Астанадағы Триумфалды арка аумағына автокөлік кіріп кетті: видео
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астанада Мәңгілік ел даңғылының бойында орналасқан Салтанат арка аумағында жол-көлік оқиғасы болды. Көлік жүргізушісі қоршауды бұзып өтіп, монумент аумағына кіріп кеткен. Оқиға орнына Tengrinews.kz тілшілері барды.
Күміс түсті жол талғамайтын көліктің жүргізушісі сәндік шынжырлары бар қоршау бағандарын зақымдап, жаяу жүргіншілер аймағына шығып кеткені байқалады.
Апаттың себебі және зардап шеккендер бар-жоғы әзірге белгісіз. Ресми ақпарат алу үшін полиция департаментіне сауал жолданды.
Ведомство өкілдері оқиға орнында полиция жасағы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Мән-жайды кейінірек хабарлауға уәде берді.
Салтанат аркадағы жол апаты. Фото: Tengrinews.kz
Салтанат аркадағы жол апаты. Фото: Tengrinews.kz
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бұған дейін Астанадағы көпірде екі автобус соқтығысқан болатын. Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Автобустардың бірі жартылай жаяу жүргіншілер аймағына жақын тротуарға шығып кеткен. Апат салдарынан бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 13:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















