Атырау әуежайында бет жүзін тұмшалаған 6 жолаушы анықталды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Атырау әуежайында көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киген 6 жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар Атырау – Стамбұл әуе рейсімен шетелге ұшқан Атырау қаласының тұрғындары болып шықты.
"Құқық бұзушылар елге оралғаннан кейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар аталған тұлғалармен алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция көлік инфрақұрылымы объектілерінде заң талаптарын сақтау аса маңызды екендігін еске салды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Қазақстанда бет жүзін тұмшалаған мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
28 Мамыр 2026 14:15
Атырау әуежайында сөмкесінде қару барын айтқан жолаушы рейстен түсірілді
20 Мамыр 2026 11:49
Атырау әуежайында шетел валютасын заңсыз әкету деректері анықталды
06 Қараша 2025 22:26
Атырауда бет жүзін бүркемелеген 11 азамат жауапқа тартылды
25 Сәуір 2026 01:04
Астана әуежайында негізсіз алым анықталды
29 Шілде 2026 14:09
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Тамыз 2026 20:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















