Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ата Заң жобасы: егемендік, құқық және ұлттық құндылықтар: Конституция жобасына арналған Референдум 2026 онлайн марафоны мәресіне жетті

Ата Заң жобасы: егемендік, құқық және ұлттық құндылықтар: Конституция жобасына арналған Референдум 2026 онлайн марафоны мәресіне жетті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды.

Талқылау алаңында 100-ге жуық спикер «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні», «Жаңа Конституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздік - бәрінен қымбат», «Человек в центре государственной политики», «Заң және тәртіптің үстемдігі мемлекет қызметінің негізгі қағидаты», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау», «Семья и брак», «Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті», «Қазақстан Халық кеңесі», «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы», «Волонтерская деятельность», «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік»тақырыптары бойынша пікір алмасып, конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы пікірлер ортаға салынды. 

Онлайн марафон барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов және мəдениеттанушы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, этномедиация орталығының басшысы Фарида Мұсатаева дажаңа Ата заң жобасына қатысты ой білдірді. Олар тарихи-мəдени мұраны сақтау, төл мəдениетті қолдау тақырыбында сөз қозғады. 

Өз кезегінде Мəжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Преамбулада алғаш рет білім мен ғылым, инновация туралы жазылғанын атап өтті. 

«Мемлекеттің басты қағидаларының ішінде де білім мен ғылым, инновация көрсетілген. Жаңа Ата заңда оны тарқатып түсінідіретін тиісті нормалар да бар. Бұл мемлекеттің білім мен ғылым негізінде дамитынының айғағы», - деді Асхат Аймағамбетов. 

Ал Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы ел дамуы бағытында дамыған елдердің тәжірибесін қолданудың маңызын атап өтті. 

«Көп мемлекеттің Конституциясында өздерінің төл мәдениеті, тарихы көрсетілген. Мысалы, Финляндия, Жапония, Германияның Конституциялары осыған дәлел. Дамыған елдердің тәжірибесін өзімізде де іске асыра білсек, еліміздің дамуы жоғары деңгейде боларына сенемін», - деді депутат.

Ал Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева «Миранда» қағидасының Ата Заңға норма ретінде енгізілу себебін түсіндірді.

«Бостандық – адам құқықтарының бірі. Сондықтан әр минут маңызды. «Миранда» қағидасы адам құқықтарын қорғауға бағытталған және бостандықты шектеуге жол бермейтін маңызды норма», - деді депутат.

Онлайн марафон барысында спикерлер Қазақстанның халықаралық қатынастардағы рөліне де тоқталды. Заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов  еліміздің әлемдік кеңістікте орта держава ретінде орын алғанын айтты. 

«Жаңа Конституция қабылданса біздің мемлекет бейбітшілікті насихаттаушы ел ретінде әлем халқы арасындағы рөлін нығайта түседі», - деді Жамаладен Ибрагимов .

«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, Конституциялық комиссия мүшесіДихан Қамзабекұлы  Ата заңда алғаш рет жазылған «қоғамдық диалог» ұғымына қатысты пікір білдірді. 

«Жаңа Конституцияның 3-бабында қоғамдық диалог Қазақстанның негізгі құндылықтары қатарында көрсетілді. Оның басты бағдары - қоғам менбилік арасында алтын көпір болу», - деді Дихан Қамзабекұлы.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа тарихи кезеңнің басталуы екенін айтты. 

«Жаңа Конституция жобасы Тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық, саяси, ішкі және сыртқы тәуелсіздік, адамдардың ар-ұждан бостандығы, жалпы шекаралық тәуелсіздік барлығы осы мақсаттқа арналды. Меніңше, бұл жаңа тарихи кезеңнің басталуы деп ойлаймын», - деді Жанарбек Әшімжан.

Спикерлер қатарында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Жанарбек Əшімжан, Азат Перуашев, Нұрсұлтан Байтілесов, Қарақат Əбден, Жарқынбек Амантай, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Əлішер Сатвалдиев, Əсем Рахметова, Алтынбек Нухұлы, саясаттанушылар Əйгерім Серікжанова, Əйгерім Əбдірашитова, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов және өзге де қоғам өкілдері бар.

«Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында 24 өзекті тақырып қамтылды. Олардың қатарында Егемендік, Заң мен тәртіп, адам құқықтары, неке және отбасы институты, экология және Құрылтайдың рөлі сынды маңызды бағыттар бар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 19:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары