Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Атырау мектептеріндегі қауіпсіздік: турникеттер, камералар және күзет

Атырау мектептеріндегі қауіпсіздік: турникеттер, камералар және күзет

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Видеодан скриншот

Құлсарыдағы мектепте оқушы дәлізде қолында балтамен жүгірген оқиғадан кейін «АЖ» редакциясы қала мектептеріндегі қауіпсіздік жағдайын зерттеген еді.

Соңғы кездері кеңінен қолданылып жүрген «мектеп – екінші үй» деген сөзді көптеген Қазақстандағы оқу орындарына айту қиын болып қалды. Қазанетте мектептегі жанжалдар, буллинг, тіпті оқушылардың қолына қару алып, сыныптастарына шабуыл жасауы жиі талқыланып жүр. Осылардың ішінде ең қауіптісі – қарумен жасалған оқиғалар. Абырой болғанда, мұндай жағдайлар сирек кездеседі.

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында 9-сынып оқушысы 10-сынып оқушысына пышақ салып, ол оқушы көз жұмған еді. Сегіз жыл өткен соң Петропавлда 9-сынып оқушысы пышақпен және балтамен үш оқушыны жаралады.

Биыл 5 ақпанда тағы да Петропавлда бітіруші сынып оқушысы мектепте пневматикалық тапаншадан оқ атты. Сол күні Атырау облысы Құлсары қаласында 15 жастағы оқушы қолына балта алып, сыныптастарын қуа жүріп, екі жасөспірім жеңіл жарақат алды.

Дабыл түймелері

«АЖ» сауалына жауап берген Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова қалада барлығы 71 мектеп жұмыс істейтінін айтты. Соның ішінде 65 мектепте SOS дабыл түймелері орнатылған, олар полицияның Жедел басқару орталығына қосылған.

Бұл дабыл түймелерін екі жыл бұрын «Digital-R» ЖК мен «Raiymgroup» ЖШС мамандары орнатқан. Қазіргі уақытта «Raiymgroup» компаниясы олардың техникалық қызметін көрсету, жөндеу және ауыстыру жұмыстарын атқарып отыр. Бұл қызметке тендер арқылы 21,3 млн теңге бөлінген.

Атыраудағы кейбір мектептерде SOS дабыл түймелері жоқ. Олар апатты жағдайда тұрған №10, №11, №30 және Ломоносов атындағы мектептер. Сондай-ақ күрделі жөндеу жүріп жатқан №9 мектепте де орнатылмаған. Бұдан бөлек, №45 қыздарға арналған «Атамекен» мемлекеттік мектебінде дабыл түймесі жоқ, себебі бұл оқу орны жалға алынған ғимаратта орналасқан.

Бейнебақылау

Қаладағы апатты жағдайда тұрған және күрделі жөндеудегі мектептерді есептемегенде, 66 мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Камералар ғимарат ішінде де, сыртқы периметрде де орнатылған. Барлығы 6 383 бейнекамера жұмыс істейді. Оның ішінде сыныптарға қойылған камералар да бар – бұл «Nazar» жобасы аясында жүзеге асқан. Жоба - «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп әзірленген және оқу процесін бақылауға арналған пилоттық бастама.

Барлық камералардың тек жартысында ғана аудио және бейнежазба жасау мүмкіндігі бар. 291 камера полицияның Жедел басқару орталығына қосылған, ал 213 камера «Сергек» жүйесіне жалғанған. «Камера-муляждар бар ма?» деген сұраққа қалалық білім бөлімі жауап бермеді.

Биыл мектептердегі бейнебақылау жүйелерін күтіп-ұстауға 11,4 млн теңге бөлінген. Әр оқу орны тендерді өз бетінше өткізеді. Ал «Nazar» жобасына қатысты тендерді облыстық білім басқармасы жүргізеді.

Күзет

2025 жылдың желтоқсанында Қазақстанда мектеп қауіпсіздігі мәселесі тағы да көтерілген кезде, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха ІІМ мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп мектептерге қойылатын талаптарды нақтылайтын бұйрық әзірлегенін мәлімдеді. Атап айтқанда, 700-ден астам оқушысы мен мұғалімі бар ірі оқу орындары міндетті түрде жеке күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасуы тиіс.

«Яғни мектепте нақты физикалық күзет болуы тиіс, ол жай ғана әдеттегі «әже» емес, кәсіби күзет қызметкері болуы керек», – деген вице-министрдің сөзін сол кезде республикалық БАҚ-тар жазған еді. Сонымен қатар күзет фирмасының жедел әрекет ету тобы болуы шарт, ол дабыл түскен жағдайда дереу оқиға орнына жетуге қабілетті болуы тиіс.

Атырауда мектеп күзетшісі ретінде көбіне жасы келген, кәсіби дайындықтан өтпеген қарапайым жалдамалы жұмысшыны көруге көз үйренген. Мұндай адамдар төтенше жағдай туындаса, қаскөйге қарсы белсенді әрекет жасап, қауіптің алдын алып, оны бейтараптандыруға қауқарсыз болатын.

Қалалық білім бөлімінде мұндай жағдай қазір жоқ екенін атап өтті. Яғни жалдамалы қарапайым күзетшілер жоқ, барлық мектептер арнайы күзет агенттіктерінің қызметімен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа биыл бюджеттен 417,7 млн теңге бөлінген.

Турникеттер

Мектептерге турникет орнату идеясы Атырауға өткен онжылдықта жетіп, көп сынға ұшыраған еді. Себебі олар кіріп-шығу кезінде, әсіресе сабақ басталар сәтте, оқушылардың жиналып қалуына, кептеліс пен қысылысқа әкелетін. Мұндай жағдай төтенше жағдайда, мысалы өрт кезінде, оқушыларды жаппай эвакуациялау барысында өте қауіпті. Ал мұндай жобаны ойлап тапқандардың әрекеті – тіпті қылмысқа пара-пар деп бағаланды.

Турникеттер, негізінде, электронды рұқсат қағаздарымен немесе Face ID биометриялық жүйесімен бірге көбіне қызметкерлерді бақылау мен жұмыс уақытын есепке алу үшін кеңселерде немесе өндірісте қолданылады.

Ал қалалық білім бөлімінің жауабында турникет мектепке кіріп-шығу тәртібін қамтамасыз етіп, бөгде адамдардың еркін кіруіне жол бермейді деп түсіндірілген. Мұндай инженерлік-техникалық қорғаныс құралын қолдану ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен, Үкіметтің «Террористік тұрғыдан осал нысандардың антитеррористік қорғанысын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы» қаулысымен және министрліктің «Білім беру нысандарының антитеррористік қорғанысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығымен» реттеледі. Осы негізде қала мектептерінде барлығы 215 турникет орнатылған.

Бір қызығы, ведомствоның хатында «турникеттерді күтіп-ұстауға қаржы қажет емес, себебі олар аппараттық-бағдарламалық кешеннің құрамында» деп көрсетілген. Шамасы, турникеттер ешқашан бұзылмайтын болса керек.

Жалпы алғанда, металл қоршау мен айналмалы құрылғы ықтимал қаскүнемді тоқтата алмайды. Естеріңізде болса, «қазандық атқыш» аталып кеткен Ильназ Галявиев гимназияға қолында аңшы мылтығымен кірген видеода, «қорқынышты» көрінген антитеррористік турникетті жай ғана аттап өтіп, кейін қанды оқиға жасаған еді…

Мұндай оқиғаоар бізде ешқашан болмайды деп үміттенемін.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 12:41

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:294
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 13:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see131

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары