Атақты дәрігер қызыл шараптың жүрекке пайдасы туралы мифті жоққа шығарды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қызыл шарап денсаулыққа пайдалы деген пікір - жай аңыз емес, қате түсінік. Өйткені көпшілік бұған сенеді. Бұл туралы белгілі ресейлік дәрігер, академик Лео Бокерия РИА Новости-ге айтты, - деп хабарлайды TengriHealth.
Қызыл шарап денсаулыққа пайдалы деген пікір - жай аңыз емес, қате түсінік. Өйткені көпшілік бұған сенеді. Бұл туралы белгілі ресейлік дәрігер, академик Лео Бокерия РИА Новости-ге айтты, - деп хабарлайды TengriHealth.
Одан "Күніне бір стақан қызыл шарап қан тамырларына пайдалы ма?" деген сұрақ қойылды. Дәрігер бұл пікірді жоққа шығарды.
"Бұл - аңыз. Оның үстіне, зияны көп аңыз. Себебі жұрттың көбі оған толық сенеді, бірінен бірі естіп, тарата береді. Мұны кім шығарғанын білмеймін. Ішімдік ішкенді ұнататындар ма, әлде шарап өндірушілер ме?" - деді ол.
Дәрігердің айтуынша, таңдау жасау қажет болса, қызыл шараптан гөрі ақ шарап ішкен дұрыс.
"Сондай-ақ, үйде жасалған шараптан гөрі сапалы зауыт өнімін таңдаған жөн деп есептеймін. Өйткені үй жағдайында шарап дайындағанда санитарлық талаптарды, тазалық пен қажет температураны толық сақтау қиын", - деді Бокерия.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Маусым 2026 16:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















