Атырау облысы өз өнімдерін Астанаға жеткізеді
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астанада 19-20 қыркүйек күндері өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің сериясы басталады. Алғашқы болып Қызылорда және Атырау облыстары өз өнімдерін ұсынады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, азық-түлік және басқа да тауарларды отандық өндірушілер мен фермерлерден тікелей сатып ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтеді. Мекенжайы: Қарқаралы жолы, 1.
Жәрмеңке өтетін жерге №18, 37 және 303 автобустармен баруға болады.
Өңірлік жәрмеңкелер Астанада 25 қазанға дейін әр демалыс сайын ұйымдастырылады:
26-27 қыркүйекте Абай, Алматы және Маңғыстау облыстарының өнімдері ұсынылады. 3-4 қазанда – Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары, 10-11 қазанда – Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары, 17-18 қазанда – Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстары, 24-25 қазанда Қарағанды және Қостанай облыстары өз өнімдерін жәрмеңкеге шығарады.Кеше, 10:42
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 02:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















