy», Jacopo Reale-дің «The Fracture», Fredrik Akerstom-ның «Aphelion» және Marco Magario-ның «Er Loop» фильмдері бар.

«Менің фильмім комедия жанрында. Фильм қарапайым әзілдің кесірінен ит пен оның иесінің ағасы төбелесіп, ақыр соңында бұл нағыз соғысқа айналатыны туралы. Мен күрделі немесе астарлы мағына беруді мақсат етпедім – бұл белгілі бір деңгейде мені де сипаттайтын жеңіл оқиға: мен пранк пен көңіл көтеруді жақсы көремін. Шынымды айтсам, бәсекелестікке байланысты қатты уайымдадым, өйткені мұнда талантты әрі мықты авторлар өте көп. Барлық қатысушылар өз фильмдеріне көп күш пен уақыт жұмсады. Сондықтан, менің ойымша, олардың әрқайсысы лайықты бәсекелес болды», – деді Best Character номинациясының жеңімпазы Мырзахан Жумахан.

Ал The Future Worth Living In негізгі тақырыптық бағдарламасына он финалдық жұмыс енді: Nikolay Shestak-тың «The First Honest Day», Dor Brothers-тың «REVIVER», Ernest Desumbila-ның «Looking For Perseida», Tarek Abdelhakim-нің «The Choice», Abhik Banerjee-нің «SITARA», Richard Kassai-дің «WTF», Anna Frolova-ның «Project "A"», Jamin Tasker-дің «Everything Soft», John Kirk Kelly-дің «Saint Vitus Kiss» және Madi Zhagi-дің «Aya's Best Day» фильмдері.

Негізгі байқау қорытындысы бойынша үшінші орын мен $100 000 көлеміндегі жүлдені Испания атынан қатысқан Ernest Desumbila «Looking For Perseida» фильмі үшін иеленді. Екінші орын мен $200 000 көлеміндегі жүлде Үндістан атынан қатысқан Abhik Banerjee-ге «SITARA» фильмі үшін берілді. Ал Гран-при мен $450 000 көлеміндегі жүлдені Латвиядан келген Nikolay Shestak «The First Honest Day» фильмі үшін жеңіп алды.

Astana AI Film Festival 2026 Гран-при иегері Николай Шестак өз әсерімен бөлісіп, жұмысы туралы айтып берді.

«Шамамен төрт жыл бұрын режиссурамен айналыса бастадым, ал екі жыл бұрын AI көмегімен фильмдер жасай бастадым. Шынымды айтсам, жеңіске жетемін деп күтпедім – мұнда керемет жұмыстар мен түрлі жанрлар өте көп болды. Сондықтан қазылар алқасының дәл менің фильмімді не себепті таңдағаны мен үшін де қызық. Менің «The First Honest Day» фильмім адамның іс-әрекеті оның кім екенін анықтайтыны туралы. Егер адам жаман әрекеттер жасаса, ол өзгереді, ал жақсы істер, керісінше, оны жақсартады. Мен фильмдеріме өз ойларым мен идеяларымды енгізуге тырысамын. Бұл жеңіске өте қуаныштымын. Алынған жүлдені жаңа фильмдер жасауға инвестициялап, жобаларымды әрі қарай дамытқым келеді», – деді Astana AI Film Festival жеңімпазы.

Фестивальдің тең құрылтайшысы және AAIFF басқарма төрағасы Алмас Жали атап өткендей, алғашқы Astana AI Film Festival жасанды интеллект көмегімен жасалған киноға деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті. Фестиваль әртүрлі елдердің авторларын біріктіріп, жаңа технологиялармен, визуалды форматтармен және заманауи кино тілінің мүмкіндіктерімен тәжірибе жасауға арналған алаңға айналды.

«Мұндай халықаралық фестивальдің дәл Қазақстанда өтуі ерекше маңызды. Біз Астананың әлемнің түкпір-түкпірінен киноиндустрия, технология және креативті индустрия өкілдері тоғысатын орталықтардың біріне айналуын қалаймыз. Алғашқы фестиваль бізге жақсы серпін берді. Ендігі міндетіміз – жобаны одан әрі дамыту, халықаралық қатысушылар қауымдастығын кеңейту және кино мен жасанды интеллект тоғысында жұмыс істейтін авторлар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау», – деді фестивальдің тең құрылтайшысы және AAIFF басқарма төрағасы Алмас Жали.

Astana AI Film Festival-дің жалпы қоры $2 млн құрайды. Оның $1 млн-ын Freedom Holding Corp. жанындағы Freedom Шапагат корпоративтік қоры ұсынды және бұл қаражат жеңімпаздар арасында жүлде қоры ретінде бөлінеді. Тағы $1 млн перспективалы AI-командаларға арналған инвестициялық капитал ретінде қарастырылған. Бұл қаражат Қазақстандағы өндірісті және AI экожүйесін дамытуға бағытталады.

Astana AI Film Festival-дің бас серіктесі – Freedom Holding Corp., технологиялық серіктесі – The Network School, серіктесі – Kino.kz.

2 және 3 қазанда финалистердің жұмыстары MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығындағы Chaplin кинотеатрында үлкен экранда көрсетілді.

Алғашқы Astana AI Film Festival халықаралық кәсіби қауымдастықты AI-киноның дамуы және авторлар мен креативті командалар үшін жаңа мүмкіндіктер төңірегінде біріктірді. Фестиваль киноның болашағын, шығармашылық үдерісте жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін және жаңа AI-креативті индустрияны дамыту мәселелерін талқылайтын алаңға айналды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қазан 2026 12:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары