Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Терезелерді ашпаңыздар: Екі қалада ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

Тарихи жетістік: Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жаңа белесті бағындырды

Әлем чемпионы Ұлттық ұлан сарбаздарына таэквондодан тәлім беріп жүр

Жазушы рухына тағзым: АҚШ та Мұхтар Мағауинге көктас қойылды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды

Тоқаев жасанды интеллектті енгізу керек негізгі бағыттарды атады

Алматыда заңсыз сыра өндіретін жасырын цех жойылды

БАӘ ОАПЕК құрамынан шықты

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000 нан астам адам эвакуацияланды

Өскеменде зауыттағы жарылыстан кейін ғимараттың бір бөлігі құлады

Шымкентте ер адам мас күйінде бөтен көлікті айдап кеткен

Астанада үй ауласында екі жасар баланы көлік қағып өлтірді

ЖЭО лардың отынға қарызы 38 млрд теңгеге жуықтады

Трамп шұғыл мәлімдеме жасады

Президент Қазақстанның “технологиялық тәуелсіздігінің“ негізін атады

Ормұз бұғазындағы жағдай: Иран мәлімдеме жасады

Шымкентте куәлігі бар Нұрболдың тарихы қайталанды

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

Қай айда туғандар ұзақ өмір сүреді? Ғалымдар сенсациялық қорытынды жасады

Самұрық Энерго 111 жабдық пен 19,5 км жылу магистраліне жөндеу жүргізеді

Ата заң: Елдік мұрат жолындағы ортақ ұстаным

Ата заң: Елдік мұрат жолындағы ортақ ұстаным

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Кеше елордада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында комиссия мүшелері жариялан­ған жаңа Конституция жобасын талқыға салып, елдің саяси өміріндегі өзгерістерді әңгіме арқауына айналдырды.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Мыңжылдық тарихымыз – мызғымас құндылық

Жаңа Конституция жобасында тұңғыш рет мыңжылдық тарихымыз бас­ты құндылық ретінде жазылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин комиссияның VII отырысында айтты.

Оның сөзінше, қазіргі қолданыстағы Конституцияда тарих туралы бірде-бір сөз жоқ. «Жаңа Конституция жобасы­ның преамбуласындағы «Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтас­ты­ғын сақтай отырып» деген сөйлем тарихымыздың үздіксіз сабақтастығын, еліміз көшпелілер өркениетінің ошағы екенін айғақтайды. Осылайша, тарихымыз Конституцияда тұңғыш рет декларация емес, мемлекеттік құндылық ретінде бекітіліп отыр», деді Е.Қарин.

Преамбуладағы «Ұлы дала» мен «мыңжылдық тарих» Қазақ елінің тарихи субъект екенін айғақтайтын әрі мемлекеттік бірегейлікті айқындайтын ұғымдар.

Сонымен бірге Мемлекеттік кеңес­ші жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені тайға таңба басқан­дай нақты жазылғанына да тоқталды. «Атап айтқанда, 9-баптың 1-тармағын­да «Қазақстан Республикасының мем­лекеттік тілі – қазақ тілі» деп анық көр­сетілген. Яғни бізде мемлекеттік тіл біреу, ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Тіліміз биік тұғырда, өз орнында. Мемлекетіміз барда сол тұғырдан ешқашан төмен түспейді. Ол үшін осы мемлекетті сақтауымыз керек, қор­ғауы­мыз қажет. Елдің бірлігін ойлауымыз керек», деп атап өтті Е.Қарин.

Сондай-ақ ол жаңа Конституция жобасы мен 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Ата заңда айырмашылық өте көп екенін жеткізді. «Жаңа Конс­титуция жобасы – жарты жылдан астам уақыт бойы ел азаматтарынан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен, түрлі ұйымдардан келіп түскен ұсыныс­тар мен бастамалардың нәтижесі, осы күнге дейін жүргізілген түрлі ұзақ талқылаулардың жемісі», деді Е.Қарин. 

Халықтың 78%-ы өзгерістерді қолдайды

Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан отандастарымыздың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдап отыр. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақ­стан­ның стратегиялық зерттеулер инс­ти­­тутының директоры Жандос Шаймар­данов мәлімдеді.

Ол ауқымды реформа 2025 жылдың қазан айында басталып, азаматтардан тікелей кері байланыс алумен қатар жүргенін еске салды. Конституциялық комиссияға азаматтар, заңгер-ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардан 2 мыңнан астам бастамашыл ұсыныс келіп түскен. eOtinish платформасы арқылы өтініш­тер әлі де келіп жатыр. Олардың саны 4 мыңнан асты.

«Азаматтардың едәуір бөлігі үшін Ата заң адам құқықтары мен бостандық­тарының басымдығын қалай бекітіп, оларды қорғаудың түсінікті әрі бірыңғай ережелерін қалыптастыратыны шешуші мәнге ие. Конституция бұл тұрғыда жеке бас бостандығы мен ұлттық мүдделер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады», деді Ж.Шаймарданов.

Халықаралық шарттар мен ұлттық заңнаманың арақатынасы көп жылдан бері сарапшылар мен қоғам арасында талқыланып келеді. Осы орайда Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді. «Біз әріптестерімізбен бірге жоба нормаларын мұқият зерделедік. Маңыздысы – жаңа Конституцияда еліміздің ратифика­ция­лаған халықаралық шарттары мен халық­­аралық құқықтың жалпыға танылған нор­­ма­ларының заңдық күшін жоққа шығаратын ешқандай ереже жоқ», деді депутат.

Оның айтуынша, еліміз өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста өзара сыйластық қағидатына, сондай-ақ БҰҰ аясындағы адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық шарттарға адалдығын сақтайды. Жоба мәтінінде адамның ажырамас құқықтары мен бостандықтарына қатысты қабылданған халықаралық міндеттемелерден бас тартуды білдіретін нормалар қарастырылмаған.

Адам құқығының үстемдігін күшейтті

Конституция мәтініне халықаралық құқық­тың негізгі қағидаттары, жалпы­адамзаттық құндылықтар мен халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары енеді. Осылай деген Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы үстемдік пен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу, толықтыру мен үйлестіру қағидаттарына негізделетінін айтты.

«Осылайша, 5-баптың 1-тармағы туралы қысқаша тұжырымдап айтсам,  еліміз халықаралық міндеттемелерден бас тартпайды, керісінше, оны қолданылатын құқықтың, яғни қоғамдық қатынастарды рет­тейтін маңызды құрамдас бөлігі ретін­де мойындайды», деп нақтылап өтті депутат.

Конституция жобасы адамның қол­даныс­тағы құқықтары мен бостандық­тарын сақтап қана қоймай, олардың аясын кеңейтіп, нақты іске асуы мен қорға­луын күшейтеді. Бұл туралы комиссия отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева айтты.

«Конституция негізінде қабылдана­тын заңдар әрқайсымыздың және әр бала­ның өмірі, болашағы мен әл-ауқатына тікелей байланысты. Конституция жобасы мазмұндық тұрғыдан үш маңызды тірекке негізделеді: бостандықтар, құқық­тар мен міндеттер. Олардың бірлігі – Конституцияның мәні мен тұтастығын қалыптастырады», деді ол.

Осы тұрғыда Д.Закиева бірқатар конституциялық өзгерістерге назар аударып, Негізгі заңның басымдығын белгілеп берді. «Біріншіден, екінші бөлімнің атауы өзгереді. Қазіргі «Адам және азамат» атауының орнына «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деген атау ұсынылады. Бұл өзгеріс адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ міндеттерінің басым маңызға ие екенін айқын көрсетеді», деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Тағы бір маңыздысы – Конституция­ның жобасында адамның барлық жеке құқықтарының қолсұғылмаушылығы тікелей бекітілген. «Жаңа редакцияда құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтарын бұзбау мен бостандықтарын шектемеуге тиіс, конституциялық құрылымның негіздері­не, қоғамдық тәртіпке, азаматтар­дың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге тиіс екені нақты айқындалады», деді ол.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев­тың айтуынша, жаңа Конституция жобасының алғашқы баптарынан-ақ оның тұжырымдамалық сипаты айқын көрінеді. Бұл – әділдікке, тәртіп пен тұрақтылыққа негізделген қоғам сұранысына мемлекеттің нақты жауабы. «Конституцияның 2-бабы­ның 1-тармағында еліміздің прези­денттік республика болып қала беретіні және Мемлекет басшысының билік тармақ­тарының үйлесімді жұмысын қамта­ма­сыз ететіні нақты көрсетілген. Ал 43-баптың 1-тармағында Президент бір рет жеті жыл мерзімге сайланатыны бекітіл­ген. Бұл – биліктің монополиялануы­на жол бер­мейтін нақты норма. Осы бап­тың 5-тар­мағында аталған ереже өзгертіл­мейті­ні жазылған. Осылайша, «мәңгі билік» тура­лы кез келген алыпқашпа әңгімеге тос­қауыл қойылады», деп атап өтті депутат. 

Жалған жорамалдарды сынға алды

Саясаттанушы Марат Шибұтов жобадағы Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктердің бөлінісі жөнінде пікір білдірді. «Кейбір азаматтар комиссияның жұмысы туралы осы отырыстарға қатысып жүрген менен де көбірек «білетіндей» көрінеді», деді саясаттанушы. Оның айтуынша, кез келген адам оқып, танысуы үшін құжат көпшіліктің назарына ұсынылып, ашық түрде жарияланғаннан кейін де ақпаратты әдейі бұрмалау тоқтамаған. «Менің ойымша, бұл енді ойын емес, танымал болуға ұмтылыс та емес, нағыз қасақана пиғыл», деп атап өтті М.Шибұтов.

Спикердің айтуынша, жаңа Конституция жобасына сәйкес, Құрылтай мынадай тұлғаларды тағайындауға неме­се келісімін беруге құқылы: Премьер-министр, Вице-президент, Консти­туциялық соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі, Жоғарғы аудиторлық палатаның 8 мүшесі мен Жоғарғы соттың барлық судьялары.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы – барлық келіп түскен пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, ашық түрде дайындалған сапалы әрі сараланған құжат. Ол жоба ашық жарияланғанға дейін ұзақ әрі қажырлы жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Қазір ел қоғамы жауапты кезеңге аяқ басып жатқанын айта келе: «Ең бастысы – бұл кезеңде орынсыз қызбалыққа ұрынбау, жалған әрі бұрмаланған ақпарат таратпау керек. Дәлелді диалогті жалғас­тырып, тарихи үдерістегі өз жауапкер­шілігімізді сезінуіміз қажет», деді. 

Егемендік пен Тәуелсіздік – өзгермейтін ұғымдар

Комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер теңгерімі туралы пікір білдірді. «Біз Президент пен Құрылтай өкілеттіктерін нақты ажырату тәсілдерін талқылап, ортақ ұстаным қалыптастырдық. Осы тұрғыдан алғанда, дайындалған жаңа Конституция жобасында бұл өкілеттіктер жеткілікті дәрежеде теңгерімді бөлінген деп есептеймін», деді А.Перуашев.

Оның сөзінше, Президент республика­дағы ең жоғары лауазымды тұлға ретінде биліктің барлық тармағы – заң шығарушы (Құрыл­тай), атқарушы (Үкімет) және сот билігі­нің үйлесімді жұмыс істеуін қамта­масыз етеді. «Сондықтан Президент пен Құрыл­тай арасындағы өзара қатынасты «сая­­си монополияны сақтау немесе күшей­ту» деп бағалау – конституциялық рефор­маның мәнін бұрмалау», деді депутат.

Отырыс соңында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова жаңа Конституция жобасының маңыздылығына әрі оның ел дамуындағы стратегиялық рөліне тоқталды. Сондай-ақ Ата заңда мемлекеттік саясатқа, қоғамның дамуына қатысты негізгі қағидаттармен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер де бекітілетінін атап өтті. Конституция нормаларын неғұрлым егжей-тегжейлі реттеу, әдетте, заңдар деңгейінде жүзеге асырылатынын айтты. Бұл – Ата заңды әзірлеудегі жалпыға ортақ тәжірибе.

Э.Әзімова Конституция жобасында бекітілген өзгермейтін құндылықтарға да ерекше назар аударды. «Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық пен республиканың басқару нысаны өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылған», деген ол комиссияның келесі отырысы өтетін күн қосымша хабарланатынын еске салды. 

Соңғы жаңалықтар

Әдебиеттің айбоздары анықталды

Қоғам • Бүгін, 09:05

Ата заң: Елдік мұрат жолындағы ортақ ұстаным

Реформа • Бүгін, 09:00

Ұлттық құндылықтарды қорғайды

Саясат • Бүгін, 08:58

Ашық, сындарлы диалог жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Стратегия­лық бағыттың логикалық жалғасы

Ата заң • Бүгін, 08:53

Адам құқығына жауапты құжат

Пікір • Бүгін, 08:50

Қазақстандағы реформалар – әлем назарында

Реформа • Бүгін, 08:48

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:45

Жаңарған Конституция және халықаралық тәжірибе

Пікір • Бүгін, 08:43

Қаржы жүйесін цифрландыру халыққа қаншалықты тиімді?

Қаржы • Бүгін, 08:40

Жобаның тұжырымдары ғылыми тұрғыдан талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:38

Ұңғыманы сынау жұмыстары нәтижелі болды

Экономика • Бүгін, 08:35

Жолдағы «қаралы статистика» қашан азаяды?

Мәселе • Бүгін, 08:33

Сталкинг пен алаяқтық қатаң жазаланады

Құқық • Бүгін, 08:30

Өнер ұжымдары ынталандырылды

Аймақтар • Бүгін, 08:27

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 09:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Терезелерді ашпаңыздар: Екі қалада ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

03 Мамыр 2026 16:45see134

Тарихи жетістік: Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жаңа белесті бағындырды

04 Мамыр 2026 20:30see113

Әлем чемпионы Ұлттық ұлан сарбаздарына таэквондодан тәлім беріп жүр

04 Мамыр 2026 22:00see112

Жазушы рухына тағзым: АҚШ та Мұхтар Мағауинге көктас қойылды

04 Мамыр 2026 10:36see110

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды

04 Мамыр 2026 10:01see110

Тоқаев жасанды интеллектті енгізу керек негізгі бағыттарды атады

04 Мамыр 2026 14:41see109

Алматыда заңсыз сыра өндіретін жасырын цех жойылды

04 Мамыр 2026 12:07see108

БАӘ ОАПЕК құрамынан шықты

04 Мамыр 2026 08:12see108

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000 нан астам адам эвакуацияланды

03 Мамыр 2026 17:12see108

Өскеменде зауыттағы жарылыстан кейін ғимараттың бір бөлігі құлады

05 Мамыр 2026 09:17see108

Шымкентте ер адам мас күйінде бөтен көлікті айдап кеткен

03 Мамыр 2026 17:28see107

Астанада үй ауласында екі жасар баланы көлік қағып өлтірді

04 Мамыр 2026 15:43see107

ЖЭО лардың отынға қарызы 38 млрд теңгеге жуықтады

05 Мамыр 2026 11:33see106

Трамп шұғыл мәлімдеме жасады

04 Мамыр 2026 11:09see105

Президент Қазақстанның “технологиялық тәуелсіздігінің“ негізін атады

04 Мамыр 2026 14:29see105

Ормұз бұғазындағы жағдай: Иран мәлімдеме жасады

05 Мамыр 2026 00:03see104

Шымкентте куәлігі бар Нұрболдың тарихы қайталанды

04 Мамыр 2026 09:52see103

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04 Мамыр 2026 21:58see102

Қай айда туғандар ұзақ өмір сүреді? Ғалымдар сенсациялық қорытынды жасады

04 Мамыр 2026 19:57see101

Самұрық Энерго 111 жабдық пен 19,5 км жылу магистраліне жөндеу жүргізеді

05 Мамыр 2026 11:24see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары