Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Құлсарыдағы оқиғадан кейін: Атырау мектептеріндегі түйткілдер

Құлсарыдағы оқиғадан кейін: Атырау мектептеріндегі түйткілдер

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сурет: 2gis

Құлсарыдағы мектептердің бірінде оқушының қолына балта алып жүгіргені туралы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Бұған дейін де буллинг құрбандары, мектеп формасын сақтамау, ерте жүктілік мәселелері жиі талқыланып келеді. Оқушыларға қатысты осы және өзге де жайттар бүгінгі материалымызға арқау болды.

Осыған байланысты біз Атырау қалалық білім бөліміне ресми сауал жолдап, мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деректеріне қатысты нақты мәлімет сұраттық. 

Мектеп формасы: дау неден туындады?

2023 жылы хиджаб, бони секілді діни сипаттағы киім киетін ондаған оқушы қыздың мектепке бармай жүргені айтылған еді. Сол кездегі оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев брифинг барысында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап 150-ден астам оқушы қыз мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін сабаққа қатыспағанын растаған. Кейін ата-аналармен жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан соң жағдай тұрақталғанын мәлімдеген болатын. 

Сол жылдың қазан айында Құлсары тұрғыны Мейрамбай Тағашев 13 жастағы қызының хиджабқа арналған бони кигені үшін мектепке кіргізілмегеніне шағымданған. Оның қызы 4 қыркүйектен бастап мектепке бармаған. Тек 20–22 қыркүйек аралығында үш күнге рұқсат беріліп, кейін қайтадан сабаққа қатысуына шектеу қойылған. 

Тағашевтің сөзінше, бастапқыда рұқсат білім басқармасынан берілгенімен, кейін аудандық білім бөлімінен кері нұсқау түскен. Нәтижесінде оқушы бірнеше күн бойы сабақтан шет қалған. 

«АЖ»-ға берген жауапта қалалық білім бөлімі басшысы Айнагүл Дүйсекенова мектептерде ата-аналармен және заңды өкілдермен мектеп формасына қатысты тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. 

«Бүгінгі күнге дейін Атырау қаласы мектептерінде қыз балаларды мектеп формасына (оның ішінде діни сипаттағы киім элементтеріне) байланысты сабаққа қатыстыруға тыйым салу фактілері тіркелген жоқ», – делінген жауапта. 

Сондай-ақ бөлім басшысы бірде-бір оқушының білім алу құқығы шектелмегенін жеткізді.

Орамал дауы демекші, мәселе бұрынғыдай болмаса да анда-санда қылаң беріп жатады.

Биылғы оқу жылында қаладағы Ломоносов мектебіне орамал киіп барған оқушыға қатысты да мәселе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралған. Мектеп формасын сақтамауына қатысты комиссия қыздың ата-анасына бірнеше рет ескерту жасаған, бірақ одан нәтиже болмаған соң әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 2-тармағы бойынша ата-ана міндетін орындамау туралы хаттама толтырып, Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне шарасын алуға жолдаған. 

Департамент басшысы Бердібек Таишевтың сөзінше, бұл бап бойынша ескерту немесе айыппұл ретінде жауапкершілік қарастырылған дейді. Бірақ қазір істі қарауды тоқтатып қойған. Себебі, ата-ана хаттамамен келіспей, сотқа апелляциялық шағым берген.

- Мектептің ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес, оқушыларға сыныпта орамал немесе өзге де бас киім киіп отыруға рұқсат етілмейді. Аталған мәселе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысында қаралды.Іс сотқа дейін жетті, - дейді Таишев.  

Бұл оқиға форманың өзектілігін тағы да көрсетті.

Ерте жүктілік: статистика не дейді? 

Айнагүл Дүйсекенова бұл сауалымызға жауап бере отырып, «кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілікке қатысты жеке мәліметтердің құпиялығы заң талаптарына сай қатаң сақталады. Ата-анасының келісімінсіз жеке деректер жария етілмейді» деп ескерту жасап барып, мәлімет ұсынды. 

Жалпы мәліметке сүйенсек, 2024 жылы 15–16 жас аралығында төрт жағдай тіркелген. 2025 жылы 16 жастағы екі оқушыға қатысты ерте жүктілік фактісі анықталып, олардың білім алуын жалғастыруы үшін кешкі мектепке ауыстырылған. Ал биылғы оқу жылында ерте жүктілік дерегі әзірге тіркелмеген. 

Кешкі мектепке ауыстыру мұндай жағдайларда әлі де стандартты тәжірибе болып отыр.

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық

Білім басқармасының мәліметке сәйкес, профилактикалық есепке алу шаралары аясында 2024 жылы 50, ал 2025 жылы 37 оқушы полиция департаментінің ішкі есебіне алынған. Олардың басым бөлігі – ұсақ құқықбұзушылықтар. 

- Білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі түсіндіру және тәрбиелік жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді, - дейді Дүйсекенова. 

Сонымен қатар қаңғыбастық белгісі бойынша бір отбасы анықталып, мәселе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысында қаралған. Қазіргі уақытта аталған отбасыға қатысты профилактикалық шаралар жүргізіліп, жағдай полиция департаментінің бақылауында екені хабарланды.

Статистика тыныш, қоғам — алаңдаулы

Ресми деректер бірқатар бірқатар көрсеткіштердің тұрақтанғанын аңғартқанымен, қоғамдағы пікірталастар бәсеңдеген жоқ. Мектеп формасы төңірегіндегі таластар, ерте жүктілік жағдайлары және жасөспірімдерге қатысты хаттамалар мектептің тек білім беру орны ғана емес, күрделі әлеуметтік процестердің кеңістігі екенін айқындайды.

Есептерде бәрі сандар мен пайыздар түрінде берілгенімен, шынайы өмірде әрбір оқиғаның артында жеке тағдыр, нақты бала, отбасы және қақтығыс тұр. Сондықтан білім беру ұйымдары, ата-аналар және оқушылар арасындағы байланыс үзілмей, сенімге негізделіп, ешкімді алаламайтын, жік-жікке бөлмейтін, әділ қарым-қатынас орнатқаны маңызды.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 12:11

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:227
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 13:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see133

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see129

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see128

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see120

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see117

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see116

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see115

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see114

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see113

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see113

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see113

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see113

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see113

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see112

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see112

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see112

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see111

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see111

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see110

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары