Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Атырауда 150 ден астам үлескер баспанасына қол жеткізе алмай жүр

Атырауда 150 ден астам үлескер баспанасына қол жеткізе алмай жүр

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл қос кешеннің құрылысына «Arkantor» ЖШС жауапты. Компанияның үлескер тартуға рұқсаты жоқ. Олар азаматтарға құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтаймыз деп уәде еткен. Алайда күні бүгінге қос кешеннің құрылысы тоқтап тұр.

«Сұлтан Бейбарыс» кешені 98 пәтерден тұрады.Оның 79-ы сатылған. Жоспар бойынша 2024 жылдың төртінші тоқсанында халық игілігіне пайдалануға берілу тиіс еді.

Мұндағы әр шаршы метр алғашында 300 мың теңге көлемінде бағаланған. Үлескерлер жақсы жарнаманы көріп, қаржы құйған.

— 74 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтер аламын деп 2024 жылы үй бағасының 50 пайызын төледім. 4 балам бар. Жалғызбасты анамын. Өзім тұрып жатқан үйімді сатып, жаңа үй алуды жоспарлаған едім. Кешен құрылысының аяқталар түрі жоқ. Қазір пәтер жалдап жүрмін. Құрылыс компаниясы әне аяқтаймыз, міне аяқтаймыз деп уәдеге тойдырды, — деді үлескер Райхан Нұрланқызы.

Айтуларынша, бұл компания осыған дейін түрлі мемлекеттік мекеменің құрылысын жүргізген. Репутациясы жақсы болғандықтан ақша салған.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

— Біз сөйлескен сарапшылар «Сұлтан Бейбарыс» тұрғын үй кешенінің құрылысына шамамен 1 млрд теңгедей қаржы кеткен деп бағалады. Ал үлескерлерден жиналған қаржы 2 млрд теңгеден асады. Бізге ақшаның қайда кетіп жатқаны жөнінде есеп беріп жатқан ешкім жоқ, — дейді тағы бір үлескер Рүстем Жолдыбаев.

Ал «Әлия» тұрғын үй кешені бойынша 80-нен астам салымшы бар. Кешен жоспар бойынша 6 блоктан тұруы тиіс. Яғни, 396 пәтер болуы қажет. Бүгінде оның 64-і сатылған. Қазір тек бір үй салынған. Онда да құрылысы толықтай аяқталмай, 8 қабат ғана көтерілген.

— 2021 жылы «Әлия» тұрғын үй кешенінен пәтер алу үшін 12 млн теңге төледім. Қазіргі уақытта үйдің құрылысы тоқтап тұр. Әкімдіктен үйдің құрылысын аяқтау үшін инвестор тауып беруін сұраймыз. Бұл мәселе шешілмесе салған ақшамыз қайтарылсын, — дейді үлескер Әсет Сырым.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Мәселенің мән-жайы шенеуніктерге жақсы таныс. Осыған дейін бірнеше рет кездесу өткен. Бірақ бұл тақырыпқа нүкте қойылмаған.

Қазір қала билігі тұрғындардың арасынан белсенді топ құрып, мердігерді сотқа беру керек деп отыр. Жергілікті қазынадан бұл үйдің құрылысын аяқтауға қаржы бөлінбейді дейді шаһар басшысы Шәкір Кейкин.

— Осы тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтауға ниетті үміткер әлі табылмады. Яғни, басқа мердігер іздеп жатырмыз. Осындай жағдайлар бұған дейін де кездескен. Кешен құрылысын басқа мердігер қолына алса пәтер бағасы қымбаттауы мүмкін, — деді Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин.

Салымшыларды сандалтып қойған құрылыс компаниясы болса қаржылық жағдайымыз мүшкіл, банкрот болудың аз-ақ алдында тұрмыз дейді. Жарты жылдан бері мекеменің есепшоттары бұғаттаулы. Өйткені, кей мекемелерге төлемді уақытылы жасамаған.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Ал құрылыстың толық аяқталмауын алғашында жасалған экономикалық есептің қате болуымен байланыстырады.

— 2022-2025 жыл аралығындағы инфляция дұрыс болжанбады. Сондықтан қаржылық жағдайымыз құрылысты аяқтауға мүмкіндік бермейді. Әу бастағы жоспар бойынша «Сұлтан Бейбарысқа» 2,5 млрд теңге керек болды. Ал қазір бұл қаржы 3 млрдтан асып кетті. Бұл үйдің құрылысы 65 пайызға бітіп тұр. Үлескерлерден түскен ақша құрылысқа жұмсалды. Ал біздің компания атынан 500 млндай ақша кетті. Тұрғындардан «Әлия» кешені бойынша 800 млн, «Сұлтан Бейбарыс» бойынша 1,7 млрд теңге жиналды. Бұл мәселе өткен жылдың тамызында басталды. Банкроттан шығару үшін оңалту шараларын қабылдаймыз. Яғни, мемлекеттік жобаларды іске асыру үшін тендерлерге қатысып көреміз. Тендерді ұтқан жағдайда құрылысты өзіміз жалғастыра беруіміз мүмкін, — деді құрылыс компаниясының директоры Болатбек Тәжіғұл.

Үлескерлердің базынасын тыңдаған топтың қатарында прокуратура өкілдері де болды. Олар азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз деп отыр. Яғни, мәселе сот арқылы шешілмек.

Құрылыс компаниясына осыған дейін үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін бірнеше рет айыппұл салынған. Ал облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Нариман Биғали тұрғындар тарапынан ешқандай арыз түспегендіктен тексеріс болмады деп отыр.

Айта кетейік, тұрғын үй кешенінің бірі — Жайық өзенінің орталықтағы жағалауында, екіншісі «Нұрсая» ықшамауданында орналасқан.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Бұған дейін Атырау әкімдігі «Талқайраң-2» ықшамауданында апатты деп танылған 14 үйдің мәселесін шешу үшін демеуші іздеп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 17:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары